Филиалды таңдаңыз:
2020 жылдың 1 қарашасына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.11.2019 жылдан бастап 01.11.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы екі триллион теңгеден аса немесе 20% өсті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 200-ге жуық бөлімшесі жұмыстарын қызмет көрсетудің қалыптасқан күндізгі режимінде, қауіпсіздіктің барлық санитарлық шараларын сақтай отырып жалғастыруда.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандық зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда. БЖЗҚ-ның халықпен тілдесу үшін таңдаған бұл жолғы тәсілі – Қордың болашақ салымшылары, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған онлайн-лекция болды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне екінші бақылау аудитінен сәтті өтіп, бұрын берілген сапа менеджменті жүйесінің сертификатын растады. Бақылау аудиті барысында Қордың он бөлімшесінің, сондай-ақ, Алматы қаласындағы филиалдың қызметі тексерілді. Сәйкестікті растау Қор салымшылары мен алушыларының үміттері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру, Қор процестерін тиімді басқару және зейнетақы қызметтерінің сапасын үнемі жетілдіруге негізделген клиентке бағдарланған сапа менеджменті жүйесін қолдайтынын куәландырады.
2020 жылдың тоғыз айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,5 триллион теңге мөлшерінде зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2019 жылдан бастап 01.10.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде бұл сома шамамен 1,9 триллион теңгеге немесе 20%-ға ұлғайды. Осындай ауыз толтырып айтуға болатындай, яғни өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 598,6 млрд теңгеге артық өсімге негізінен БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,08 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелгеннің арқасында қол жеткізілді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өз салымшыларына 14,03 миллион қызмет көрсетті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық індетке (COVID-19) байланысты бірқатар шектеу шараларының қабылдануына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштер 5% немесе 663 мың қызметке артты. Мұндай көрсеткіштерге онлайн-қызметтерді ұсынудың оңтайлы жүйесінің арқасында қол жеткізілді, себебі, ағымдағы жылдың 1 қазанындағы операциялардың жалпы көлемінің 92,4% (немесе 12,96 млн) электрондық форматта жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердің танымалдығы 20,2% немесе 2,2 млн қызметке өсті.
2020 жылдың 1 қазанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 297 253 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 138,5 миллиард теңгеге 1,6 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар мен алушыларды әлеуметтік мессенджерлерде белгілі бір ақы үшін жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме беру туралы алаяқтық ұсыныстардың жиілеп кеткендігін ЕСКЕРТЕДІ!
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша өз салымшыларына 11,8 миллион қызмет көрсетті. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштер аздап, 0,9%-ға төмендеді. Бұл ретте қауіпті вирустың таралуына жол бермеу және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шектеу шараларын қабылдауға тура келген эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық індетке (COVID-19) қарамастан БЖЗҚ салымшылары қызметтерді толық көлемде алуды жалғастырды.
Соңғы кездері біздің салымшылар арасындағы ең өзекті сауал зейнетақы жинақтарының сомасына қатысты болып жүр.
Отандастардың көпшілігін БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «ала аламыз ба?» деген сауал толғандыруда.
«БЖЗҚ» АҚ-дағы зейнетақы жинақтары ағымдағы жыл басынан бері 1,4 трлн теңгеге немесе 13%-ға ұлғайды. Осылайша 2020 жылдың 1 қыркүйегінде зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 12,2 трлн теңгеден асып түсті.
Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақталуына, сондай-ақ, коронавирус індетімен (COVID-19) сырқаттану жағдайларының төмендеуіне байланысты коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында бұрын қабылданған бірқатар шектеу шаралары алынып тасталды.
Осыған байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бөлімшелерінің көп бөлігі үйреншікті күндізгі қызмет көрсету режиміне оралды. Қазіргі уақытта 198 қызмет көрсету орны алдын-ала жазылу бойынша күндізгі, 7-еуі байланыссыз, 7-еуі қашықтықтан жұмыс істейді.
2020 жылдың 1 тамызына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,1 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.08.2019 жылдан бастап 01.08.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 1,9 триллион теңгеге немесе 19% өсті. Бәрімізге белгілі, бұл сомаға зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс кіреді.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 тамызына дейін БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 752,98 млрд теңге мөлшеріндегі таза инвестициялық табыс есептелді, ол өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 389,77 млрд теңгеге артық.
2020 жылдың 1 тамызына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,1 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.08.2019 жылдан бастап 01.08.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 1,9 триллион теңгеге пара-пар немесе 19% өсті.
Өзінің зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу – БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының заңнамамен бекітілген құқығы. Бүгінде әркім өзінің жинақтау жағдайы туралы бірнеше жолмен біле алады.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы зейнетақы активтері бойынша міндеттемелерді орындамау нәтижесінде пайда болған проблемалық берешекті қайтару бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.
Ең ірі неміс сақтандыру компаниясы мен осы саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі Allianz зейнетақы жүйесінің сапасы мен ұлттық зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы туралы есеп дайындады. Allianz Global Pension Report есебінде зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығының алғышарттары, демография және 70 елдің өзара сәйкес келетін зейнетақы төлемдері қолданылды (2020 жылғы наурыздағы мәліметтер).