Филиалды таңдаңыз:
11 тамызда ГНПФ жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихында зейнетақы активтерін дербес басқару лицензиясын бірінші болып алды.
Қордың Қазақстан өңірлеріндегі өкілдіктер желісі белсене қалыптасып, дами бастады.
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихында алғашқы зейнетақы жарнасы төленді
ГНПФ «Жалпыға ортақ қор» тәртібінде қызмет атқарды. Егер жұмыскер таңдау жасамаған және басқа зейнетақы қорымен шарт жасамаған болса, жұмыс беруші міндетті зейнетақы жарналарын ГНПФ-ке аударатын болған.12 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау туралы тұжырымдамасы әзірленді және қабылданды. Онда «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ құру көзделген.
20 маусымда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы күшіне енді.
24 қыркүйекте «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» ҚР қаулысы шықты.