"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

25.11.2024

Отандастарымыздың зейнетақы активтерінің 10 айдағы өсімі 3,7 трлн теңгеден асты

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы активтері 21,6 трлн теңге болды. 10 ай ішінде 3,7 трлн теңгеден аса мөлшерге (20,8% жетті) өсті. Зейнетақы активтерінің жылдық өсімі – шамамен 4,4 трлн теңге (немесе 25,3%).

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2024 жылдың 01 қарашасына 20,7 трлн теңгеден асты (бір жылдағы өсім – 24,5%, жыл басынан бері - 19,9%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – шамамен 633,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 15,3% ағымдағы жылдың басынан бергі өсім – 11,5%. Ең үлкен өсімді (бір жылға – 47,3%, жыл басынан бері - 39,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 7,3 млрд теңгеден асады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 10 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 194,9 млрд теңгеден асты.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кірістер есебінен ұлғаяды. 2024 жылдың 10 айындағы салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары 2,2 трлн теңгеден асты (өсім өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 29,7% немесе 514,6 млрд теңгеге артық).

Жарналардың барлық түрлері оң сипатты көрсетті: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.11.2024 жылға дейін шамамен 2 трлн теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1% артық) түсті, МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға 94,5 млрд теңге (өсім 19,8%), ЕЗЖ – 2,6 млрд теңге (өсім 38,0%) жиналды.

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.11.2024 ж. шамамен 2,4 трлн теңге. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 1,1 трлн теңгеге (немесе 92,8%) артық. 

Төлемдер мен аударымдар

2024 жылдың 10 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 990 млрд теңге болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 2 есеге жуық мөлшерге көп.

429,1 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 171,6 млрд аса теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 39,8% жоғары.

Сондай-ақ, жыл басынан бергі 10 ай ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 50,3 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 33,9 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 2,5 млрд теңгеден аса, жерлеуге төлемдер – шамамен 8,4 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 294,1 млрд теңгеден астам сома аударылды.

Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем - 33 865 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 945 752 теңге болды. 

ЖЗШ саны

2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 16,9 млн бірлік (шоттар саны жыл басынан бері 4,6 млн аса бірлікке немесе 37,5%-ға, бір жылда – 37,9%-ға өсті). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2024 жылдың 1 қарашасына шамамен 12,5 млн бірлікке тең. Оның ішінде: 11,1 млн - МЗЖ бойынша, 705,8 мың - МКЗЖ бойынша, шамамен 433,5 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖМЗЖ ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - шамамен 4,5 млн бірлік. 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.


Просмотров 1021

Тізімге оралу