04.03.2019
Хабарландыру
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) акционерлік қоғамы
2019 жылдың 19 ақпанынан бастап, заңды және пошталық мекенжайының ауысқандығын хабарлайды
28.02.2019
2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне шолу
2019 жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,4 трлн теңгені құрап, соңғы 12 ай ішінде 1,6 трлн теңгеге көбейді. Еске сала кетелік, былтырғы жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңге болған еді
28.02.2019
2019 жылдың қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-та жеке зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылады
2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының базасында автоматты түрде 9 409 жеке зейнетақы шоты ашылды
28.02.2019
Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу аясында БЖЗҚ-ға жарналар түсе бастады
2019 жылдың қаңтар айында БЖТ төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 3 655 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге 4019 жарна (1,1 млн теңге қала тұрғындарынан, ал 948 мың теңге ауыл тұрғындарынан) келіп түсті
28.02.2019
Жыл басынан бері фрилансерлер мен жеке кәсіпкерлердің «БЖЗҚ» АҚ-тағы зейнетақы шоттарына 4,2 млрд теңге түсті
2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 253,4 мың салымшыдан, яғни жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге 768,6 мың жарна келіп түсті
27.02.2019
Қордың наурыз айындағы жұмыс кестесі
Қор бөлімшелері 2019 жылдың наурыз айында мына жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді
21.02.2019
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңеске жаңа мүшелер қабылдау
«БЖЗҚ» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңес туралы Ереженің 24 тармағының 2) тармақшасына сәйкес Кеңес екі жылда бір рет Кеңес мүшелерінің құрамын жаңарту мақсатында дауыс беру шарасын өткізеді.
19.02.2019
«БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларға ақпарат беру бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлайды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені кез келген уақытта (электрондық тәсілмен) тегін алуға құқылы. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық
19.02.2019
Қоғамдық кеңестің оныншы отырысы өтті
2019 жылдың 15 ақпанында «БЖЗҚ» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің оныншы отырысы өтті. Қоғамдық кеңес мүшелеріне Қордың 2018 жылғы қызметінің алдын ала қорытындысы ұсынылып, 2018 жылы «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі қалай басқарылғандығы туралы мәлімет берілді және инвестициялаудың 2019 жылға арналған негізгі бағыттары айқындалды
12.02.2019
Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметі көрсетілетін 60 мемлекеттік қызметтің ішінде үздіктердің бірі болып танылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізген қоғамдық мониторинг нәтижесінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі үздік бестіктің қатарына енді.
08.02.2019
«Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) мен Қазақстан Республикасы нотариустарының өзара іс-қимылын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы Шарт жасалды. Бұл шара «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелген болатын.
06.02.2019
Бірыңғай жиынтық төлем және қазақстандықтар үшін оның артықшылықтары
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды.
30.01.2019
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ инвестициялық портфелі
БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай және қанша мөлшердегі бағалы қағаздарға, қандай нарықтық баға бойынша инвестицияланатыны жайындағы мағлұматтардан тұрады.
21.01.2019
Зейнетақы жинақтарының жай-күйін egov.kz порталында sms-хабарламаның көмегімен білуге болады
«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 Қаулысының күшіне енетіндігін хабарлайды. Соған сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында енді электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегінсіз де қолжетімді болады
10.01.2019
БЖЗҚ көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ете отырып, өңірлік желілерін оңтайландыруда
БЖЗҚ салымшылар мен алушылардың Қор бөлімшелеріне келу көрсеткішіне, сәйкесінше оларға түсетін жүктемеге тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізіп келеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы деректерді негізге ала отырып, операциялық шығындарды азайту мақсатында өзінің өңірлік желілерін оңтайландырады
08.01.2019
БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімі оңайлатылды
2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ
04.01.2019
Фрилансерлер үшін жарналарды төлеу рәсімі оңайлатылады
2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді. Ол азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететін жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеу рәсімін оңайлатуға бағытталған
28.12.2018
Алматы қ. филиалы мен №7 бөлімшенің көшуі
Құрметті «БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласындағы салымшылары мен алушылары!
28.12.2018
2018 жылдың 1 желтоқсанына қарай «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы қызметінің қорытындысы
2018 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,1 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 1,4 трлн теңгеге немесе 17 пайызға өсті.
25.12.2018
«БЖЗҚ» АҚ тұжырымы бойынша үздік эссе авторларының есімі аталды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үздік эссе байқауының қорытындысын шығарды. Оған 250-ден астам адам қатысты