24.07.2020
Үзінді көшірмелер бойынша қорытынды сомадағы алшақтықтар жөнінде түсіндірме
Соңғы уақытта салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-ға «Электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz) арқылы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылары қаражаттарының түсімі мен қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі аясында қалыптастырған құжат пен БЖЗҚ-дан немесе egov.kz веб-порталы арқылы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (инвестициялық табыс есебімен) ақпарат» мемлекеттік қызметі аясында алынған жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде көрсетілген зейнетақы жинағының қорытынды сомасындағы алшақтық себебін түсіндіріп беру туралы өтініш жасау жағдайлары көбейіп кетті. Осы құжаттардың табиғатын талдап көрейік.
22.07.2020
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі 2020 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша
БЖЗҚ ресми сайтының «Көрсеткіштер» – «Инвестициялық қызмет» бөлімінде зейнетақы активтерінің портфелін басқару бойынша инвестициялық қызмет туралы 2020 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша толық есеп орналастырылған.
22.07.2020
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес Қор жұмысына баға берді
Эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) сырқаттану деректерінің көбеюіне байланысты БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті, он төртінші отырысы онлайн түрде өткізілді.
22.07.2020
Зейнетақы жинақтарын мезгілінен бұрын пайдалану туралы
Евгений Сейпульниктің коронавирустық пандемия кезеңінде салымшылардың зейнетақы жинақтарын жеке қажеттіліктері үшін пайдалану мүмкіндігі туралы бастамасы оның жеке пікірі болып табылады. БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 2020 жылғы 17 шілдеде өткізілген кезекті отырысында бұл ұсыныс талқыланған жоқ.
14.07.2020
Қазақстанның зейнетақы жүйесі көрсеткіштерін әлем елдерімен салыстырсақ
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік сайтындағы (www.enpf.kz) «Әлемнің зейнетақы жүйелері» бөлімінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі бар елдердің негізгі көрсеткіштеріне шолу жарияланған. Онда «БЖЗҚ» АҚ мамандары Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мен Қазақстанды салыстырды. Негізге ЭЫДҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және БЖЗҚ статистикалық деректері алынды.
13.07.2020
Шектеу шаралары енгізілгеннен кейін «БЖЗҚ» АҚ филиалдары қалай жұмыс істеуде?
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) сырқаттанудың өсуіне байланысты 5 шілдеден бастап коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шектеу шараларымен он төрт күндік карантин енгізілді.
Осылайша коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің өңірлік филиалдарының төмендегідей жұмыс тәртібі туралы хабарлайды.
10.07.2020
СМС хабарлама алудағы техникалық қателік
Қазіргі уақытта техникалық қателіктердің орын алуына байланысты корпоративтік сайтта да, ұялы қосымшада да Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Жеке кабинетінде қайта тіркелу үшін бір реттік СМС-пароль жіберілмейді.
БЖЗҚ қызметкерлері осы функцияны қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр және жақын арада қате түзетіледі.
Егер сіздің электрондық поштаңыз БЖЗҚ базасында тіркелген болса, онда бір реттік парольді электрондық поштаға алуға болады.
09.07.2020
«БЖЗҚ» АҚ-ның өңірлік желісіндегі өзгерістер
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «БЖЗҚ» АҚ-ның Түркістан облыстық филиалы атауының «БЖЗҚ» АҚ-ның Шымкент қаласындағы филиалы» болып өзгертілгенін, орналасқан жерінің Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би көшесі, 45 мекенжайы бойынша өзгертілмей ауыстырылғаны туралы хабарлайды.
01.07.2020
БЖЗҚ байланыс орталығының карантин уақытындағы жұмыс тәртібі
2020 жылғы 1 шілдеден 15 шілдеге дейін аралығында «БЖЗҚ» АҚ-ның байланыс орталығы төмендегідей жұмыс кестесі бойынша қызмет атқаратындығы туралы хабарлаймыз:
жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.
Сонымен қатар, www.enpf.kz корпоративтік сайтында, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында кеңес алу мүмкіндігі call-орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес болады.
29.06.2020
МЗЖ бойынша зейнетақы шоттары БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылады
Қазір Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсімі жеңілдетілді және салымшының жеке қатысуы талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу туралы өтініш ресімдеу мақсатында БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ.
