Филиалды таңдаңыз:
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен агенттердің шартты зейнетақы шотына өз қаражаты есебінен аударған ақшасы.
Шартты зейнетақы шоты (ШЗШ) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ және өзге де түсімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтер ескерілетін, БЖЗҚ-да жеке тұлғаның атына ашылған шот
ЖМЗЖ төлеу жөніндегі агент (агент) – Қазақстан Республикасында қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен БЖЗҚ-ға ЖМЗЖ есептейтін, ұстап қалатын (есепке жазатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға. Сақтандыру ұйымы агент ретінде де қарастырылады.
Қызметкерлерге бірыңғай төлемді есептеу (есепке жазу), аудару жөніндегі агент ретінде Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабына сәйкес айқындалған салық агенттері қаралады.
БЖЗҚ-да ЖМЗЖ есепке алу үшін ШЗШ БЖЗҚ-ның ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен ЖМЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға агент ұсынатын жеке тұлғалардың тізімі негізінде ашылады.
БЖЗҚ-да жеке тұлғаның атына ашылған ШЗШ болған жағдайда ЖМЗЖ бұрын ашылған ШЗШ-ға аударылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, БЖЗҚ-ның функцияларын іске асыру үшін қажетті, жеке тұлғаның азаматтығы, мәртебесі, әрекетке қабілеттілігі, қолданыстағы жеке басты куәландыратын құжатының деректемелері, Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелген орны, «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірі туралы мәліметтерді және бар болса, жеке тұлға туралы өзге де мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.
ШЗШ ашқан кезде дербес деректерді жинау және өңдеу субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз жүргізіледі.
Агенттер БЖЗҚ-ға ЖМЗЖ-ны Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде (Кодекс) анықталатын мөлшерлемелер бойынша төлеуі тиіс.
Кодекстің 248-бабының 6-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, агенттер БЖЗҚ-ға өзге де ақылы жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар үшін ЖМЗЖ төлейді.
ЖМЗЖ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.