24.04.2023
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» БЖЗҚ өзекті сауалдарға жауап береді
1.Зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде аударымдар сомасы 2013 жылдан басталады. Ал оған дейінгі жылдарда жасалған аударымдар туралы ақпаратты қалай алуға болады?
БЖЗҚ 2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының ("МЖЗҚ" ЖЗҚ" АҚ) базасында құрылды. Барлық жеке қорлардың зейнетақы активтері мен міндеттемелері БЖЗҚ-ға берілді.
24.04.2023
Хабарласыңыз, Сізге міндетті түрде жауап береді!
Жыл басынан бері БЖЗҚ мамандары
қашықтықтан берілген 130 мыңға жуық өтінішті өңдеді.
БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға түрлі байланыс арналары арқылы қызмет көрсетеді. Олардың ішіндегі ең ыңғайлысы – enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет (бұл туралы мына жерден оқи аласыз)
14.04.2023
Инвестициялық портфельді басқарушылар: қалай таңдау керек және нені білген дұрыс?
Біздің зейнетақы жинақтарымыз зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кірістерден тұратыны белгілі. Зейнетақы активтерін инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі, ал 2021 жылдан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) да айналысады. Зейнетақы жинақтарын міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен сенімгерлік басқарудың басты мақсаты – түрлі қаржы құралдарына инвестициялау және табыс алу.
11.04.2023
Жеке кабинет – зейнетақы қызметтерін алу үшін ең қолайлы қызмет
Қазіргі кезде БЖЗҚ зейнетақы қызметтерінің көпшілігін алу үшін ең сұранысқа ие және ыңғайлы жол - enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет. Олардың ішіндегі ең танымалы – зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу. Айта кетейік, бұл ақпаратты электрондық үкімет порталынан да алуға болады. Онда бұл қызмет түрі екі нұсқада ұсынылған:
06.04.2023
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 22-ші отырысы өтті
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 22-ші отырысында үш мәселе қаралды:
1) "БЖЗҚ" АҚ-ның 2022 жылғы қызметінің алдын ала қорытындылары.
2) «БЖЗҚ» проблемалық эмитенттердің зейнетақы активтерімен жұмысы.
3) Бірыңғай жиынтық төлем шеңберіндегі міндетті зейнетақы жарналары.
05.04.2023
Салымшылар ИПБ өзгерте бастады
БЖЗҚ 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша есептік деректерді келтірді
Тұрғын үйге
2021 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін шамамен 3,2 трлн теңге аударылды. Осылайша Қор салымшылар мен алушылардың 1 355 921 өтінішін орындады. Бір өтініш бойынша алынған орташа сома шамамен 2,4 млн теңгені құрайды. Айта кету керек, бірегей өтініш берушілердің саны 691 204 адам болды. Бұл дегеніміз, көптеген салымшылар мен алушылар тұрғын үй жинақтарын бірнеше рет пайдалану мүмкіндігін пайдаланды.
31.03.2023
Зейнетақыны алуға уақытылы хабарласыңыз!
2022 жылы зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ оларды алуға уақытылы жүгінбеген 7 мыңға жуық адам зейнетақы төлемдеріне ие болды. Оның 4,5 мыңы – әйелдер, 2,5 мыңы – ер адамдар. Бұл БЖЗҚ-ның жыл сайын "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" комерциялық емес Акционерлік қоғамымен бірлесіп, зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын, бірақ төлем алуға Қорға өтініш білдірмеген адамдарды анықтау тұрғысынан жүргізетін салыстырып тексеру нәтижесінде жүзеге асты.
30.03.2023
2023 жылғы 1 наурыздағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызмет ашық және танысу үшін қолжетімді. Қордың enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет" бөлімінде ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпарат, сондай-ақ, инвестициялық қызметке шолулар орналастырылады.
29.03.2023
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 11,4% өсті
БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 наурыздағы негізгі көрсеткіштері.
2023 жылғы 1 наурызға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарында 15,13 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Жыл басынан бері 01.03.2023 ж. дейін олардың өсімі 466,2 млрд теңге (3,2%) болды. Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 1,54 трлн теңгеге (немесе 11,4%) өсті.
