Филиалды таңдаңыз:
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберінде Қазақстанда жарналардың мынадай түрлері жүзеге асырылады: міндетті (жұмыс беруші ай сайын аударатын жұмыскердің жалақысының 10%), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс беруші өз бюджетінен төлейтін зиянды және қауіпті кәсіптер жұмыскерлерінің кірістерінің 5%), сондай-ақ, 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 1975 жылы және одан кейін туған барлық жұмысшылар үшін (2024 жылы 1,5% - дан, 2028 жылы біртіндеп 5% - ға дейін). Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бар. Жеке тұлға өзі үшін және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар – өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат сала алады. Бұл жарналардың осы түрінің артықшылықтарының бірі.
Жүктеу