"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

27.03.2024

Отандастарымыз зейнетақы капиталын басқаруға берілген мүмкіндікті қалай пайдалануда?

Өздеріңіз білетіндей, зейнетақы активтерін инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), ал 2021 жылдан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) айналысады. Зейнетақы жинақтарын осындай сенімгерлік басқарудың басты мақсаты - түрлі қаржы құралдарына инвестициялау және одан табыс алу.

2021 жылғы қаңтар айынан бастап заңнамаға сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы өзінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырған зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқарушы инвестициялық компанияларға сенімгерлік басқаруға беру құқығына ие болды. Бұл құқықты зейнет жасына толмаған, бірақ МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен "Ең төменгі жеткіліктілік шегінен" асатын зейнетақы жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ, сақтандыру компанияларымен оларға өмір бойы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан салымшылар пайдалана алды.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің күшіне енуіне орай салымшылар басқарушы компанияларға жарналардың міндетті түрлері есебінен қалыптастырылған өз жинақтарының 50% дейін және ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтарының 100% дейін аудара алады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ бес ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа отырған. Сіз ол туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" – "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі" бөлімінде біле аласыз.

2021 жылдың 15 наурызы мен 31.12.2023ж. аралығында ҚРҰБ-тан ИПБ-ға 27 757,23 млн теңгеге 20 110 аударым жүзеге асырылды.

Аударымның орташа сомасы шамамен 1,4 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша толық статистика enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді. 

2021 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезең ішінде ҚРҰБ-тан ИПБ-ға жасалған аударымдар (млн. теңгемен) төмендегі сипатта берілген:

 

ИПБ атауы

2021ж. ішінде

2022ж. ішінде

2023ж. 1-тоқсаны

2023ж. 2-тоқсаны

2023ж. 3-тоқсаны.

2023ж. 4-тоқсаны

2021ж. бастап 2023ж. дейін барлығы

%-дық үлесі

"Jusan Invest" АҚ

3 302,54

626,02

13,15

9,26

1 064,69

1 696,61

6 712,25

24,2%

«Halyk Global Markets» АҚ

1 954,31

534,49

7,03

5,92

371,68

668,45

3 541,87

12,8%

"BCC Invest" АҚ

1 153,54

276,42

6,68

6,94

676,40

964,49

3 084,47

11,1%

"Сентрас Секьюритиз" АҚ

766,10

128,03

0,90

0,00

125,73

140,44

1 161,20

4,2%

"Halyk Finance" АҚ

0,00

3,90

51,51

87,60

1 553,89

11 560,52

13 257,43

47,8%

Барлығы:

7 176,48

1 568,86

79,27

109,72

3 792,39

15 030,51

27 757,23

100%

 

Жоғарыда келтірілген мәліметтерден байқағанымыздай, 2021 жылы қазақстандықтар өз жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру мүмкіндігіне ие болған кезде ҚРҰБ-тан 7 176,48 млн теңге сомаға 4 141 аударымды жүзеге асырды. Содан кейін 2022 жылы және 2023 жылдың бірінші жартысында ИПБ-ға аударымдар жасауға деген қызығушылықтың тағы да төмендегенін көруге болады.

Зейнетақы активтерін басқару мүмкіндігі барлық салымшыларға берілген 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жинақтарын басқарушы компанияларға аудару қарқынының тағы да өсуі байқалады.

2023 жылғы шілде мен желтоқсан айлары аралығында отандастарымыз жаңа талаптарға сәйкес ҚРҰБ-тан ИПБ-ға 14 119 өтінішке сәйкес 18,8 млрд теңге аударды.

Зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін салымшы өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне сенімгерлік басқаруға беру бойынша БЖЗҚ-ға өтінішті жылына бір рет қана беруге құқылы. 2022 жылғы сәуір мен 2023 жылғы желтоқсан аралығында БЖЗҚ қазақстандықтардың жалпы сомасы 502,57 млн теңгеге бір ИПБ-дан екіншісіне ауысуға 208 өтінішін орындады. 

01.07.2023 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруынан ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару мерзімі қысқарды. ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтаруға өтінішті зейнетақы жинақтары ИПБ сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап 1 жылдан кейін БЖЗҚ-ға беруге болады. 2023 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында БЖЗҚ жалпы сомасы 3,13 млрд теңгеге ИПБ-дан ҚРҰБ-қа қаражат аудару бойынша 908 өтінішті орындады. 

Естеріңізге сала кетейік, ИПБ БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген және ИПБ Инвестициялық декларациясында көзделген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды. 

ИПБ-лардың инвестициялық қызметтерінің нәтижелері төмендегідей:  

 

Атауы

Инвестициялық кіріс (млн тенге) және зейнетақы активтерінің кірістілігі* (%)

2021 ж.

    2022 ж.

2023 ж.

2021 жылдан 2023 жж. дейін барлығы

АО "Jusan Invest"

139,29

8,08%

117,61

3,25%

606,28

13,48%

863,18

26,64%

АО «Halyk Global Markets»

112,79

8,41%

110,61

4,19%

403,99

15,55%

627,39

30,52%

АО "BCC Invest"

74,51

8,37%

42,82

2,75%

230,23

13,05%

347,56

25,88%

АО "Сентрас Секьюритиз"

46,72

9,37%

46,46

4,12%

105,27

10,67%

198,45

26,02%

АО "Halyk Finance"**

0

0

0,01

0,13%

328,02

17,20%

328,03

17,35%

Барлығы: инвестициялық кіріс және зейнетақы активтерінің орташа кірістілігі

373,31

8,40%

317,51

3,64%

1 673,79

14,47%

2 364,61

26,22%

Ескерту:

** Зейнетақы активтерін есепке алу жүргізілетін шартты зейнетақы бірлігінің өсімі негізінде есептелген ИПБ-де сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің кірістілігі

** Қызмет басталғаннан бастап зейнетақы активтерінің кірістілігі ("Halyk Finance" АҚ-мен сенімгерлік басқару туралы шарт 2022 жылғы қарашада жасалған) 

Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде салымшылар өздері таңдаған ИПБ-ның қанша табыс тапқанын көре алады. 

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметі ашық. БЖЗҚ зейнетақы активтерін ҚРҰБ мен ИПБ-лардың инвестициялық басқаруы және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде жарияланады.

МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға аудару бойынша барлық қажетті ақпарат пен қадамдық нұсқаулық www.enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" - "Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға аудару" бөлімінде орналастырылған.


Просмотров 4878

Тізімге оралу