Филиалды таңдаңыз:
27.09.2016
Шамамен 2,4 миллионға жуық адам хабарлаудың электрондық тәсілін таңдаған, оның 2,2 миллионы зейнетақы шотын Қордың корпоративтік сайты немесе әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы бақылай алады. 2016 жылғы 1 қыркүйекте ұялы қосымшаларды жүктеу саны 311,8 мыңға жетті.
2015 жылдың ақпан айында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерілген) беру» қызметін іске қосқан сәттен бастап 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 323 мыңнан астам үзінді көшірме берілген.
Салымшылар (алушылар) барлық қызықтыратын мәселелер бойынша БЖЗҚ-ның дербес қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, қашықтан: телефон, әлеуметтік желілер, «кері байланыс» нысаны және Қордың корпоративтік сайтындағы онлайн чат арқылы кеңес ала алады. Осы арналар бойынша Қорға жыл басынан бері барлығы 90 037 өтініш келіп түсті, байланыс орталығына қоңырау шалу 86,5% болды. БЖЗҚ қызмет көрсету сапасын жақсарту аясында салымшылар (алушылар) үшін байланыс орталығына 1418 қысқа нөмірі арқылы қоңырау шалу қызметін қолданысқа енгізгенін естеріңізге сала кетейік. Осы нөмірге ҚР кез келген ұялы байланыс операторының телефон нөмірінен және стационарлық (қалалық) телефоннан қоңырау шалу тегін әрі қолжетімді.