"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

30.03.2016

БЖЗҚ электрондық қызмет көрсету ауқымын барынша кеңейту үстінде.

Салымшылардың БЖЗҚ-ға өтініш жасау барысын барынша жеңілдету үшін жаңа электрондық қызмет көрсету қолға алынды. Биыл БЖЗҚ-да пайдалы қызметтер көрсететін жаңа enpf24.kz сайты ашылды, ондағы Қордың салымшыларына/алушыларына «Электрондық қызмет көрсетуді» ерекше атап көрсетуге болады.

Бүгінгі таңда БЖЗҚ салымшылары/алушылары электрондық қызмет көрсетудің келесідей түрлерінің бірін таңдап ала алады:               

  • Интернет-үзінді көшірме – бұл қызмет интернет байланысы арқылы хабарлау тәсілін таңдаған БЖЗҚ-ның барлық салымшылары/алушылары үшін қолжетімді. Қызметтің басты талабы – БЖЗҚ-да бір рет тіркелген логин мен парольдің немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы.

  • Ұялы қосымша, смартфон болған және интернетке қосылған кезде кез келген уақытта кез келген жерде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алуға мүмкіндік береді. Қосымша интерфейсте қордың негізгі көрсеткіштері, филиалдар мен қызмет көрсету орталықтарының орналасқан жерлері секілді т.б. көптеген қосымша пайдалы ақпараттар мен жаңалықтар бар. Ұялы қосымшаны қолдану үшін Қордың қызмет көрсететін 236 кеңсесінің бірінде тіркелген логин мен пароль қажет.       

  • www.egov.kz порталында жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме - «Азаматтар» санатындағы «Әлеуметтік қамсыздандыру» айдарының «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде. Қызметтерді алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба мен электрондық үкімет порталында тіркелу қажет.    

  • Зейнетақы калькуляторы – ресми сайттағы бұл құрал ортақ, базалық, жинақтаушы және ерікті зейнетақыны болжаммен есептеуге арналған. Есеп шамамен жасалады, себебі ол инфляцияның өсуіне, инвестициялық кірістілікке, жалақының өсуіне қарай жасалған болжамдарға негізделеді. Есеп нәтижесі үш нұсқада, яғни инвестициялық кірістілік бойынша түрлі болжамдармен ерекшеленетін оптимистік, реалистік және пессимистік деп аталатын сценарийлер бойынша беріледі.    

  • Кері байланыс – ресми сайтта белгілі бір тақырып аясында өтініш жіберуге мүмкіндік беретін қызмет. Салымшының/алушының сұранысы деректерімен бірге кері байланыс секторына келіп түседі және қысқа мерзімде өңделіп, көрсетілген электрондық мекенжайға толық жауап жіберіледі.

  • Онлайн-кеңес беруші – біздің мамандарымызбен чат арқылы сөйлесетін жаңа қызмет. Қандай да бір сұрақтар туындаған кезде «онлайн-кеңес беруші» чатындағы терезеге өтініш жазса болғаны, оған біздің мамандарымыз дереу жауап береді. 

  • Онлайн қоңыару – қызмет көрсетудің осы жаңа түрі арқылы кез келген салымшы/алушы микрофоны мен құлаққабы болса, Қордың маманына бейнеқоңырау соғып,  қажетті кеңестер алатын болады. Егер компьютерде микрофон не құлаққап болмаса салымшы/алушы кері телефон қоңырауына тапсырыс бере алады.

Жаңа онлайн қызметтерімен қатар 8 800 080 1177 тегін нөмірі бойынша Байланыс орталығының да жұмыс істейтіні туралы ескертеміз.

Жаңа ресурс пайдаланушылардың Интернет арқылы өздеріне ыңғайлы уақытта қызметтердің кез келген түріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда салымшылардың/алушылардың  БЖЗҚ-ға баруы міндетті емес. Сондай-ақ, биыл электрондық қызмет көрсету мүмкіндігі кеңінен таралатын болады, себебі біздің мамандарымыз жаңа, үнемді әрі қолайлы онлайн-қызметтерді ендіру жұмысын жалғастырып жатыр.   

Таяу уақытта мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсететін «мобильдік кеңсені» шақыратын онлайн қызмет көрсету жоспарланып отыр.


Просмотров 9343

Тізімге оралу