Филиалды таңдаңыз:
Қазақстандықтар тұрғын үй сатып алуға және (немесе) емделуге 1,9 млн өтінішке сәйкес шамамен 3,8 трлн теңге көлеміндегі зейнетақы жинақтарын пайдаланды. Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарын азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.
«БЖЗҚ» АҚ-ның 2022-2026 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясын іске асыру шеңберінде, оның ішінде проактивті форматты енгізуді ескере отырып, зейнетақы қызметтерін одан әрі жетілдіру жөніндегі міндеттерді қоса алғанда, "БЖЗҚ" АҚ салымшыға көмек ретінде болашақ зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралы - зейнетақы жинақтарының дербес жоспарын іске қосты.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген демалысқа 2018 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезеңде шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан берілетін төлем мөлшері 5% артты.
"БЖЗҚ" АҚ 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару туралы есепті enpf.kz сайтында ұсынады. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер-инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 17 364,76 млрд теңгені құрады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 17 347,35 млрд теңге болды. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 17,41 млрд теңге.
2023 жылғы қаңтар-қараша аралығында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 1,2 трлн теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 468,54 млрд теңгеге немесе 60,3% артық.
Ағымдағы жылдың 11 айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (01.01.2023 ж. бастап 01.12.2023 ж. бойынша) өз салымшыларына 22,8 млн. қызмет көрсетті. Оның ішінде электрондық форматта – 15,8 млн. астам, автоматты форматта – 5,1 млн. қызмет ұсынылды. Күндізгі форматта 1,2 млн. салымшыға қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселеріне 1,0 млн. адам жүгінді.
2023 жылғы 1 желтоқсандағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері.
2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 17,4 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бергі өсім 2,7 трлн теңге ( 18,4%) болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 3 трлн теңгеге немесе 20,5% ұлғайды.
Болашақ зейнетақының мөлшері туралы сұраққа жауап іздеген БЖЗҚ салымшылары ыңғайлы құрал – зейнетақы калькуляторын пайдалана алады. Оның мүмкіндіктері жақында ғана жаңа функциялармен тролықтырылды. Енді сіз өзіңіздің болжамды болашақ зейнетақыңызды дербес есептеп қана қоймай, Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістерге сәйкес сақтандыру ұйымынан және болжамды зейнетақы калькуляторынан сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемін есептеуді өзектендіре аласыз.
БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) ашылған күннен бастап кез келген сұралған күнге өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу - бұл міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының (бұдан әрі-салымшылар (алушылар)) заңмен бекітілген құқығы болып табылады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы іске қосылатыны бәрімізге белгілі. Оның шеңберінде барлық кәмелетке толмаған қазақстандықтарға жыл сайын ҚР Ұлттық қорының 18 жылдағы орташа инвестициялық табысының 50% теңдей үлесте есептелетін болады.
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) шамамен 1 млн отандасымыздан 3,7 трлн теңгеден асатын сомаға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделу ақысын төлеуге берілген 1,9 млн астам өтінішін орындады. Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарын салымшылар (алушылар) тұрғын үйге, емделуге немесе инвестициялық портфельді басқарушыларға (бұдан әрі – ИПБ) аударуға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.
Ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері бұрынғы деңгейде қалды
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) жыл сайын келесі қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заң ресми жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында алдағы жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігі шегін (ТЖШ) жариялауға міндетті.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Оның аясында Қазақстанның барлық кәмелетке толмаған азаматтарына жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) инвестициялық кірісінің 50% есептелетін болады. Оған қоса, балаларға өткен жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастыратын болады. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.
БЖЗҚ 01.01.2024 жылдан бастап қолданыстағы жинақтаушы жүйе жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауыш - жұмыс берушінің зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылатынын еске салады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы аннуитеті шарттары (бұдан әрі – ЗАШ) бойынша зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аудару рәсімін оңтайландыруды көздейтін Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің және № 44 Қағидалардың ережелері қолданысқа енгізіледі.
Салымшылар қызмет алудың түрлі форматтарын таңдайды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың 10 айында (01.01.2023 бастап 01.11.2023 ж. дейін) өз салымшыларына 20 млн. астам қызмет көрсетті. Оның ішінде 14,4 млн. астам қызмет электрондық форматта, 4,7 млн. астамы – автоматты форматта ұсынылды. Күндізгі форматта, оның ішінде Қордың кеңселерінде және барып қызмет көрсету барысында 1 млн-нан астам операция жүргізілді.
Ашық есік күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры дәстүр бойынша өз қонақтарын "Ұлттық қор - балаларға" әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік жобасының мақсатын, оны іске асыру тетігін түсіндіру және қызықтырған сұрақтарға жауап беру үшін қабылдайды.
2023 жылдың 10 айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс – 1,23 трлн теңге. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 578,11 млрд теңгеге немесе 89,3% артық.
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 17,2 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде ол 3,1 трлн теңгеге немесе 21,7%, ал 2023 жылғы қаңтар-қазан аралығында 2,5 трлн теңгеге немесе 17,4% өсті.
Құрметті салымшылар!
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) соңғы уақытта алаяқтардың жалған ақпарат тарату жағдайларының жиілеп кеткенін хабарлайды.