Филиалды таңдаңыз:
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) - агенттердің еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына БЖЗҚ-ға меншікті қаражаты есебінен аударған ақшасы.
МКЗЖ төлеу жөніндегі агент (агент) – Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен МКЗЖ-ны есептейтін, ұстап қалатын (есепке жазатын) және БЖЗҚ-ға аударатын жеке немесе заңды тұлға
МКЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен МКЗЖ немесе өсімпұлды аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде ашылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, БЖЗҚ-ның функцияларын іске асыру үшін қажетті, өзіне МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның азаматтығы, мәртебесі, әрекетке қабілеттілігі, қолданыстағы жеке басты куәландыратын құжатының деректемелері, Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелген орны, «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірі туралы мәліметтерді және бар болса, өзіне МКЗЖ аударылған жеке тұлға туралы өзге де мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.
БЖЗҚ ЖЗШ ашумен байланысты қызметін жүзеге асыру кезінде дербес деректерді жинау және өңдеу субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз жүргізіледі.
МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) (Шарт) – агент және өзіне МКЗЖ аударылған жеке тұлға талаптарын ұсынылған Шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдай алатын қосылу шарты.
Агент және өзіне МКЗЖ аударылған жеке тұлға МКЗЖ есепке алу үшін ашылған ЖЗШ-ға МКЗЖ немесе өсімпұл есепке жазылған күннен бастап Шартқа қосылған болып есептеледі.
Өзіне МКЗЖ аударылған жеке тұлғада БЖЗҚ-да МКЗЖ есепке алу үшін ашылған ЖЗШ болған жағдайда, МКЗЖ-ны есепке алуға арналған ЖЗШ-ны қайта ашу жүзеге асырылмайды.
Бұл ретте өзіне МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның пайдасына МКЗЖ төлеген агент МКЗЖ есепке алу үшін бұрын ашылған ЖЗШ-ға МКЗЖ есептелген күннен бастап Шартқа қосылған болып саналады.
Агенттер БЖЗҚ-ға МКЗЖ-ны Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде (Кодекс) анықталатын мөлшерлемелер бойынша төлеуі тиіс.
Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өзіне МКЗЖ аударылған жеке тұлға және агентпен жасалған шарт Шартқа қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.