15.11.2022
Зейнетақы жинағыңызды үнемі бақылап жүріңіз!
Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың ең сұранысқа ие тәсілі –
электрондық әдіспен Жеке кабинет арқылы алу.
Жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) аударымдарды қадағалау қажеттілігі бар ма? Мұны қаншалықты жиі және қалай жасау керек?
14.11.2022
БЖЗҚ журналистерге арналған онлайн-семинар өткізеді
Міне, осымен алтыншы жыл қатарынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ, БЖЗҚ қызметтері, зейнетақы жүйесі және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызмет нәтижелері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу шеңберінде қаржы журналистикасы мектебінің қарқынды курсын өткізіп келеді.
07.11.2022
Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдалану қарқыны төмендеуде
2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 336 516 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,2 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге. Айта кету керек, зейнетақы жинақтарын алу қарқыны төмендеп келеді. Мысалы, 2022 жылдың қазан айында 7,5 млрд теңге сомасына 2 993 өтініш орындалды. Салыстыру үшін, 2021 жылдың қазан айында 87,8 млрд теңге сомасына 35 434 өтініш орындалды.
31.10.2022
Зейнетақы жинақтарының инвестициялануы туралы барлық ақпарат - enpf.kz сайтында
2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері.
enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы ай сайынғы егжей-тегжейлі есебі, сондай-ақ, инвестициялық қызметке шолулар орналастырылған.
28.10.2022
Зейнетақы жинақтарының нақты кірістілігі ұзақ мерзімді талдау бойынша оң нәтижеге ие
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылғы 1 қазанға 14,1 трлн теңгеден асты. Осы сомадан жүзеге асырылған төлемдерді ескергендегі зейнетақы жинақтарындағы жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 36,7% - құрайды.
27.10.2022
Қор қызметтері жоғары сұранысқа ие
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың 9 айында ғана (01.01.2022-01.10.2022 жылдар аралығында) өз салымшыларына 24,1 млн қызмет көрсетті. Оның ішінде электрондық форматта – 16,5 млн, автоматты форматта - 5,8 млн және күндізгі форматта - 1,2 млн қызмет көрсетілді. Қызметтердің жалпы көлемінің 93% жуығы қашықтан: БЖЗҚ сайтында немесе ұялы қосымшасында, сондай-ақ өтінішсіз режимде көрсетілді.
26.10.2022
БЖЗҚ-дан зейнет жасына жетуіне байланысты берілетін төлемдердің сомалары артуда
БЖЗҚ-ның 2022 жылғы 1 қазандағы негізгі көрсеткіштері.
2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 14,1 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, зейнетақы жинақтарының өсімі 1 трлн теңгеден (немесе 7,8 %) асты.
10.10.2022
БЖЗҚ тұрғын үй мен емделуге қазақстандықтардың 1,7 миллионнан астам өтінішін орындады
2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 333 421 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.
30.09.2022
Зейнетақы алуға уақытында жүгінбеген 8 мың қазақстандық зейнеткер қазір төлемдерін алуда
БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, жыл сайын зейнеткерлік жасқа толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалар бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асыруда.
30.09.2022
Заңды тұлғалар үшін БЖЗҚ-дан жаңалықтар
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша салымшыларды хабардар ете отырып, белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырып келеді.
30.09.2022
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есебін жариялады
2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызмет ашық болып табылады. enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер – «Инвестициялық қызмет» бөлімінде ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы егжей-тегжейлі ақпарат, сондай-ақ, нақты кезеңдегі ахуал бойынша инвестициялық қызметке шолулар жарияланады. Қазіргі уақытта ақпарат 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жаңартылды.
29.09.2022
БЖЗҚ салымшыларының жыл басынан бергі таза инвестициялық кірісі 694 миллиард теңгеден асты
2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 13,97 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірісті қамтитыны белгілі.
28.09.2022
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 1 триллион теңгеге өсті
БЖЗҚ-ның 1 қыркүйектегі негізгі көрсеткіштері.
2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,97 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Бір жыл ішінде (01.09.2021ж. - 01.09.2022 ж.) сома 1,02 трлн теңгеге немесе 7,9 % өсті.
28.09.2022
Қазақстандықтар 15 миллионнан аса үзінді көшірмені онлайн алды
2022 жылдың басынан бастап 2022 жылдың 1 қыркүйегіне Брыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар мен алушыларға 22,3 миллионнан астам қызмет көрсетті. Оның ішінде 15,2 млн-нан астам операция электрондық форматта, шамамен 5,5 млн-ы – автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің шамамен 92,5% қашықтан алды.
08.09.2022
1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ өз салымшыларына тұрғын үй мен емделуге үш триллионнан астам теңге аударды
2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 330 675 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.
05.09.2022
Қаржыны сақтандыру аннуитетінен БЖЗҚ-ға қалай қайтаруға болады?
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 60-бабына бірқатар өзгерістер енгізіледі.
31.08.2022
2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызмет ашық болып табылады. enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер – «Инвестициялық қызмет» бөлімінде ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы егжей-тегжейлі ақпарат, сондай-ақ, нақты кезеңдегі ахуал бойынша инвестициялық қызметке шолулар жарияланады. Қазіргі уақытта ақпарат 2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша жаңартылды.
27.08.2022
Конституция күнімен, құрметті салымшылар мен алушылар!
30 тамыз күні біз мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтеміз. Халықтың бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық - бұл қоғамымыздың айрықша құндылықтары.
27.08.2022
Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына 19,8 миллионнан астам қызмет көрсетілді
Жыл басынан бастап 2022 жылдың 1 тамызына Брыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар мен алушыларға 19,8 миллионнан астам қызмет көрсетті. Оның ішінде 13,8 млн-нан астам операция электрондық форматта, 4,5 млн-ы – автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің шамамен 93% қашықтан алды.
26.08.2022
БЖЗҚ салымшыларының жыл басынан бергі таза инвестициялық кірісі 501 миллиард теңгеден асты
2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 13,7 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.