Филиалды таңдаңыз:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың басынан бері салымшылар мен алушыларға 14,4 миллионнан астам қызмет көрсетті. Оның ішінде 9,8 млн-нан астам операция электрондық форматта, 3,4 млн-нан астамы – автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің 93% қашықтан алды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 13,0 триллион теңге. Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.
1 мамырдағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері
2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,0 трлн теңгедей зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.05.2021ж. мен 01.05.2022ж. аралығындағы бір жыл ішінде бұл қаражат 356,9 млрд теңгеге немесе 2,8% ұлғайды. Жинақтар өсімі жарналар мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс ағындарын, сондай-ақ, зейнетақы төлемдері түріндегі шығыс ағындарын, оның ішінде тұрғын үй мен емделуге арналған біржолғы төлемдерді ескере отырып есептелді.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының төрағасы Жанат Құрманов мамыр айының басында Эстония астанасы Таллинн қаласында өткен «Адамға бағытталған және бейімделген әлеуметтік қамсыздандыруға арналған сандық ауысу» атты Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) 16-шы халықаралық конференциясына онлайн арқылы қатысты.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен қаржы ұйымдары өткізіп жатқан жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған апталығына БЖЗҚ белсенді түрде қатысуда.
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 2022 жылдың 13 мамырындағы 19 отырысы келесідей күн тәртібімен өтті:
1) Ұйымдастыру мәселелері: Қоғамдық кеңес басшылығын қайта сайлау (Кеңес туралы Ереженің 28-тармағына сәйкес).
2) «БЖЗҚ» АҚ 2021 жылғы қызметі және 2017-2021 жылдардағы Корпоративтік даму стратегиясының орындалуы туралы есеп.
3) ҚРҰБ жүзеге асыратын зейнетақы активтерін инвестициялық басқару туралы ақпарат.
БЖЗҚ-ның «Jusan Ventures» ЖШС-не жолдаған талап арызы нәтижесінде жай акцияларды сатып алғаны үшін (бұрынғы атауы – «KazTransCom» АҚ) Қордың пайдасына 196 304 931 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленді.
Мамыр айының басында Эстония астанасы Таллинн қаласында Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) Good Practice Award for Europe 2022 марапатын алуға арналған байқау қорытындысы жарияланды. «Озық тәжірибесі үшін ХӘҚҚ марапаты – бұл әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің жұмыс әдістерін жақсартудағы қажырлы еңбегі мен жетістіктері үшін берілетін құрметті мадақ. Сыйлық ХӘҚҚ-ға мүше ұйымдардың әлеуметтік қамсыздандыруды басқару саласындағы озық тәжірибесін мойындап, әрі мекемелерге өзінің өзекті әкімшілік бастамалары мен инновациялық шешімдерін жаһандық аудиторияға ұсынуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, 2008 жылы іске қосылған сәттен бастап озық тәжірибе үшін марапатқа 1,200-ден астам өтінім келіп түсті, бұл өтінімдер барлық аймақтағы мүше ұйымдардың операциялық және әкімшілік жетістіктерінің ауқымын көрсетті», - деп атап өтті қауымдастық өкілдері.
2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 1 321 017 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.
Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ, инвестициялық қызметке 2022 жылдың 1 cәуіріндегі жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланған.
2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде зейнет жасына толған және зейнетақы жинақтары бар, бірақ төлем алуға өтініш білдірмеген 175 мыңнан астам салымшы (алушы) бар.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың үш айында (01.01.2022 - 01.04.2022 аралығында) өз салымшыларына 11,8 миллион қызмет көрсетті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 13,0 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.
1 сәуірдегі БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері
2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,0 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.04.2021ж. мен 01.04.2022ж. аралығындағы бір жыл ішінде бұл қаражат 380,5 млрд теңгеге немесе 3,0% ұлғайды.
2021 жылдың соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің enpf.kz корпоративтік сайтында Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2022-2026 жылдарға арналған жаңартылған Корпоративтік даму cтратегиясын жариялады. Ілкідегі Корпоративтік стратегия 2017 жылы бекітіліп,ондағы БЖЗҚ-ның 2021 жылға дейінгі кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттері орындалған болатын. Бүгінгі жарияланымда Қордың соңғы бес жылда атқарған жұмысына толығырақ тоқталамыз. Әрине, оның барлығын шағын мақалаға сыйғызу мүмкін емес, бірақ өткен жылдардағы ең есте қаларлық оқиғаларды атап кетелік.
2022 жылдың 1 мамырынан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-да (ҚДКБҚ) бір жыл ішінде кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтем ақшасы БЖЗҚ-да депозит иелерінің атына ашылған ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) аударылатын болады.
2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға 1 317 739 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.
2022 жылдың 31 наурызында 23 сағат 59 минутқа дейін уәкілетті операторлардан келіп түскен тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы өтініштерді өңдеудің аяқталуына байланысты enpf.kz сайты мен БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қолжетімді сома туралы ақпарат 1 сәуір операциялық күні бойы өзектендірілді.
2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ, инвестициялық қызметке 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланған.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың екі айында (01.01.2022-01.03.2022 аралығында) өз салымшыларына 6,6 миллион қызмет көрсетті.