26.12.2023
БЖЗҚ онлайн-қызметтері басымдыққа ие
Ағымдағы жылдың 11 айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (01.01.2023 ж. бастап 01.12.2023 ж. бойынша) өз салымшыларына 22,8 млн. қызмет көрсетті. Оның ішінде электрондық форматта – 15,8 млн. астам, автоматты форматта – 5,1 млн. қызмет ұсынылды. Күндізгі форматта 1,2 млн. салымшыға қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселеріне 1,0 млн. адам жүгінді.
25.12.2023
Жыл басынан бері қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 2,7 триллион теңгеге өсті
2023 жылғы 1 желтоқсандағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері
2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 17,4 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бергі өсім 2,7 трлн теңге ( 18,4%) болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 3 трлн теңгеге немесе 20,5% ұлғайды.
20.12.2023
Зейнетақы калькуляторының жаңа мүмкіндіктері
Болашақ зейнетақының мөлшері туралы сұраққа жауап іздеген БЖЗҚ салымшылары ыңғайлы құрал – зейнетақы калькуляторын пайдалана алады. Оның мүмкіндіктері жақында ғана жаңа функциялармен тролықтырылды. Енді сіз өзіңіздің болжамды болашақ зейнетақыңызды дербес есептеп қана қоймай, Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістерге сәйкес сақтандыру ұйымынан және болжамды зейнетақы калькуляторынан сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемін есептеуді өзектендіре аласыз.
19.12.2023
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілдері
БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) ашылған күннен бастап кез келген сұралған күнге өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу - бұл міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының (бұдан әрі-салымшылар (алушылар)) заңмен бекітілген құқығы болып табылады.
19.12.2023
«Ұлттық қор – балаларға»: делдал қажет емес
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы іске қосылатыны бәрімізге белгілі. Оның шеңберінде барлық кәмелетке толмаған қазақстандықтарға жыл сайын ҚР Ұлттық қорының 18 жылдағы орташа инвестициялық табысының 50% теңдей үлесте есептелетін болады.
14.12.2023
«БЖЗҚ» АҚ тұрғын үй және емделуге 1,9 миллионнан астам өтінішті орындады
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) шамамен 1 млн отандасымыздан 3,7 трлн теңгеден асатын сомаға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделу ақысын төлеуге берілген 1,9 млн астам өтінішін орындады. Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарын салымшылар (алушылар) тұрғын үйге, емделуге немесе инвестициялық портфельді басқарушыларға (бұдан әрі – ИПБ) аударуға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.
12.12.2023
2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) жыл сайын келесі қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заң ресми жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында алдағы жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігі шегін (ТЖШ) жариялауға міндетті.
07.12.2023
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы: оған баланың қатысуы үшін заңды өкілдеріне не істеу керек?
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Оның аясында Қазақстанның барлық кәмелетке толмаған азаматтарына жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) инвестициялық кірісінің 50% есептелетін болады. Оған қоса, балаларға өткен жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастыратын болады. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.
05.12.2023
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу және оларды аударуға арналған деректемелер
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу
және оларды аударуға арналған деректемелер
05.12.2023
Абай облыстық филиалының Бесқарағай ауылындағы ауылында орналасқан қашықтан қызмет көрсету орталығының орналасқан жері өзгерді
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2024 жылдың 03-ші қаңтарынан бастап Абай облыстық филиалының Бесқарағай ауылында орналасқан қашықтан қызмет көрсету орталығының орналасқан жерінің өзгергені туралы хабарлайды.
Жаңа мекен-жайы: Абай облысы., Бесқарағай ауданы., Бесқарағай ауылы., Сейфуллин көшесі, 144 "А" (екінші қабат).
01.12.2023
БЖЗҚ дан зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымдарына аударудың жаңа тәртібі
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы аннуитеті шарттары (бұдан әрі – ЗАШ) бойынша зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аудару рәсімін оңтайландыруды көздейтін Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің және № 44 Қағидалардың ережелері қолданысқа енгізіледі.
30.11.2023
«БЖЗҚ» АҚ 10 айда көрсеткен қызметтер саны 20 млн. Асып түсті
Салымшылар қызмет алудың түрлі форматтарын таңдайды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың 10 айында (01.01.2023 бастап 01.11.2023 ж. дейін) өз салымшыларына 20 млн. астам қызмет көрсетті. Оның ішінде 14,4 млн. астам қызмет электрондық форматта, 4,7 млн. астамы – автоматты форматта ұсынылды. Күндізгі форматта, оның ішінде Қордың кеңселерінде және барып қызмет көрсету барысында 1 млн-нан астам операция жүргізілді.
29.11.2023
2023 жылғы 29 қарашада "БЖЗҚ"АҚ-да "Ұлттық қор – балаларға"тақырыбында ашық есік күні өтті
Ашық есік күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры дәстүр бойынша өз қонақтарын "Ұлттық қор - балаларға" әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламаларының мақсатын, оны іске асыру тетігін түсіндіру және қызықтырған сұрақтарға жауап беру үшін қабылдайды.
29.11.2023
БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) таза инвестициялық табысы өткен жылғы көрсеткіштен 89,3% мөлшерге асып түсті
2023 жылдың 10 айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс – 1,23 трлн теңге. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 578,11 млрд теңгеге немесе 89,3% артық.
29.11.2023
БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 қарашадағы негізгі көрсеткіштеріне шолу: зейнетақы жинақтары бір жылда 21,7% өсті
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 17,2 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде ол 3,1 трлн теңгеге немесе 21,7%, ал 2023 жылғы қаңтар-қазан аралығында 2,5 трлн теңгеге немесе 17,4% өсті.
28.11.2023
АБАЙЛАҢЫЗ! АЛАЯҚТАР ДЕЛДАЛДАР КЕЙПІНЕ ЕНУДЕ!
Құрметті салымшылар!
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) соңғы уақытта алаяқтардың жалған ақпарат тарату жағдайларының жиілеп кеткенін хабарлайды.
28.11.2023
"БЖЗҚ" АҚ ашық есік күніне шақырамыз: "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасын іске асырудың мақсаты мен тетігін түсіндіреміз
Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2023 жылғы 29 қарашада "БЖЗҚ" АҚ "Ұлттық қор – балаларға"мемлекеттік бағдарламасы тақырыбында Ашық есік күнін өткізеді.
24.11.2023
"БЖЗҚ" АҚ "Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы мектебі" онлайн-семинарын өткізді
Ағымдағы жылдың 23-24 қарашасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ, зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болу, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелеріне бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу шеңберінде қаржы журналистикасы мектебінің кезекті тегін онлайн-курсын өткізді. Оған Қазақстанның түрлі облыстарынан 100-ден астам журналистер, блогерлер мен студенттер қатысты.
24.11.2023
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы егжей-тегжейлі есеп берді
Зейнетақы активтерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы инвестициялық портфельдері
«БЖЗҚ» АҚ enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (ҚРҰБ) және Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 17 209,78 млрд теңге болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 17 196,49 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері - 13,29 млрд теңге.
17.11.2023
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
1. Айтыңызшы, өтініш, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы қашан басталады және аударымдарды қай қаржы ұйымы реттейтін болады? Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар есебі қалай жүргізіледі?