26.06.2020
«БЖЗҚ» АҚ-ның салымшылары 90 пайыздан астам қызмет түрлерін онлайн режимінде алуда
Қазақстанның кейбір қалаларында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты жалғасып жатқан карантинге қарамастан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары қызметтерді толық көлемде алуда.
2020 жылдың 1 маусымына БЖЗҚ қызметтерінің 90% астамы электрондық форматта көрсетілді. Қазіргі заманға сай дамыған технологиялардың және Қордың ақпараттық жүйелерінің сапалы жұмысының арқасында салымшылар қызметтердің көп бөлігін үйден шықпай-ақ ала алады.
25.06.2020
Қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы шоттарына 428 миллиард теңгеден аса қаржы аударды
Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бастап 428,2 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткіштерден 12% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95% астамы БЖЗҚ - ға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түрінде аударылған түсімдердің үлесінде, оның сомасы – 408 млрд теңге, ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 20 млрд теңгеден астам, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 134 млн теңгені құрады.
24.06.2020
БЖЗҚ алушыларға 62 миллиард теңгеден аса қаржы төледі
2020 жылдың алғашқы бес айында Қор 209 213 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 62,4 миллиард теңгеге 794 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:
23.06.2020
БЖЗҚ-дағы шоттар саны 11,6 миллион бірліктен асты
2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттардың саны 1 миллион бірлікке жуық ұлғайды. Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бірлікті құраса, 1 маусымда бұл көрсеткіш 11,6 миллионға (11 682 546) жетті.
Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны он бір миллионнан асты, дәлірек айтқанда 11 111 389. Одан кейінгі орынды иеленген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан шоттардың саны 515 837-ге жетті. Ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) да саны арта түсті, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны – 55 320.
10.06.2020
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесі туралы сауаттылық деңгейі арта түсті
Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығының деңгейін анықтайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шығарылды.
Зерттеулерді «Стратегиялық зерттеулер орталығы» Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласының тұрғындары арасында жаппай сауалнама жүргізу әдісімен өткізді. Жалпы алғанда 3000 респондент сауалнамаға қатысты, олардың ішінде жалдамалы қызметкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыз адамдар бар.
05.06.2020
«БЖЗҚ» АҚ филиалдары қазір қалай жұмыс істеуде?
Қазақстанда соңғы аптада осыған дейін енгізілген карантиндік шектеулерді кезең-кезеңмен алып тастау басталды. Бұл ретте коронавирустық инфекция (COVID-19) таралуының ағымдағы жағдайын және республикамыздың кейбір қалаларында сақталып отырған карантинді ескерудің маңызы зор. Осыған байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бес өңірлік филиалы (Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары) мен Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалда Қордың салымшылары мен алушыларына күндізгі қызмет көрсету нысанына біртіндеп көшудің басталғанын хабарлайды.
04.06.2020
Инвестициялық табыс сомасы неге өзгеріп отырады?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы қазіргі уақытта 12 триллион теңгеге жуық. Бәрімізге белгілі, зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жарналары мен түскен қаражатты инвестициялаудан алынған инвестициялық табыстан тұрады.
03.06.2020
БЖЗҚ-ның белсенді салымшылары 1,7 миллион адамға көбейді
2020 жылдың 1 мамырына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 11 460 521 бірлік болды. 2020 жылдың қаңтар – сәуір айларындағы жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 978 170 бірлікке көбейді, оның ішінде 1 034 627 жаңа шот ашылды.
01.06.2020
1-маусымнан бастап БЖЗҚ қызметтері Қазпоштаның 304 бөлімшесінде қолжетімді
Еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны сәтті атқарып келе жатқандарына да жылдың жүзі болып қалды. Қазпошта операторларын оқыту шарасы өткізілгеннен кейін зейнетақы қызметтері БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ елді мекендерде енгізілді. Енді салымшылар бұрын таяу жерде орналасқан ірі елді мекендерге бару керек болған қызметтерді еш қиындықсыз ала алады.
25.05.2020
Болашақ зейнетақы мен аннуитет бойынша төлем мөлшерін қалай білуге болады?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысы Қор сайтындағы ең танымал сервистердің бірі – Болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, өзінің болашақ зейнетақы төлемдерін дербес есептей алады. Ол Қазақстанның көп деңгейлі зейнетақы жүйесі аясындағы мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы сияқты барлық құрамдауыштарын қамтиды.