Филиалды таңдаңыз:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалғыз акционері болып табылады.
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева Қызылорда облысына жасаған іссапары барысында 2017 жылғы 5 маусымда Сырдария ауданының Тереңөзек ауылында орналасқан дербес қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесіп, жұмыс отырысын өткізді. Бұл елді мекен Қызылорда қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан. Аудан халқының саны 39,8 мың адамнан асады. Бұл ретте 8,2 мыңнан астам адам Тереңөзек ауылында өмір сүреді.
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева Қызылорда облысына жасаған іссапары барысында 2017 жылғы 5 маусымда Қордың Қызылорда облыстық филиалы ғимаратында жергілікті тұрғындармен және журналистермен кездесті.
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваның республика өңірлеріне іссапары жалғасуда. 2017 жылғы 5 маусымда Қызылорда қаласында ол Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесті.
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваның республика өңірлеріне іссапары жалғасуда. 2017 жылғы 30 мамырда ол Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевпен кездесті.
2017 жылғы 29 мамырда Шымкент қаласында «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесті.
Сәрсенбі күні, 24 мамырда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің (ҚК) төртінші отырысы болып өтті.
Отырысты Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Алевтина Донских ашты. Ол өз сөзінде соңғы үш ай ішінде Қоғамдық кеңестің қандай шараларды жүзеге асырғаны, қандай сұрақтар көтеріліп, қандай шешімдер қабылданғаны туралы қысқаша баяндама жасады.
2017 жылдың 24 мамырында БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңестің төртінші отырысы болып өтті. Күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі – Кеңестің төрағасын тағайындау болды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ/Қор) ақпараттық арналарына жиі келіп түсетін сұрақтардың бірі – шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу (ТТК).
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес
Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Осы моделге сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабы негізінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) жеке зейнетақы шотында жатқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі есептеледі.
2017 жылдың 4 айы ішінде зейнетақы жинақтарының таза инвестициялық табысы 92,2 млрд теңгені құрады.
2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,93 трлн. теңге болды және өткен жылмен салыстырғанда (2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 6,69 трлн теңге болған) 240 млрд теңгеге өсті.
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының бетінде Рахым Ошақбаевтың Facebook желісіндегі парақшасындағы ақпаратына сілтеме жасала отырып жарияланған еңбекақы төлеуге бағытталған шығындардың өсіп жатқандығы туралы деректер шындыққа жанаспайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында депутат Е. Никитинскаяға сілтеме жасала отырып жарияланған ақпаратта БЖЗҚ-ның өз табыстарын қасақана асырып көрсеткендігі және компания топ-менеджерлерінің «30 миллиард теңге мөлшерінде қомақты өтемақы» алғандығы көрсетілген. Бұл шындыққа мүлдем жанаспайды. Сондай-ақ, зейнетақы активтерін басқару бойынша қаржы есептілігі қате түсіндірілген. Соның негізінде зейнетақы активтері түсініксіз қағидалар бойынша басқарылып жатыр-мыс деген мәлімдеме жасалып отыр.
2017 жылдың 1-ші тоқсанында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы портфелінің оң табысы 145,36 млрд. теңгені құрады. Ол бағалы қағаздар, салымдар және «Кері РЕПО» операциялары бойынша түскен сыйақылардан қалыптасты.
БЖЗҚ-нда 2016 жылғы зейнетақы және өзіндік активтері бойынша қаржылық есептілігіне сыртқы аудит жүргізілді. Тәуелсіз аудиторлық компанияның қорытындысына сәйкес, зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептілік қолданыстағы барлық аспекттерде «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу мен ашып көрсету» қаржылық есептілік стандартына сәйкестікті расталған. Бұл зейнетақы актвитерінің сақталуын, олардың есебінің дұрыстығын, зейнетақы активтері инвестицияланған қаржылық құралдардың әділ құнын бағалау дұрыстығын дәлелдейді.
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңестің үшінші отырысы болып өтті. Отырыс барысында Қоғамдық Кеңестің екі жұмыс тобы өздерінің атқарған жұмыстары жайында әңгімелеп, Кеңестің алдағы атқарар қызметіне шолу жасады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында «Басқарма төрайымының блогы» жаңа сервисі іске қосылды. Енді кез келген қазақстандық азамат Қордың бірінші басшысына Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметіне қатысты тікелей сұрақ қоя алады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Telegram-да өзінің ресми ақпараттық арнасын іске қосты. Енді қазақстандықтарға зйейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі жайлы жаңалықтарды қарау оңай бола түседі.
2017 жылғы 31 наурыз - жұма күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (Зейнетақы қоры) барлық филиалдарында «Зейнетақы жүйесі қалай құрылды» деген тақырыпта ашық есік күні өтті.