17.12.2024
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
1) 2025 жылы ең төменгі жеткіліктілік шегі өзгере ме?
2025 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектерінің (ТЖШ) өлшемдері 2023-2024 жылдардағы деңгейінде өзгеріссіз қалды.
12.12.2024
Зейнетақы жинағыңызды қалай қадағалауға болады? Ол не үшін қажет?
Зейнетақы төлемдерінің жинақтаушы құрамдауыш бөлігі зейнетақы жинақтарының сомасына тікелей байланысты. Ал зейнетақы жинағы тұрақты және толық көлемде жүзеге асырылып отыратын зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылады. Жарналар инвестициялық кіріс есебінен ұлғаяды. Ай сайын, тұрақты түрде аударылып отырған жарналар - 1998 жылдан бергі еңбек өтілінің растамасы. Себебі, бюджет қаражаты есебінен берілетін зейнетақы түрлерін есептеуге негіз ретінде дәл осы көрсеткіш алынады. Зейнетақы жинақтарыңызды қалай бақылауға болады?
10.12.2024
«БЖЗҚ» АҚ Алматы облыстық адвокаттар алқасының қызметкерлері үшін онлайн-вебинар өткізді
«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша түрлі іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. 2024 жылдың басынан бастап Қор филиалдары ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының шеңберінде 35,3 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізіп, оған 740,3 мыңға жуық адам қатысты. Ал ағымдағы жылдың 29 қарашасы мен 6 желтоқсанында Алматы облыстық адвокаттар алқасының қызметкерлері үшін кезекті онлайн-вебинар ұйымдастырылды.
09.12.2024
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» - зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз
Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ 2024 жылғы 11, 13 желтоқсан күндері «ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау» тақырыбына Ашық есік күнін өткізеді.
09.12.2024
«БЖЗҚ» АҚ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының кәмелетке толған қатысушыларына 4,2 млн АҚШ долларын аударды
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еліміздің барлық балаларына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алғашқы қаражат есептелген сәттен бастап «БЖЗҚ» АҚ шамамен 4,2 млн АҚШ долларына 41 799 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 2,3 млн-ға жуық АҚШ долларына 22 623 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 1,9 млн-нан астам АҚШ долларына 19 176 өтініш орындалды.
06.12.2024
Зейнетақы жинақтарының 2025 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегі сол деңгейде қалады
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) жыл сайын, келесі қаржы жылына арналған ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы ресми жарияланғаннан кейін, бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ, өзінің интернет-ресурсында алдағы жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігі шегін (ТЖШ) орналастыруға міндетті.
05.12.2024
Зейнетақы жүйесі туралы сұхбаттар: отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының есебі қалай жүргізіледі?
БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында сарапшылармен Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі және оның дамуы, сондай-ақ Қор қызметі туралы сұхбаттар топтамасы жалғасуда.
04.12.2024
Халықтың қаржылық сауаты мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, соның ішінде «БЖЗҚ» АҚ-ға деген сенімі артып келеді
«Стратегиялық зерттеулер орталығы» жыл сайын өткізетін тәуелсіз әлеуметтану зерттеуінің қорытындысы бойынша халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласы бойынша қаржылық сауаттылығының және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, сондай-ақ «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ға (БЖЗҚ, Қор) сенім деңгейі өткен жылмен салыстырғанда біршама өскені анықталды.
28.11.2024
"БЖЗҚ" АҚ көрсеткен қызметтердің саны 2024 жылдың 10 айында 36,5 миллионнан асты
01.01.2024ж. бастап 31.10.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 36,5 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 18,4 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, шамамен 16,5 млн қызмет автоматты түрде атқарылды. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі операциялардың жалпы санының 97,3% тең болды. Күндізгі форматта 957 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 924 мың қызмет ұсынылды.
27.11.2024
Отандастарымыздың 2024 жылдың 10 айындағы таза инвестициялық кірісі 2,4 трлн теңгеге жетті
2024 жылдың 10 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі шамамен 2,4 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ол 1,1 трлн теңгеге немесе 92,8% артық.
26.11.2024
ҚР ҰБ пен ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2024 жылдың 1 қарашасындағы инвестициялық портфельдері
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
25.11.2024
Отандастарымыздың зейнетақы активтерінің 10 айдағы өсімі 3,7 трлн теңгеден асты
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы активтері 21,6 трлн теңге болды. 10 ай ішінде 3,7 трлн теңгеден аса мөлшерге (20,8% жетті) өсті. Зейнетақы активтерінің жылдық өсімі – шамамен 4,4 трлн теңге (немесе 25,3%).
22.11.2024
Техникалық жұмыстар
2024 жылғы 23 қарашада БЖЗҚ техникалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты, аталған күні Қордың сайттағы және ұялы қосымшадағы сервистеріне қолжетімділік шектелуі мүмкін. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
18.11.2024
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
1) 2025 жылы зейнет жасына қатысты өзгеріс болады ма?
2025 жылы зейнет жасы ерлер үшін де, әйелдер үшін де өзгермейді. Ерлер зейнетке 63 жаста, әйелдер 61 жаста шығады.
15.11.2024
Зейнетақы жүйелерінің халықаралық рейтингісінде Қазақстан белортадан берік орын алды
Қазақстан басқа елдерден қандай өлшемдер бойынша басым түсті?
Mercer институты CFA-мен бірлесіп, жыл сайын өткізетін Mercer CFA Institute Global Pension Index (MCGPI) зейнетақы индексінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі 24-ші орынды иеленді. Зейнетақы жүйелері кешенді түрде зерттелетін 2024 жылғы халықаралық рейтингке әлемнің 48 елі кірді.
13.11.2024
Техникалық жұмыстар
2024 жылдың 16 және 17 қарашасында БЖЗҚ техникалық жұмыстар жүргізеді. Аталған кезеңде Қордың сайтындағы және ұялы қосымшасындағы қызметтері уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
13.11.2024
Зейнетақы жүйесі туралы сұхбаттар: «БЖЗҚ» АҚ халықпен қалай жұмыс істейді?
БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы туралы сарапшылармен сұхбаттар топтамасы жалғасуда.
12.11.2024
"БЖЗҚ" АҚ "Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша қаржы журналистикасы мектебі"атты онлайн-семинар өткізді
Ағымдағы жылдың 7-8 қарашасында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ, Қор) халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болуға, жеке зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелеріне бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қаржы журналистикасы мектебінің кезекті тегін онлайн-курсын өткізді. Оған Қазақстанның түрлі облыстарынан 100-ден астам журналистер, блогерлер мен студенттер қатысты.
07.11.2024
«БЖЗҚ» АҚ "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушыларына шамамен 3,4 млн АҚШ долларын аударды
«БЖЗҚ» АҚ-ға (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды пайдалануға өтініш беру жалғасын табуда.
30.10.2024
"БЖЗҚ" АҚ 2024 жылдың 9 айында көрсеткен қызметтерінің саны 34 миллионға жуық
01.01.2024ж. бастап 30.09.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 33,9 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 16,6 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 15,9 млн жуық қызмет автоматты түрде атқарылды. Бұл операциялардың 96% қашықтықтан көрсетілді. Күндізгі форматта 871 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 840 мың қызмет ұсынылды.