Филиалды таңдаңыз:
Болашағыңыз жайында ойлағанда өміріңізге ықпал ететін зейнетақы жүйесінде түсіну маңызды. Зейнетақы – бұл сіз лайықты демалысқа шыққаннан кейін немесе еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан жағдайда алатын ақшалай қолдау. Қазақстанның зейнетақы жүйесінің барлық қыр-сырын біле отырып, өз қаржыңызды саналы түрде жоспарлап, болашаққа дайындала аласыз.
Алдымен, зейнетақы екі жерден төленетінін атап өту керек:
➤ мемлекеттік бюджеттен,
➤ БЖЗҚ-дан, егер адам жарналар салса және жинақтары болса.
Базалық зейнетақы жалпы белгіленген зейнет жасындағы барлық азаматтарға мемлекеттік бюджеттен төленеді. Бұл төлемнің мөлшері 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі негізінде есептеледі. Егер адам ешқашан жұмыс жасамаса және зейнетақы қорында жинақтары болмаса, онда ол қарттық кезеңде ең төменгі табыс деңгейін қамтамасыз ететін ең төменгі базалық зейнетақыны алатын болады.
Ортақ зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар азаматтарға арналған. 1998 жылға дейін еңбек өтілі көп болса, ортақ зейнетақы сомасы да соғұрлым жоғары болады.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ортақ зейнетақы біртіндеп азая беретінін түсіну маңызды. 2040 жылы зейнетке 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ адамдар шығатын болады. Бұл адамдар ортақ зейнетақы алмайды, демек жинақтаушы компонент аз болса, зейнетақының жиынтық сомасы азая береді.
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы мемлекеттік бюджеттен төленеді және әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің және арнайы еңбек өтілі бар басқа санаттағы қызметкерлерге арналған. Зейнетақы мөлшері мен талаптары жұмыс ерекшелігі мен белгіленген еңбек сіңірген жылдарға байланысты. Төлемдерде мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
Жинақтаушы зейнетақы бүкіл еңбек еткен өміріңізде зейнетақы қорына салатын зейнетақы жарналары негізінде қалыптастырылады. Бұл қаражат шоттарда жинақталады және инвестицияланады. Түскен инвестициялық табыс шоттарға есептеледі және сол арқылы жинақтардың жалпы сомасы ұлғаяды. Зейнетақы жарналарын неғұрлым ерте салсаңыз, соғұрлым шотыңызда қаражат көп жинақталады. Бұл сізге дәулетті қаржылық болашағыңызды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарының бірнеше түрін аударады. Қане, олардың ерекшеліктері неде екенін талқылайық.
Міндетті зейнетақы жарналары — бұл ай сайынғы табысыңыздан ұсталатын және зейнетақы шотыңызға аударылатын ай сайынғы табысыңыздың 10%-ы. Ол жұмыс жасайтын азаматтардың барлығына міндетті.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ)
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге арналған. Жұмыс беруші қызметкерлердің табысының 5%-ын олардың зейнетақы шоттарына аударады, яғни бұл жарналар қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, бірақ жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен төленеді.
Ерікті зейнетақы жарналары — өз ықтиярыңыз бойынша зейнетақы капиталыңызды толтырудың қосымша тәсілі. Сіз қаражатыңызды зейнетақы шотыңызға қолайлы мөлшерде және кезеңділікпен сала аласыз. Сіз жарналарды өзіңіз үшін, өз жақындарыңыз немесе қызметкерлеріңіз үшін сала аласыз. ЕЗЖ салықтық артықшылықтары бар: жұмыс беруші қызметкер пайдасына аударған қаражат жеке тұлғаның табысы ретінде ескерілмейді, ал жұмыс берушінің қызметкер пайдасына ЕЗЖ-ға шығыстары корпоративтік табыс салығын есептеген кезде шегеріледі. Алайда, ЕЗЖ төлемі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне кірмейді және базалық зейнетақы мөлшеріне ықпал етпейді.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын жұмыс беруші БЖЗҚ-ға жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен қызметкердің зейнетақы шотына төлейді, яғни жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін ЖМЗЖ компанияның табысы есебінен аударады. ЖМЗЖ мөлшерлемесі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметкердің табысынан 1,5%-ды құрайды және 2028 жылға қарай 5%-ға дейін жыл сайын ұлғая береді.
1975 жылға дейін туған адамдар үшін ЖМЗЖ төленбейді. Зейнетақы жарналарының басқа түрлеріне қарағанда ЖМЗЖ салымшының өз (жеке) зейнетақы шотына емес, шартты зейнетақы шотына аударылады. Бұл ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары салымшының меншігі емес, ол тек ортақ жүйенің баламасы түрінде ғана қолданылады дегенді білдіреді. ЖМЗЖ өмір бойына төленеді және бұл оның артықшылығы, ал басқа жеке жинақтар аяқталғанға дейін төленеді.