"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

04.12.2024

Халықтың қаржылық сауаты мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, соның ішінде «БЖЗҚ» АҚ-ға деген сенімі артып келеді

«Стратегиялық зерттеулер орталығы» жыл сайын өткізетін тәуелсіз әлеуметтану зерттеуінің қорытындысы бойынша халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласы бойынша қаржылық сауаттылығының және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, сондай-ақ «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ға (БЖЗҚ, Қор) сенім деңгейі өткен жылмен салыстырғанда біршама өскені анықталды. 

Зерттеу барысында Қазақстанның 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласының қала және ауылдық тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді.

Барлығы 3000 респонденттен жауап алынды: оның ішінде 1 465 ер адам, 1 535 әйел адам бар. Әлеуметтік мәртебесі бойынша былай бөлінді: жалдамалы жұмысшылар 2040 (68,00%), өзін – өзі жұмыспен қамтығандар - 819 (27,29%) және жұмыссыздар 141 (4,71%).

Зерттеу сауалнамасының негізгі блогы Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын анықтауға, сондай-ақ Қазақстанның зейнетақы жүйесіне және БЖЗҚ-ға сенім дәрежесін айқындауға бағытталған 25 сұрақтан құралған.

Зейнетақымен қамсыздандыру саласы бойынша қаржылық сауаттылық екі деңгей бойынша талданды: базалық және озық. 

Базалық деңгей

Респонденттердің қаржылық сауаттылықтың осы деңгейіндегі сауалнамасының нәтижесі - 73,8%, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (71,5%) асып түсті. Қаржылық сауаттылықтың базалық деңгейі сұрақтарының бір бөлігі халықтың БЖЗҚ-дан берілетін төлемдердің негізгі түрлері, мөлшері мен қалыптастыру көздері саласындағы білімін айқындауға бағытталған. 

Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің түрлері туралы білімді тексеру кезінде 1 798 респондент (59,93%) барлық қазақстандықтарға кепілдік берілген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, еңбек өтілі бойынша мемлекеттік еңбек (ортақ) зейнетақысы, сондай-ақ қызметкердің БЖЗҚ-дағы міндетті (МЗЖ), міндетті кәсіптік (МКЗЖ), ерікті (ЕЗЖ) зейнетақы жарналарынан қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері туралы хабардар екендігі анықталды. 

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу әдістері туралы сұраққа бірнеше жауап нұсқаларын таңдау мүмкіндігі берілді. Сауалнама нәтижесінде респонденттердің 98,2% (2946 адам) өздерінің зейнетақы шотының жай-күйі туралы (БЖЗҚ-ға, ХҚКО-ға, электрондық үкімет порталы арқылы жеке өтініш, БЖЗҚ ұялы қосымшасында, БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте, электрондық немесе почта мекенжайы бойынша қашықтықтан өтініш беру) білуге болатын әдіс түрлері туралы өздерінің хабардарлығын көрсетті. 

1 429 адам (47,63%) "БЖЗҚ" АҚ-ның салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын жинау, зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу, сондай-ақ зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру сияқты қызметтерін дұрыс айқындай алады. 

Бірнеше жауап нұсқалары бар "БЖЗҚ-ға аударылатын зейнетақы жарналарының қандай түрлерін білесіз?" деген сұраққа 2 391 респондент (79,70%) 10% мөлшеріндегі МЗЖ деңгейін дұрыс анықтады. МКЗЖ мөлшерлемесі 5% екенін 174 респондент дұрыс анықтады (5,80%). 

1,5% мөлшеріндегі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) мөлшерлемесі туралы биылғы жылы 94 адам (3,13%) хабардар екендігін көрсетті. ЕЗЖ мөлшерлемесін салымшы дербес айқындайды, сондықтан респонденттердің қаржылық сауаттылық деңгейін айқындау кезінде ЕЗЖ туралы сұрақ есепке алынбады. 

Ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасына қатысты сұраққа респонденттердің басым бөлігі - 2 512 респондент немесе 83,73% дұрыс жауап берді (ерлер 63 жаста, әйелдер 2024 жылы - 61 жаста).

Озық деңгей.

Қаржылық сауаттылық саласындағы неғұрлым озық білім деңгейін анықтау үшін 8 сұрақ құрастырылды. Мұнда өз пікіріңізді көрсету мүмкіндігі жоқ және жауаптар біржақты. Халықтың зейнетақы жүйесі туралы хабардар болуының озық деңгейі білімінің жалпы коэффициенті - 45,2%, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (41,3%) жоғары. 

"Зейнетақы активтерін инвестициялық кіріс алу үшін инвестициялауды кім жүзеге асырады?" деген сұраққа Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және/немесе салымшының таңдауы бойынша инвестициялық портфельді басқарушылар деп көрсеткен 1849 респондент (61,63%) дұрыс жауап берген. 

"Зейнетақы жинақтарына инвестициялық кіріс қалай есептеледі?" деген сауалға 746 респондент (24,87%) инвестициялық кіріс мөлшері бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақыға, бағалы қағаздардың нарықтық құнының өзгеруіне және шетел валюталарының бағамдарына байланысты өзгереді деп дұрыс жауап берген. Бұл ретте инвестициялық кіріс қор нарығындағы жағдайға байланысты оң да, теріс те болуы мүмкін деген түсінік бар. 

1 629 респондент (54,30%) зейнетақы жинақтары әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланатынын және инвестициялық кіріс арқылы көбейетінін біледі немесе олар біліп қана қоймай, алынған инвестициялық кірісті үнемі қадағалап отырады. 

1809 респондент (60,3%) зейнет жасына жеткенге дейін міндетті зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі мен шарттары туралы (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделуге ақы төлеу мақсатында; сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу; егер мерзімсіз уақытқа белгіленген болса, I және II топтағы мүгедектік кезінде; егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға) хабардар болып шықты. 

"Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін аударуға кімнің құқығы бар?" деген сұраққа 858 респондент (28,60%) дұрыс жауап берді: зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін аударуға 45 жасқа толған салымшылар зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда құқылы.

1131 респондент (37,7%) жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі салық салу туралы сауалнама шеңберінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы салынатынын дұрыс атап өтті. 

Зейнетақы жинақтарына мемлекеттік кепілдік туралы дұрыс жауап нұсқасын таңдаған 1 474 респондент (49,13%) өз білім деңгейлерін көрсетті, мемлекеттің зейнетақы жарналарының сақталу кепілдігі зейнетақы жарналарының міндетті түрлеріне ғана қолданылады. 

Сенім деңгейі.

Зерттеу көрсеткендей, халықтың Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейінің орташа көрсеткіші 5,92 балл деңгейінде қалыптасты, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (5,80 балл) асып түсті.

Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде зейнетақы жүйесіне Солтүстік Қазақстан (7,70 балл), Ақмола (6,75 балл), Қарағанды (6,69 балл) және Батыс Қазақстан (6,59 балл) облыстарының респонденттері барынша сенім білдірді.

Респонденттердің БЖЗҚ-ға деген орташа сенім деңгейін анықтауға бағытталған сауалнама БЖЗҚ-ға деген орташа сенім деңгейі 6,04 балл екенін көрсетті, бұл да өткен жылғы көрсеткіштен (5,80 балл) жоғары. 

Жалпы, халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, халықтың көп бөлігі зейнетақымен қамсыздандыру саласында базалық білімге ие. Зерттеу нәтижелерін назарға ала отырып, БЖЗҚ халықтың Қорға және тұтастай зейнетақы жүйесіне деген сенімін одан әрі нығайту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысын одан әрі жалғастырады. Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша есептің толық мәтіні БЖЗҚ сайтында жарияланған.


Просмотров 1563

Тізімге оралу