"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

31.01.2025

Ұлттық қор - балаларға: 2024 жылдың қорытындысы бойынша жас отандастарымызға қанша қаражат есептелді

2024 жылдың қорытындысы бойынша "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде 18 жасқа дейінгі (қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін барлық балаларға кезекті нысаналы талаптар есептелді. 2025 жылы 18 жасқа толатын жасөспірімдердің нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) нысаналы жинақтар есепке алынды.  

Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 921 035 бала. Оның ішінде 324 430 қатысушы 2025 жылы 18 жасқа толады. 2025 жылы есептелген бір балаға арналған нысаналы талаптардың сомасы 2024 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматы болып есептелетін балалардың саны туралы деректерге және балаларға Ұлттық қордан есептелген нысаналы талаптардың 888 794 506 АҚШ доллары мөлшеріндегі жалпы сомасы туралы ҚР Ұлттық Банкінен алынған ақпаратқа сүйене отырып есептелді.

Есепті жыл үшін барлық балаларға бірдей сома есептелді, оның мөлшері бір балаға 129 АҚШ доллары 38 центіне тең. 

2024 жылдың қорытындысы бойынша Бағдарламаға қатысушылардың санын және оларға есептелген нысаналы талаптар/жинақтар сомасын айқындау кезінде қандай да бір себептермен 2023 жылдың қорытындысы бойынша қаражатты есептеу кезінде нысаналы талаптарға қатысушылар/нысаналы жинақтарды алушылар тізіміне енгізілмеген балалардың саны да ескерілді. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алғаннан кейін нысаналы талаптарға қатысушыларға қаражат өткізіп алған кезеңдегі нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс сомасын қоса есептелді.  

Бағдарламаға қатысушылардың санын және оларға есептелген 2024 жылғы нысаналы талаптар/жинақтар сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығын 2024 жылы алған балалар, сондай-ақ 2024 жыл ішінде қайтыс болған балалар да ескерілді. Қайтыс болған балалардың нысаналы талаптары мен нысаналы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Бұл ретте 2024 жылы қайтыс болған балалардың нысаналы талаптары БЖЗҚ-дағы НЖШ-ға есепке алынды.

Сонымен қатар, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Бағдарламаға қатысушылардың санын айқындау кезінде нысаналы талаптарды/жинақтарды алу құқығынан Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты айырылған балалар немесе бұрын есепке алынған, бірақ қатысушы/алушы болуға құқығы жоқ балалар есепке алынбады. Бұл ретте осындай қатысушылардың нысаналы талаптары/ жинақтары белгіленген тәртіппен бағдарламаның басқа қатысушылары арасында бөлінді.   

Осылайша, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысушылардың санын анықтап, балаларға 2025 жылы қаражат есептеу кезінде жоғарыда аталған барлық факторлар ескерілді.

Сонымен қатар, 2006 жылы туған балаларды қоспағанда, 2024 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. 

Нәтижесінде бағдарламаға 2 (екі) жыл қатарынан қатысқан баланың нысаналы талаптары/нысаналы жинақтары 232 доллар 94 цент болды.

Сонымен қатар, 2006 жылы туған және 2024 жылы 18 жасқа толған балалардың бағдарламаға қатысу уақыты аяқталды. 2024 жылы мұндай балалардың саны 304 815 болды. Олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, БЖЗҚ-да 2024 жылы автоматты түрде ашылған НЖШ-ға түскен өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану құқығына ие болды. 01.01.2025ж. жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ шамамен 5,32 млн АҚШ долларына 53 001 өтініш орындады (18 жасқа толған ҚР азаматтары қатарындағы өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударды). Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтар АҚШ долларымен аударылады және БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында 10 жыл бойы сақталады. Егер осы мерзім ішінде азамат қаражатты пайдаланбаса, онда бұл қаржы БЖЗҚ-да оның атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Тек АҚШ долларында емес, ҚР Ұлттық Банкінің аударым жасалған күнгі ресми бағамына сай теңгемен аударылады. Жинақты ерікті зейнетақы шотынан алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

БЖЗҚ бағдарлама шеңберінде барлық нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды, сондай-ақ АҚШ долларында жинақталған инвестициялық кірісті есепке алып, Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпарат береді.

Баланың бағдарламаға қатысу дерегі және оған есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата анасы немесе басқа заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтынан тексере (баланың ЖСН бойынша) алады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысуға, нұсқаулықтар, қызықтырған сұрақтарға жауап алуға болады. Сонымен қатар, сайтта балалардың туған жылдары бойынша нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды қалыптастыру тарихы ұсынылған. Онда есептелген сомалар, инвестициялық кіріс, сондай-ақ БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына нысаналы жинақтардың (НЖ) есептелген жылы көрсетіледі.  

Ата-аналар 18 жасқа толмаған баласы бойынша жасалған есептеулер туралы деректерді eGov mobile электрондық үкіметі мен екінші деңгейдегі банктердің ұялы қосымшаларында тексере алады.

Нысаналы жинақтарды кәмелетке толған азамат enpf.kz сайтындағы, БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы, eGov mobile электрондық үкіметінің ұялы қосымшасындағы өзінің жеке кабинетінде өз бетінше тексере алады.

Нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылар, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану бойынша өңірлер бөлінісіндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.   

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы жас қазақстандықтарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе білім алу мақсатында қолдау көрсетуге бағытталған, бұл ересек өмірге қадам басуға көмек болады.  Жыл сайын балаларға бағдарламаға қатысқан әрбір жылы үшін есепті жылдан кейінгі жылдың басында Ұлттық қордан нысаналы талаптар/жинақтар түріндегі қаражат, сондай-ақ 18 жасқа толғанға дейінгі инвестициялық кіріс есептеледі. 

Тақырып бойынша бейнетүсініктеме


Просмотров 22

Тізімге оралу