Филиалды таңдаңыз:
Міне, осымен алтыншы жыл қатарынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ, БЖЗҚ қызметтері, зейнетақы жүйесі және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызмет нәтижелері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу шеңберінде қаржы журналистикасы мектебінің қарқынды курсын өткізіп келеді.
Еліміздің кең байтақ мемлекет, әлемде көлемі жағынан тоғызыншы орынды алатыны белгілі. Сондықтан БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерімен бүкіл республика аумағын қамту мүмкін емес. Әрі ғаламтор желісі де барлық жерге жетпеген. Дегенмен Қор қызметімен жұртшылықты барынша қамтамасыз ету мақсатында шалғай орналасқан елді мекендердің тұрғындарына арнап, үш жыл бұрын «Жылжымалы кеңсе» жобасы бастау алған болатын. «Жылжымалы кеңсе» - салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсетуге қажетті барлық құралдармен жабдықталған, жерсеріктік байланысты бар шағын автобус.
Біздің зейнетақы жинақтарымыз зейнетке шығып, ақшаны өз игілігімізге жұмсай бастаған сәтімізді күтуде
Зейнетақы жинақтарының жай-күйіне үнемі қызығушылық таныту өте маңызды. Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ салымшыларды (алушыларды) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы хабарландыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
2021 жылдың 2 карашасындағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 485 772 өтініші орындалды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,96 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 4,0 млн теңге.
2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 13,1 триллион теңгеден асты. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың тоғыз айында ғана (01.01.2021-01.10.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 30,3 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,8% көп.
Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылдың 12 қазанында ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды, оның шеңберінде тиісті өзгерістер ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына да енгізілді.
2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2020 жылдан бастап 01.10.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 569,5 миллиард теңгеге немесе 5% өсті.
БЖЗҚ өз салымшылары мен алушылары үшін қолайлы жағдайларды көптеп ұсынуда. Қазір зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз де алуға болады. Ол үшін смартфоныңыздағы еGovMobile қосымшасында оның цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.
Мұндай мүмкіндік тек Қазақстан Республикасының азаматтарына және БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өздері келгенде ғана беріледі.
2021 жылдың 11 қазанындағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 458 641 өтініші орындалды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,9 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 4,1 млн теңге.
Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ инвестициялық қызметке 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың басынан бері (01.01.2021-01.09.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 27,2 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,8% көп.
2021 жылдың 23 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 438 834 өтініші орындалды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,8 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 4,2 млн теңге.
Болашақта лайықты зейнетақыны қалай алуға болады? Зейнетақы жарналарының жүйелілігі – заманауи әлемдік тренд. Неліктен? Өзіңізді қорғауға және барлық шегерімдері жасалатын «адал жалақыны» қалай алуға болады? Осы және көптеген сұрақтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері «Ашық есік күні» шарасы аясында салымшылармен өткізілетін дәстүрлі кездесу кезінде жауап берді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 12,9 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.09.2020 жылдан бастап 01.09.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 704 миллиард теңгеге немесе 6% өсті.
2021 жылдың қаңтарынан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға инвестициялық басқаруға аудару құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді.
2021 жылдың 9 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 421 567 өтініші орындалды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ шамамен 1,8 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 4,3 млн теңге.
2021 жылдың қаңтарынан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға аудару құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді.