06.01.2021
БЖЗҚ байланыс орталығының 7.01.2021 ж. жұмыс тәртібі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылғы 7 қаңтарда байланыс орталығының сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлайды.
06.01.2021
7 қаңтар күні БЖЗҚ бөлімшелері қалыпты күн тәртібінде жұмыс істейді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ертең, яғни 7 қаңтар күні Қордың барлық бөлімшелері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін толық жұмыс істейтінін хабарлайды.
06.01.2021
БЖЗҚ-ның Жеке кабинетінде қалай тіркелуге болады?
БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинет пен ұялы қосымшаға мынадай тәсілдер арқылы тіркелуге болады
05.01.2021
Қордың сайтында техникалық жұмыстар жүргізілуде
Сайтқа түскен сұраныстар санының көп болуына байланысты кейбір қызметтер қолжетімсіз болуы мүмкін.
31.12.2020
Қордың корпоративтік сайтында, ұялы қосымшасында және Жеке кабинетте техникалық жұмыстар жүргізіледі
2021 жылдың 2 қаңтарынан 4 қаңтары аралығында Қордың корпоративтік сайтында, ұялы қосымшасында және Жеке кабинетте техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы себепті кейбір қызметтер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Уақытша ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
30.12.2020
БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай пайдалана алады?
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емдеу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын алады.
29.12.2020
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Ерлан Бурабаев сайланды
Эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық індетке (COVID-19) байланысты БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің он бесінші отырысы онлайн-форматта өтті.
29.12.2020
Ағымдағы жылы БЖЗҚ 17,4 миллионнан аса қызмет көрсетті
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 11 айы ішінде өз салымшыларына 17,4 миллион қызмет көрсетті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус індетіне (COVID-19) байланысты ағымдағы жылы қабылданған бірқатар шектеу шараларына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 10,9% немесе 1,7 млн. бірлікке артты.
28.12.2020
Карантин кезіндегі БЖЗҚ байланыс орталығының жұмыс тәртібі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры карантин жағдайында халықтың және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «БЖЗҚ» АҚ 2021 жылғы 01 қаңтардан 31 қаңтарға дейін «БЖЗҚ» АҚ байланыс орталығының жұмыс кестесі төмендегідей болатыны туралы хабарлайды
22.12.2020
Биылғы жылы БЖЗҚ салымшыларына 172 миллиард теңгеден аса қаржы төленді
2020 жылдың 1 желтоқсанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 342 720 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 172,1 миллиард теңгеге 2,1 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.
21.12.2020
Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 2 триллион теңгеге жуық сомаға артты
2020 жылдың 1 желтоқсанында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,7 триллион теңге сомасында зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Ағымдағы жылдың басынан бері, яғни 01.01.2020 жылдан бастап 01.12.2020 жылға дейін сома 1,9 трлн теңгеге немесе 18%-ға артты.
10.12.2020
БЖЗҚ филиалдары желтоқсанда қалай жұмыс істейді?
Желтоқсан айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 171 қызмет көрсету кеңсесі барлық санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша күндізгі қызмет көрсету режимінде жұмысын жалғастыруда.
03.12.2020
«БЖЗҚ» АҚ-ның комиссиялық сыйақысы 2021 жылы қаншалықты төмендейді?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, жыл сайын комиссиялық сыйақыны төмендету және Қордың шығыстарын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізеді.
30.11.2020
«БЖЗҚ» АҚ-ның 2021 жылға арналған комиссиялық сыйақысы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес комиссиялық сыйақының шекті шамасы инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан және зейнетақы активтерінің айына 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
27.11.2020
Болашақ салымшыларға арналған «Ашық есік күні»
«Ашық есік күні» - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшін дәстүрлі іс-шараға айналды. Алайда коронавирус індетіне (Covid-19) байланысты салымшылармен кездесуді Қор филиалдарында күндізгі форматта өткізу мүмкін емес болғандықтан БЖЗҚ қызметкерлері оны биыл екінші рет виртуалды кеңістікке көшірді.
27.11.2020
Карантин кезіндегі БЖЗҚ байланыс орталығының жұмыс тәртібі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры карантин жағдайында халықтың және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «БЖЗҚ» АҚ 2020 жылғы 01 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін «БЖЗҚ» АҚ байланыс орталығының жұмыс кестесі төмендегідей болатыны туралы хабарлайды
27.11.2020
БЖЗҚ салымшылары 155,3 миллиард теңге төлем алды
2020 жылдың 1 қарашасына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 320 335 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 155,3 миллиард теңгеге 1,9 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.
26.11.2020
БЖЗҚ өз салымшыларына зейнетақы төлемдерін алу қажеттігі туралы хабарлайды
«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлік жасқа (ерлер – 63 жас және одан жоғары, әйелдер – 2020 жылы 59,5 жас және одан жоғары) жеткен, Қорда зейнетақы жинақтары бар және зейнетақы төлемдерін алуға өтініш білдірмеген адамдарды БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екендіктері туралы хабарлайды. Әсіресе 59,5 жасқа былтыр толған әйелдердің назарын ерекше аударғымыз келеді. Егер олар төлем тағайындауға жыл соңына дейін жүгінбесе, мұны келесі жылы тек 60 жасқа толғаннан кейін ғана жасай алады. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес әйелдердің зейнетке шығу жасы жыл сайын жарты жылға ұлғайып, 2027 жылы ерлермен теңесетіні белгілі.
26.11.2020
БЖЗҚ салымшылары 15 миллионнан аса қызмет алды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 10 айы ішінде өз салымшыларына 15,8 миллион қызмет көрсетті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус індетіне (COVID-19) байланысты ағымдағы жылы қабылданған бірқатар шектеу шараларына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 8% немесе 1,2 млн. бірлікке артты.
25.11.2020
Ағымдағы жылы БЖЗҚ салымшылары 1,1 триллион теңге инвестициялық табыс алды
БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы 12,6 триллион теңгеден асты. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыстың кіретіні белгілі.