22.04.2019
Қордың мамыр айындағы жұмыс кестесі
Қор бөлімшелері 2019 жылдың мамыр айында мына жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді
22.04.2019
2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері
2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,64 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 262,3 млрд теңгеге өсті
19.04.2019
Зейнетақы активтері бойынша 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында есептелген инвестициялық табыс 25,42 млрд теңгені құрады
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтері бойынша 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында есептелген инвестициялық табысқа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына байланысты былайша түсініктеме береді.
19.04.2019
БЖЗҚ аукцион жариялайды
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы «БЖЗҚ» АҚ-ның жылжымайтын мүлкін сату бойынша аукцион жариялайды.
18.04.2019
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы және меншікті активтері бойынша 2018 жылғы есептілігі расталды
Алматы, Қазақстан «БЖЗҚ» АҚ-тың зейнетақы және меншікті активтері бойынша 2018 жылғы қаржылық есептілігіне қатысты сыртқы аудит аяқталды. Тәуелсіз аудитордың қорытындысы бойынша («Делойт» ЖШС) «...қаржылық есептілік Халықаралық қаржы есептілігі стандартына сәйкес 2018 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қордың қаржылық ахуалын, сондай-ақ қаржылық нәтижелерін және осы күнге қарай ақша құралдарының бір жыл ішіндегі қозғалысын барлық тұрғыда шынайы көрсетеді».
09.04.2019
БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебін өткізеді
Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі аясында осымен төртінші рет БАҚ өкілдері, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері үшін қарқынды оқыту курсын өткізеді. Бұл жолғы курс тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар».
04.04.2019
БЖЗҚ зейнетақы активтері портфеліндегі Әзірбайжан Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алу құнынан жоғары бағамен сатылды
ҚР Ұлттық Банкі шоғырландыру тәуекелін азайту, сондай-ақ қолайлы нарық жағдаятын ескере отырып, зейнетақы активтерінің портфеліндегі Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарын жартылай сату туралы шешім қабылдады. 2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздары атаулы құнының 87,75 пайызы көлемінде жалпы сомасы 4,47 млн АҚШ долларына (немесе 1,68 млрд теңге) сатылды. Бұл көрсеткіш осы бағалы қағаздардың сатып алу құнынан жоғары
01.04.2019
Жанат Құрманов «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
...
01.04.2019
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваның өкілеттігі тоқтатылды
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2019 ж. 29 наурыздағы №1 хаттама) Қорды 2017 жылдың қаңтар айынан бері басқарып келген Наурызбаева Нұрбибі Серікқажықызының өкілеттігі 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап тоқтатылды
29.03.2019
2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне шолу
2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,49 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 115,8 млн теңгеге өсті
19.03.2019
БЖЗҚ-да «2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбы бойынша Ашық есік күні өткізілді
2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалында биылғы жылы алғашқы «Ашық есік күні» шарасы өткізілді
15.03.2019
«Мобильдік кеңсе» – БЖЗҚ қызметтерінің сапасы, ыңғайлылығы және қолжетімділігі
Бұдан бір жыл бұрын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – Қор) «Мобильдік кеңсе» жобасын іске қосқан болатын. Оны зейнетақы қызметтерін жерсеріктік байланыстың көмегімен онлайн тәртібінде көрсететін жылжымалы қызмет көрсету орталығы деуге болады. Бүгінде ол салымшылар арасында сұранысқа ие болып келе жатқан жемісті жобалардың бірі
13.03.2019
БЖЗҚ қызметтері қашанда қолжетімді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – Қор) өзінің көрсететін қызметтерінің сапасын үнемі жетілдіріп отырады
11.03.2019
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады
«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ барлық филиалында таңғы сағат 10:00-да «2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбы бойынша «Ашық есік күні» шарасын өткізеді
06.03.2019
БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары бойынша шоттардың өсу серпіні оң сипатқа ие
2019 жылдың 1 ақпанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны – 10,4 млн бірлікті құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған шоттар – 9,9 млн бірлік (95%), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ саны – 0,5 млн бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 0,05 млн бірлік болды
05.03.2019
Инвестициялық табыс күн сайын есептеледі
2018 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) салымшыларының шоттарына 847,1 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті
04.03.2019
Хабарландыру
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) акционерлік қоғамы
2019 жылдың 19 ақпанынан бастап, заңды және пошталық мекенжайының ауысқандығын хабарлайды
28.02.2019
2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне шолу
2019 жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,4 трлн теңгені құрап, соңғы 12 ай ішінде 1,6 трлн теңгеге көбейді. Еске сала кетелік, былтырғы жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңге болған еді
28.02.2019
2019 жылдың қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-та жеке зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылады
2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының базасында автоматты түрде 9 409 жеке зейнетақы шоты ашылды
28.02.2019
Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу аясында БЖЗҚ-ға жарналар түсе бастады
2019 жылдың қаңтар айында БЖТ төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 3 655 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге 4019 жарна (1,1 млн теңге қала тұрғындарынан, ал 948 мың теңге ауыл тұрғындарынан) келіп түсті