Филиалды таңдаңыз:
Мамыр айының басында Эстония астанасы Таллинн қаласында Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) Good Practice Award for Europe 2022 марапатын алуға арналған байқау қорытындысы жарияланды. «Озық тәжірибесі үшін ХӘҚҚ марапаты – бұл әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің жұмыс әдістерін жақсартудағы қажырлы еңбегі мен жетістіктері үшін берілетін құрметті мадақ. Сыйлық ХӘҚҚ-ға мүше ұйымдардың әлеуметтік қамсыздандыруды басқару саласындағы озық тәжірибесін мойындап, әрі мекемелерге өзінің өзекті әкімшілік бастамалары мен инновациялық шешімдерін жаһандық аудиторияға ұсынуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, 2008 жылы іске қосылған сәттен бастап озық тәжірибе үшін марапатқа 1,200-ден астам өтінім келіп түсті, бұл өтінімдер барлық аймақтағы мүше ұйымдардың операциялық және әкімшілік жетістіктерінің ауқымын көрсетті», - деп атап өтті қауымдастық өкілдері.
Жүктеу