БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАЛАРЫ
19.12.2024
«БЖЗҚ» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы сайланды
«БЖЗҚ» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті 28 отырысында Кеңес төрағасы мен оның орынбасарын кезекті сайлау өтті. Қоғамдық кеңестің төрағасы болып бірауыздан қазақстандық заңгер Евгений Сейпульник сайланды. Төраға орынбасарлығына белгілі журналист, «Forbes» журналының шолушысы Татьяна Батищева ұсынылды. Айта кетейік, Е. Сейпульник Кеңесті 2017 жылдан 2020 жылға дейін, яғни БЖЗҚ жанындағы осы кеңестік-мәжілістік органның қалыптасуы орын алған кезде басқарған еді.
Жүктеу
Тізімге оралу