28.03.2023
БЖЗҚ электрондық қызметтеріне сұраныс цифрландырудың жаһандық трендтеріне сәйкес келеді
Биылғы жылдың екі айында (01.01.2023 жылдан 01.03.2023 жылға дейін) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшыларына 4,6 млн. қызмет көрсетті: оның ішінде 3,1 млн – электронды форматта, 1,14 млн – автоматты режимде іске асырылды. Осылайша қызметтердің жалпы көлемінің 92% астамы қашықтан ұсынылды: Қор сайты немесе мобильді қосымшасы, сондай-ақ, өтінімсіз режимде.
27.03.2023
БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) екі айдағы таза инвестициялық табысы 204,4 миллиард теңгеден асты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) таза инвестициялық табысы жыл басынан бері 01.03.2023 ж. жағдай бойынша 204,4 млрд теңгеден асты.
20.03.2023
Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарландырудың ең ыңғайлы тәсілдерін таңдаңыз
БЖЗҚ жалақыңыздан ұсталған және БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотыңызға (ЖЗШ) аударылған зейнетақы жарналарыңыздың уақытылы түсуіне және мөлшерінің дұрыстығына үнемі қызығушылық танытып, қадағалап отыруға кеңес береді.
16.03.2023
Зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысын ұзақ мерзімді кезеңде қарастыру қажет
Нарықтық қайта бағалау қорытындысы бойынша 13 наурызда БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) инвестициялық табысы 344 млрд теңгеге өсті.
Зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді инвестициялар болып табылатыны және инвестициялық кіріс мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаудың жөн екендігінің тағы бір дәлелі – теріс бағамдық айырманың пайда болуы және инвестициялық портфельдегі қаржы құралдарын нарықтық бағалаумен байланысты инвестициялық кірістің қысқа мерзімді өзгеруінен кейінгі салымшылардың (алушылардың) жинақтарының инвестициялық құрамдас бөлігінің қарқынды өсуі болды.
15.03.2023
Бірлескен зейнетақы аннуитеті зейнетақы жинақтарын басқару тәсілі ретінде
2023 жылғы 14 наурызда БЖЗҚ филиалдарында кезекті Ашық есік күні мәресіне жетті. Дәстүрге айналған іс-шара үнемі жаңаша сипатта өтеді. БЖЗҚ мамандары ең өзекті тақырыптарды және ақпарат берудің қолжетімді нысанын таңдайды.
14.03.2023
Доллар бағамының зейнетақы жинақтарына әсері немесе барлық жинақты бір ғана валютаға инвестициялауға неліктен болмайды?
БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының зейнетақы жинақтары жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) түсетін жарналардан және оларға есептелетін инвестициялық кірістен тұрады.
Осылайша, инвестициялық кіріс ЖЗШ-ға түскен сәттен бастап зейнет жасына толғанда, шетелге қоныс аударған кезде немесе мұрагерлік бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде алуға болатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігіне айналады.
09.03.2023
Зейнетақы жинақтарын пайдалану айтарлықтай азайды
«БЖЗҚ» АҚ 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша есептік деректері
Тұрғын үйге
2021 жылдың қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 наурызына қазақстандықтардың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін БЖЗҚ-дан шамамен 3,2 трлн теңге аударылды. Осылайша Қор салымшылар мен алушылардың 1 351 861 өтінішін орындады. Бір өтініш бойынша алуға болатын орташа сома – шамамен 2,4 млн теңге.
02.03.2023
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
Жақында мен еңбек сіңірген демалысым – зейнетке шығамын. Зейнетақы алу үшін қайда жүгінсем болады?
Мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақыны, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бар болса) есебінен зейнетақы төлемдерін алу мақсатында сіз зейнет жасына толған кезде тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) бірыңғай өтінішпен, оның ішінде жеке басыңызды куәландыратын құжатпен, банктегі шотыңыз туралы мәліметтермен бірге жүгінуіңіз керек.
02.03.2023
Алаяқтарға алданып қалмаңыздар!
БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратуының жиілеп кеткен жағдайлары туралы хабарлайды.
01.03.2023
Зейнетақы аннуитетінің барлық жаңалықтары
Ағымдағы жылдың 14 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында онлайн-форматта кезекті Ашық есік күні өтеді
28.02.2023
Зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті
2023 жылғы қаңтарда есептелген зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 5,4 есеге артып, 66,4 млрд теңгеге жетті.