"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

30.01.2025

Инвестициялық кіріс сомасы не себепті өзгеріп отырады?

Зейнетақы жинақтарына жарналар сомасы ғана емес, жинақталған инвестициялық кіріс те қосылады. Зейнетақы активтерін басқарушылар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ)) инвестициялық кіріс алу мақсатында зейнетақы активтерін Қазақстанда және шетелде экономиканың сан-алуан секторларына, түрлі валюталарда әртүрлі қаржы құралдарына орналастырады. Мұндай әртараптандыру зейнетақы жинақтарының сақталуын және орнықты кірістілігін қамтамасыз етеді. Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау, сыртқы басқарудағы активтер және т. б. кірістерден құралады. 

Инвестициялық кірістің мөлшері белгілі бір кезеңдерде өзгеруі мүмкін (ұлғаюы немесе азаюы) болғандықтан, зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомасы да инвестициялық қызметтің нәтижелеріне байланысты апта сайын өзгеруі мүмкін. 

Инвестициялық кіріс мөлшеріне бірнеше факторлардың әсер етуі мүмкін:

· Қаржы нарығындағы жағдай: акциялардың, облигациялардың және басқа құралдардың бағасы құбылуы мүмкін, бұл инвестициялық кірістің мөлшеріне әсер етеді. Жекелеген құралдарды нарықтық қайта бағалау нәтижесінде біз бағалы қағаздар құнының бір жыл ішінде өзгеруін байқай аламыз. Тиісінше, нарықтық қайта бағалаудан түскен кіріс жеке кезеңде оң да, теріс те болуы мүмкін. Бағалы қағаздардың құнына көптеген сыртқы факторлар әсер етеді, мысалы, геосаяси тәуекелдердің өсуі, халықаралық саудадағы өзгерістер және қаржы ағындарының қайта бөлінуі, капитал нарықтарындағы жағдай мен белсенділіктің өзгеруі, макроэкономикалық көрсеткіштер.

· Валюта бағамдары: егер инвестициялар шетел валютасымен байланысты болса, онда валюта бағамындағы өзгерістер инвестициялық кіріс мөлшеріне әсер етеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, зейнетақы жинақтары қаржы құралдарына түрлі валютада инвестицияланған. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 40,21% шетел валютасында инвестицияланған, оның басым бөлігі - АҚШ долларында. Инвестициялық кірістің ауытқуы нарықтардағы, соның ішінде валюта нарығындағы құбылмалылықтың жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, 2024 жылғы қараша айының соңы мен 2025 жылғы қаңтар айы аралығында АҚШ долларына қатысты теңге бағамы айтарлықтай кең ауқымда, яғни 499 теңгеден 530 теңгеге дейін өзгерді. Осының салдарынан апта сайын зейнетақы активтерін оң немесе теріс валюталық қайта бағалау қалыптасады, осыған байланысты салымшылар өздерінің жеке зейнетақы шоттарында инвестициялық табыстың өзгеруін байқайды.

 Атап өтетін маңызды жәйт, зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола аламайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты өзгеруіне тәуелді. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша алынған инвестициялық кіріс құрылымын талдаудан 2024 жылдың қорытындысы бойынша бағалы қағаздарға сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кірістер 1 570,92 млрд теңге, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан - 200,58 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан - 578,42 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша - 1 039,72 млрд теңге болды. Басқа кірістер 5,88 млрд теңгеге жетті. Осылайша, жыл қорытындысы бойынша құралдардың барлық түрлері кірістілікті қамтамасыз етті.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған инвестициялық кіріс - шамамен 3,4 трлн теңге. Бұл шамамен 2,8 трлн теңге болатын зейнетақы жарналарының жалпы көлемінен жоғары. Жыл қорытындысы бойынша инвестициялық кіріс былтырғы көрсеткіштен 114,5% асып түсті (2023 жылы ол 1,6 трлн теңге болған). БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушылар: ҚРҰБ және ИПБ өткен жылғы көрсеткіштен де, 2024 жылғы инфляция деңгейінен де (8,6%) едәуір асатын кірістілік көрсетті. Оның өзі активтердің тиімді басқарылуы мен экономикалық жағдайларға бейімделу қабілетін байқатса керек. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен құрылған ҚРҰБ басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2024 жылы 17,84% тең болды. Жыл қорытындысы бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі - 17,96%.

Жылдан жылға зейнетақы жинақтарының және ондағы инвестициялық кіріс үлесінің өсуі байқалады. Мәселен, 01.01.2025 жылғы жағдай бойынша жүзеге асырылған төлемдерді ескере отырып, зейнетақы жинақтарындағы жинақталған инвестициялық кірістің үлесі 42,0% жетті.

1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға жинақталған инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен 979,95% көрсетті, бүкіл кезең ішіндегі инфляция 827,78% тең.

 Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін 24/7 режимінде көруге мүмкіндігі бар.

Сенімгерлікпен басқарушылар зейнетақы активтерін қандай қаржы құралдарына инвестициялағаны, оның ішінде осы құралдардың нарықтық құны туралы толық ақпарат enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" - "Инвестициялық қызмет" бөлімінде ай сайын жаңартылып отырады.


Просмотров 6

Тізімге оралу