18.07.2023
БЖЗҚ-дан берілетін жерлеуге арналған біржолғы төлемге салық салу
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылатын жерлеуге арналған біржолғы төлемге салық салу тәртібі туралы хабарлайды.
12.07.2023
ЕАЭО-ға мүше мемлекет еңбеккерлерінің Қазақстандағы еңбек өтілі туралы мәліметтерді кім береді?
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы №163, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №304 бірлескен бұйрығымен Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді іске асыру бойынша құзыретті органмен Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының өзара іс - қимыл реттемесіне - (бұдан әрі – Реттеме) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Реттеме Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.03.2021 ж. № 62, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 28.04.2021 ж. №249 бұйрығымен бекітіліп, 26.05.2023 ж. күшіне енген.
12.07.2023
"БЖЗҚ" АҚ тұрғын үй мен емделуге 1,8 миллионға жуық өтінішті орындады
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) шамамен 3,6 трлн теңгеге 1 млн салымшыдан түскен 1,8 млн. жуық өтінішті орындады. Өздеріңізге белгілі, зейнетақы жинақтарын салымшылар (алушылар) зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде тұрғын үйге және (немесе) емделу, сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі – ИПБ) басқаруына беру үшін шексіз рет пайдалана алады.
11.07.2023
Әлеуметтік кодекс салымшының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтеді
2023 жылғы 1 шілдеде Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар жаңалықтарды көздейтін ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енді. Олардың бір бөлігі салымшылардың өз активтерін басқару құқығын кеңейтуге қатысты.
01.07.2023
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 25-отырысы өткізілді
Әлеуметтік кодекстің күшіне енуі қарсаңында Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіндегі бірінші мәселе – ел үшін маңызы зор құжатты талқылау болды.
30.06.2023
БЖЗҚ салымшылары арасында онлайн-форматтағы қызметтердің танымалдылығы артып келеді
2023 жылдың 5 айында (01.01.2023ж. бастап 01.06.2023ж. дейінгі кезеңде) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшылары мен алушыларына шамамен 10,7 млн қызмет көрсетті. Оның ішінде 7,4 млн (69,83%) – электрондық форматта, 2,4 млн (22,24%) – автоматты түрде, 277 мыңнан астамы (2,60%) – ақыл-кеңес түрінде қашықтан көрсетілетін форматта ұсынылды. Осылайша, отандастарымыз зейнетақы қызметтерінің шамамен 95% қашықтықтан алады.
30.06.2023
Деректемелеріңіздің өзгергендігі туралы Қорға уақытылы хабарлағаныңыз жөн
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекет басшысы 2023 жылғы 20 сәуірде қол қойған Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) күшіне енеді. Кодексте зейнетақы жинақтарының жай күйі туралы ақпарат алуға қатысты кейбір өзгерістер көзделген.
27.06.2023
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп берді
2023 жылғы 1 маусымға арналған зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ-ның зейнетақы активтерін басқару туралы есептері ұсынылды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15 846,7 млрд теңге болды.
26.06.2023
2023 жылдың 22 маусымында «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» өткізілді
"Ашық есік күні" Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін дәстүрлі іс-шараға айналды. Бұл жолғы күн тәртібі – "Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақы калькуляторы".
26.06.2023
БЖЗҚ салымшыларының жыл басынан бергі 5 айдағы таза инвестициялық кірісі – 493,4 млрд теңге
2023 жылғы қаңтар-мамыр аралығында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 493,4 млрд теңгеге жетті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚР ҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік соңғы 12 айда 11,56% көрсетті.
26.06.2023
БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 маусымдағы негізгі көрсеткіштеріне шолу: зейнетақы жинақтары бір жылда 24% өсті
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 15,8 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес күнінен бастап ол шамамен 3,07 трлн теңгеге немесе 24% өсті.
23.06.2023
«БЖЗҚ» АҚ телефон арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткендігі туралы ескертеді
"БЖЗҚ" АҚ қазақстандықтарды телефон арқылы алаяқтық жасап, азаматтардың дербес деректерін иемдену әрекеттерінің жиілеп кеткендігі туралы ескертеді.
22.06.2023
Зейнетақы жарналарының міндетті сипаты
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - бұл агент (жұмыс беруші) БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына төлейтін ақшалай мәндегі еңбекақы мен өзге де кірістердің барлық түрлерінің 10% бөлігі. Бұл ереже еңбек шарты бойынша да, заңды тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша да қызметкерлерге қолданылады.
21.06.2023
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгізіледі
2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін ҚР Әлеуметтік кодексі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу мәселелерін реттейтін нормаларды қамтиды.
21.06.2023
БЖЗҚ өзекті сауалдарға жауап береді
1. Қайырлы күн, мен 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек сіңірген зейнеткерлер зейнетақы жинақтарын үй сатып алуға немесе емделуге пайдалана алатыны туралы оқыдым. Осындай зейнеткерлер санатына кімдер кіретінін және төлемдерді алу үшін қайда жүгінуге болатынын түсіндіріп жібересіз бе?
16.06.2023
БЖЗҚ зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақы мөлшерін азайтты
2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі бағыттарының бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіру. Осыған байланысты бірқатар жаңалықтарды іске асыру көзделген.
15.06.2023
Жерлеуге берілетін төлем мөлшері ұлғайды
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Онда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар жаңалықтар қамтылған.
14.06.2023
Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлердің зейнетақы жинақтарын пайдалануы
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Онда зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар жаңалықтар қарастырылған.
12.06.2023
Отандастарымыз 3,5 трлн теңгеден астам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға және емделуге пайдаланды
БЖЗҚ 1 млн-ға жуық өтініш берушіден 3,5 трлн теңгеден астам сомаға тұрғын үй сатып алу және (немесе) емделу мақсатындағы 1,7 млн. астам өтінішті орындады. Естеріңізге сала кетейік, азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сома шегінде шексіз рет пайдалана алады.
07.06.2023
Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне орай жинақтаушы зейнетақы жүйесінде не өзгереді?
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді, онда зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар өзгертулер қарастырылған.
Салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейеді