Филиалды таңдаңыз:
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ салымшыларының (алушыларының) жеке және шартты шоттарында 18,9 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Ағымдағы жылдың басынан бастап 01.04.2024 жылға дейін олардың өсімі шамамен 1,02 трлн теңге (5,7%) болды. Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 3,5 трлн теңгеге немесе 22,6% өсті.
БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) ашылған күннен бастап кез келген сұралған күнге өзінің зейнетақы жинақтарының жай - күйі туралы ақпарат алу - бұл міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының (бұдан әрі - салымшылар (алушылар)) заңмен бекітілген құқығы.
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті 26-шы отырысы өтті. Кеңес мүшелері Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы Елена Бахмутованы ҚК құрамына қабылдауға бірауыздан дауыс берді. Бұған дейін бұл ұйымның атынан Қоғамдық кеңеске Ерлан Бурабаев қатысатын. Ол 2024 жылғы 28 наурыздан бастап Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының Басқарма төрағасы болды. Бұл ретте Е.Бурабаев БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы лауазымында қалды. Сондай-ақ, Кеңес шешімімен Николай Дрозд пен Әділ Мамажановтың құрамнан шығу туралы өтініштері қаралып, қанағаттандырылды.
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асырудың 2 айы ішінде 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы 199 323,1 АҚШ долларына 1 992 өтінішті орындады (БЖЗҚ өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторға аударды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 78 798,04 АҚШ долларына 788 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 120 525,06 АҚШ долларына 1 204 өтініш орындалды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберінде Қазақстанда жарналардың мынадай түрлері жүзеге асырылады: міндетті (жұмыс беруші ай сайын аударатын жұмыскердің жалақысының 10%), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс беруші өз бюджетінен төлейтін зиянды және қауіпті кәсіптер жұмыскерлерінің кірістерінің 5%), сондай-ақ, 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 1975 жылы және одан кейін туған барлық жұмысшылар үшін (2024 жылы 1,5% - дан, 2028 жылы біртіндеп 5% - ға дейін). Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бар. Жеке тұлға өзі үшін және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар – өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат сала алады. Бұл жарналардың осы түрінің артықшылықтарының бірі.
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ, Қор) Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ-мен бірлесіп, БЖЗҚ-дан деректердің тарап кетуі туралы пайда болған ақпаратқа байланысты жүргізген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін жоспардан тыс тексеруі барысында Қор тарапынан бұзушылықтардың анықталмағандығын хабарлайды.
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқарулары туралы есепті enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер-Инвестициялық қызмет" бөлімінде ұсынады.
01.01.2024 ж. мен 29.02.2024 ж. аралығында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халыққа 15,9 млн. астам қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе көп. Жүргізілген операциялардың ішінде электрондық форматта – 4,2 млн. астам, автоматты форматта – 11,4 млн, қашықтағы форматта - 0,1 млн., күндізгі форматта 214 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде - 201 мың қызмет.
БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс БЖЗҚ салымшыларының шоттары 2024 жылдың 2 айында шамамен 343,6 мдрд теңгені болды және өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 139,21 млрд теңгеге немесе 68% - ға асып түсті.
Өздеріңіз білетіндей, зейнетақы активтерін инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), ал 2021 жылдан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) айналысады. Зейнетақы жинақтарын осындай сенімгерлік басқарудың басты мақсаты - түрлі қаржы құралдарына инвестициялау және одан табыс алу.
БЖЗҚ-ның 2024 жылдың 1 наурызындағы негізгі көрсеткіштері
2024 жылдың 1 наурызына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке және шартты шоттарында 18,5 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Жыл басынан бері олардың өсімі 01.03.2024 ж. 641 млрд теңгеден асты (3,6%). Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 3,4 трлн теңгеге немесе 22,3% өсті.
Бұл іс-шара дәстүрге айналды және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында өткізілді. Бұл жолы басты күн тәртібіндегі мәселе "Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ" тақырыбы болды.
"БЖЗҚ" АҚ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 2024 жылғы 15 наурызда "Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ" тақырыбында "Ашық есік күнін"өткізеді.
2024 жылдың ақпан айында "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтардың БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) алғашқы төлемдер түсе бастады. Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) инвестициялық табысының 50% мөлшері жыл сайын 18 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін барлық балалар арасында бөлінеді.
1. Арнаулы әлеуметтік төлем қашан, кімдер үшін және қандай мақсатта енгізілді?
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен қамтылған азаматтары мен ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін одан әрі арттыру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылатын арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 01.01.2024ж. бастап 01.02.2024ж. дейінгі аралықта халыққа 10,5 млн қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4 есе көп. Оның ішінде электрондық форматта - 2 млн. астам, автоматты форматта - 8,3 млн. Күндізгі форматта 115 мыңнан астам қызмет іске асырылып, оның ішінде 107 мыңға жуық қызмет тікелей Қор кеңселерінде көрсетілді.
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқару туралы есебін ұсынады.
Ағымдағы жылдың бірінші айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 109,6 млрд теңгеден аса таза инвестициялық кіріс есептелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 45,7 млрд теңге немесе 72% артық.
БЖЗҚ-ның 2024 жылдың 01 ақпанындағы негізгі көрсеткіштері.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 18,1 трлн теңгеден асты. Олардың 2024 жылдың бірінші айындағы өсімі шамамен 240,5 млрд теңге (1,3%). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 3,3 трлн теңгеге (21,9%) өсті.
"БЖЗҚ" АҚ Қазақстанның қаржы және зейнетақы жүйесін құрудың қайнар көзінде тұрған адамдармен сұхбаттар топтамасын жалғастырады.