Филиалды таңдаңыз:
05.02.2016
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңын орындау аясында БЖЗҚ қазір 2015 жыл қорытындысы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы салымшыларды (алушыларды) жыл сайынғы міндетті хабарландыру науқанын жүргізуде.
ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат салымшының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке немесе ақпарат алу тәсілін өзгерту/анықтау туралы келісімге қол қойған кезде өзі таңдаған әдісімен беріледі.
2016 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабар былай берілуі тиіс:
өзі келген кезде (БЖЗҚ кеңселері) – 3,5 миллионға жуық адам;
электрондық пошта арқылы – 300 мыңға жуық адам;
интернет-байланыс арқылы (логин мен пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болған кезде www.enpf.kz сайтынан) – 1 миллионнан астам адам;
пошта арқылы – 2,7 миллионға жуық адам;
ХҚО-ға өзі барған кезде – 500 мыңға жуық адам.
Қолжетімді әрі үнемді болуына орай интернет – қызметтерді іске асырудың келешегі зор бағыты. Қордың www.enpf.kz сайты арқылы салымшылар аптасына жеті күн, тәулігіне 24 сағат бойына Қор жұмысы туралы және өз зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар Қор салымшыларында Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы өзінің зейнетақы шотын бақылау мүмкіндігі бар.
2016 жылғы 1 қаңтарға дейін ұялы қосымша 113 мың рет жүктеп алынған. 2016 жылдың қаңтар айында бұл қызметке тағы 16 мың пайдаланушы қосылды.
2016 жылдың ақпан айынан бастап зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы толық ақпаратты e-gov порталы арқылы да алуға болады.
Электрондық үкімет порталы арқылы қызмет іске қосылған сәттен бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 125 мың үзінді көшірме берілді. 2016 жылдың қаңтар айында бұл көрсеткіш 38 мың үзінді көшірмеге артты.