"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Филиалды таңдаңыз:
"БЖЗҚ" АҚ 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару туралы есепті enpf.kz сайтында ұсынады. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер-инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 17 364,76 млрд теңгені құрады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 17 347,35 млрд теңге болды. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 17,41 млрд теңге.
Жүктеу