Филиалды таңдаңыз:
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
Жыл сайын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі БЖЗҚ, Қор) БАҚ өкілдерін, блогерлерді, сондай-ақ, журналистика факультеттерінің студенттерін барлық мақсатты аудиториялар үшін қызықты болатын жедел және өзекті материалдарды дайындау құпияларымен бөлісу үшін жинайды.
Соңғы кездерде БЖЗҚ салымшыларына қатысты алаяқтық әрекет жағдайлары орын алуда. Ол үшін әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап табылуда. Соның бірі - салымшылар мен алушыларға Қор қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдары қате жасалғандығы, сол үшін оның бөлімшесіне бару қажеттігі және SMS арқылы хабарландыру тәсілімен кезекті электрондық брондауға мүмкіндігі бар екені туралы айтылады. Бұдан кейін алаяқтар телефонға келген талон нөмірін немесе кодты атап, растауды сұрайды. Осылайша олар сіздің банктік шоттарыңызға және жеке мәліметтеріңізге қол жеткізе алады.
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында "БЖЗҚ" АҚ жыл басынан бері 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы сомасы шамамен 2,8 млн АҚШ доллары болатын 27 547 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 1,5 млн жуық АҚШ долларына 15 003 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 1,3 млн жуық АҚШ долларына 12 544 өтініш орындалды. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған қалдық сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
01.01.2024ж. бастап 31.08.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 31,6 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 15 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 15,4 млн жуық қызмет автоматты түрде, ал 0,4 миллионы қашықтықтан жүзеге асырылды. Күндізгі форматта 783 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 755 мың қызмет ұсынылды.
"БЖЗҚ" АҚ Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы туралы сарапшылармен сұхбаттар сериясын жалғастыруда.
2024 жылдың 8 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі шамамен 1,92 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ол 883,05 млрд теңге немесе 85,3% артық.
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша отандастарымыздың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 20,9 трлн теңгеден асып, жыл басынан бергі 8 ай ішінде 3 трлн теңгеге немесе 17% өсті. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі – 4,1 трлн теңге (немесе 23,7%).
2024 жылдың 20 қыркүйегінде "БЖЗҚ" АҚ-ның барлық филиалдарында "Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары" тақырыбында дәстүрлі Ашық есік күні өтті.
"БЖЗҚ" АҚ сарапшылармен Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысы мен дамуы туралы сұхбаттар топтамасын жаңартуда
БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысуға шақырады
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде БЖЗҚ кезекті "Ашық есік күніне" шақырады. Кездесудің тақырыбы - "Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары".
«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) Қорда міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған адамдардың, сондай-ақ, мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленген болса, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқығы бар екенін ескертеді.
Құрметті "БЖЗҚ" АҚ салымшылары! Соңғы уақытта Қордың салымшыларына қатысты алаяқтық әрекеттер орын алуда. Күннен-күнге әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап табылуда. Соңғы мысалдардың бірін келтіре кетейік.
Бұрын хабарлағанымыздай, 2024 жылдың қыркүйек айының басында «БЖЗҚ» АҚ Корея Республикасы Ұлттық зейнетақы қызметінің (әрі қарай - NPS) зейнетақы операцияларының атқарушы директоры Тэ Гю Джонг бастаған делегациясын қабылдады.
Сіздердің назарларыңызға, Оңтүстік Кореяның зейнетақы жүйесі туралы әріптестеріміз бөліскен негізгі ақпараттарды ұсынамыз.
Бағдарламаны іске асырудағы 8 айда 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы шамамен 2,2 млн АҚШ доллары болатын 21 933 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 1,3 млн АҚШ долларына жуық сомаға 12 487 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 947,6 мың АҚШ долларына жуық сомаға 9446 өтініш орындалды.
2024 жылдың 3-5 қыркүйек күндері аралығында "БЖЗҚ" АҚ өз кеңсесінде NPS зейнетақы операцияларының атқарушы директоры Тэ Гю Джонг бастаған Корея Республикасы Ұлттық зейнетақы қызметінің (бұдан әрі - NPS) делегациясын қабылдады. Мақсат - зейнетақымен қамсыздандыру саласында тәжірибе алмасу және екі елдің зейнетақы жүйелерінің үлгілерін, сын-тегеуріндер мен өзекті мәселелерді және оларды шешудің ықтимал жолдарын, сондай-ақ, халықты зейнетақы жүйесімен барынша қамту бойынша өзара ынтымақтастық келешегін талқылау.
01.01.2024ж. бастап 31.07.2024ж. аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 29,2 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 13,3 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 14,8 млн қызмет автоматты түрде, ал қашықтықтан шамамен 0,38 миллионы жүзеге асырылды. Күндізгі форматта 689 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 663 мың қызмет ұсынылды.
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша отандастарымыздың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 20,26 трлн теңгеден асып, жыл басынан бергі 7 ай ішінде 2,4 трлн теңгеге жуық (немесе 7,7%) өсті. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі - 3,9 трлн теңге (немесе 23,7%).
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.