Филиалды таңдаңыз:
БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында отандық зейнетақы жүйесінің 25-жылдығы қарсаңындағы эксклюзивті сұхбат.
Қазақстандық зейнетақы жүйесінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған сұхбаттар топтамасының жалғасы ретінде зейнетақы жүйесін реформалаудың қайнар көзінде тұрған және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеп, іске асыруға қатысқан Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Леонидовна Бахмутовамен әсерлі әңгіме өтті. Ол БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына берген сұхбатында ортақ зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшудің ерекшеліктері мен қиындықтары, азаматтар мен мемлекет арасында жауапкершілікті бөлудің әділ теңгерімін көздейтін үш деңгейлі зейнетақы жүйесінің меншікті қазақстандық моделін құру, жинақтаушы жүйенің неліктен қаржылық тұрғыдан орнықты екендігі, оның табысты жұмыс істеуі үшін қажетті шарттар және т. б. туралы айтып берді.
Жүктеу