БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАЛАРЫ
03.09.2020
БЖЗҚ көрсететін онлайн қызметтердің танымалдылығы 15,2 пайызға өсті
Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қоры 2020 жылдың 1 тамызына
қарай өз салымшыларына 10,7 миллион қызмет көрсетті.
Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай
мен коронавирус
індеті (COVID-19) белең алған тұста қауіпті вирустың таралуына жол бермеу,
қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар
шектеу шаралары қабылданды.
Атап айтқанда, БЖЗҚ өз салымшыларына қызметтерді толық көлемде ұсынуды жалғастырды.
Өткен жылмен салыстырғанда, көрсетілген қызметтердің шамалы өсуі байқалды.
Мәселен, 2020 жылы Қор салымшылары 2019 жылға қарағанда 106 мың қызметті
көбірек алды.
Жүктеу
Тізімге оралу