Филиалды таңдаңыз:
2023 жылғы 1 тамызға арналған зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері.
enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ-ның зейнетақы активтерін басқару туралы есептері ұсынылды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 16 375,9 млрд теңге болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 16 366,61 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,29 млрд теңге.
Жүктеу