Филиалды таңдаңыз:
01.08.2016
2016 жылдың 2-тоқсанында Қорға зейнетақы қызметтерін тұтынушылардан 35 754 өтініш түсті.
Азаматтардың өтініштерінің 2016 жылдың екінші тоқсанындағы жалпы саны 2016 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 1,9%-ға азайған.
2016 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда аталған кезеңдегі азаматтардың өтініштерінің жалпы санының азаю тенденциясы байланыс орталығының телефондары (10,8%-ға), қағаз (4,4%-ға), Қордың «кері байланысы» (5,6%-ға), әлеуметтік желілер (27,9%-ға) арқылы өтініш білдіру деңгейінің төмендеуіне байланысты болып отыр. Бұл ретте Қордың корпоративтік сайтындағы жаңа «online-кеңес беруші» қызметі бойынша өтініш білдіру санының артқаны байқалады. Пікірлер мен ұсыныстар кітабы арқылы өтініш білдіру саны да артқан (51,8%-ға).
2016 жылдың екінші тоқсанында Қорға түскен салымшылар/алушылар өтініштерінің ең көп үлесі байланыс орталығының операторларына тиіп отыр. Олардың үлесінде – 26 612 өтініш немесе азаматтардың өтініштерінің жалпы санынан 74,4%.
Аталған кезеңде «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтының «Кері байланысы» арқылы 1 584 пайдаланушы өтініш білдірген, бұл азаматтардың өтініштерінің жалпы санынан 4,4%.
Әлеуметтік желілер қазір осы ресурстарды пайдаланушылар үшін ауқымды қарым-қатынас мүмкіндіктерін ұсынып отыр.
Қор өз қызметі туралы хабарлауға белсене қатысуда, Facebook, Vkontakte, Одноклассники, Twitter, Instagram әлеуметтік желілері ақылы салымшылардың өтініштері мен пікірлерін қабылдауда, шағымдарына жауап беруде. 2016 жылдың екінші тоқсанында аталған байланыс арнасы арқылы салымшылардан 98 өтініш түсті.