Филиалды таңдаңыз:
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.
БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы, сондай-ақ, «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) қызметі туралы сарапшылармен сұхбаттар топтамасы жалғасуда.
01.01.2024ж. бастап 31.11.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 40,3 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 21,6 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, шамамен 17,1 млн қызмет автоматты түрде атқарылды. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі операциялардың жалпы санының 97,4% тең болды. Күндізгі форматта 1,0 млн астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 1,0 млн қызмет ұсынылды.
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары нарықтық жағдайларда елімізде де, шетелде де әртүрлі валютадағы сан-алуан қаржы құралдарына инвестицияланады. Нәтижесінде инвестициялық кіріс әртүрлі көздерден құралады: бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістер, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау, сондай-ақ, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында азаматтардың кез келген санаты үшін ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын алу бойынша делдалдық қызметтерді төмен пайызбен көрсету туралы ұсыныстар таратылуда.
Зейнетақы төлемдерінің жинақтаушы құрамдауыш бөлігі зейнетақы жинақтарының сомасына тікелей байланысты. Ал зейнетақы жинағы тұрақты және толық көлемде жүзеге асырылып отыратын зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылады. Жарналар инвестициялық кіріс есебінен ұлғаяды. Ай сайын, тұрақты түрде аударылып отырған жарналар - 1998 жылдан бергі еңбек өтілінің растамасы. Себебі, бюджет қаражаты есебінен берілетін зейнетақы түрлерін есептеуге негіз ретінде дәл осы көрсеткіш алынады. Зейнетақы жинақтарыңызды қалай бақылауға болады?
«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша түрлі іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. 2024 жылдың басынан бастап Қор филиалдары ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының шеңберінде 35,3 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізіп, оған 740,3 мыңға жуық адам қатысты. Ал ағымдағы жылдың 29 қарашасы мен 6 желтоқсанында Алматы облыстық адвокаттар алқасының қызметкерлері үшін кезекті онлайн-вебинар ұйымдастырылды.
Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ 2024 жылғы 11, 13 желтоқсан күндері «ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау» тақырыбына Ашық есік күнін өткізеді.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еліміздің барлық балаларына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алғашқы қаражат есептелген сәттен бастап «БЖЗҚ» АҚ шамамен 4,2 млн АҚШ долларына 41 799 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 2,3 млн-ға жуық АҚШ долларына 22 623 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 1,9 млн-нан астам АҚШ долларына 19 176 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, қаржының пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) жыл сайын, келесі қаржы жылына арналған ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы ресми жарияланғаннан кейін, бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ, өзінің интернет-ресурсында алдағы жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігі шегін (ТЖШ) орналастыруға міндетті.
БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында сарапшылармен Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі және оның дамуы, сондай-ақ Қор қызметі туралы сұхбаттар топтамасы жалғасуда.
«Стратегиялық зерттеулер орталығы» жыл сайын өткізетін тәуелсіз әлеуметтану зерттеуінің қорытындысы бойынша халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласы бойынша қаржылық сауаттылығының және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, сондай-ақ «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ға (БЖЗҚ, Қор) сенім деңгейі өткен жылмен салыстырғанда біршама өскені анықталды.
01.01.2024ж. бастап 31.10.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 36,5 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 18,4 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, шамамен 16,5 млн қызмет автоматты түрде атқарылды. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі операциялардың жалпы санының 97,3% тең болды. Күндізгі форматта 957 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 924 мың қызмет ұсынылды.
2024 жылдың 10 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі шамамен 2,4 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ол 1,1 трлн теңгеге немесе 92,8% артық.
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы активтері 21,6 трлн теңге болды. 10 ай ішінде 3,7 трлн теңгеден аса мөлшерге (20,8% жетті) өсті. Зейнетақы активтерінің жылдық өсімі – шамамен 4,4 трлн теңге (немесе 25,3%).
Қазақстан басқа елдерден қандай өлшемдер бойынша басым түсті?
Mercer институты CFA-мен бірлесіп, жыл сайын өткізетін Mercer CFA Institute Global Pension Index (MCGPI) зейнетақы индексінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі 24-ші орынды иеленді. Зейнетақы жүйелері кешенді түрде зерттелетін 2024 жылғы халықаралық рейтингке әлемнің 48 елі кірді.
БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы туралы сарапшылармен сұхбаттар топтамасы жалғасуда.
Ағымдағы жылдың 7-8 қарашасында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ, Қор) халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болуға, жеке зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелеріне бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қаржы журналистикасы мектебінің кезекті тегін онлайн-курсын өткізді. Оған Қазақстанның түрлі облыстарынан 100-ден астам журналистер, блогерлер мен студенттер қатысты.