"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

07.04.2020
Шағын және орта бизнес салықтар мен әлеуметтік төлемдерден 2020 жылғы 1 қазанға дейін босатылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайға байланысты 31 наурызда халыққа арнаған бейнеүндеуі барысында қауіпті вируспен күреске бағытталған шектеу шараларынан болатын салдарларды жұмсартатын бірқатар экономикалық және әлеуметтік іс-шараларды атап өтті. Экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында шағын және орта бизнес (ШОБ) кәсіпорындарын қолдауға бағытталған шаралардың бірі ретінде еңбекақы төлеу қорынан 6 айға (2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейін) салық және басқа да төлемдерді есептеу мен төлеудің күшін жою көзделген.

27.03.2020
БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы 500 мың теңгеден асты

2020 жылдың 1 наурызына жалпы сомасы 32,1 миллиард теңгені құрайтын 308 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде: - зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер - 12,2 млрд теңге; - ТТЖ кетуге байланысты - 8,4 млрд теңге; - сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 5,4 млрд теңге; - мұрагерлік бойынша төлемдер - 5,2 млрд теңге; - жерлеуге төлемдер - 595,8 млн теңге; - мүгедектік бойынша төлемдер - 360,2 млн теңге.

26.03.2020
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 11 триллион теңгеден асып түсті

Қазақстанның аса маңызды қаржы институттарының бірі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың алғашқы екі айында 283 миллиард теңгеге ұлғайды. Осылайша азаматтардың зейнетақы жинақтары 11 триллионнан асып, екі айдағы өсім 3% жетті. Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша қалыптасты және соңғы 12 айда 17% - ға ұлғайып, 10,8 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 257 млрд теңге (өсім 25%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеге (өсім 6%) жуық.

20.03.2020
БЖЗҚ салымшыларының 2020 жылдың басынан бергі инвестициялық табысы 332 миллиард теңгені құрады

«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың наурыз айында 11,3 трлн теңгеден асып түсті (жыл басынан бергі өсім 4% пайызды құрады). Зейнетақы активтерін әр түрлі валюталардағы сенімді қаржы құралдарына инвестициялау тұрақты инвестициялық кірістілікті, сондай-ақ шетел валюталарына қатысты теңге бағамының өзгеруі тәуекелдерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Зейнетақы активтері құрылымының 33,7%- дан астамы шетел валютасына номинацияланған қаржы құралдарынан тұрады. Олардың басым бөлігі (портфельдің 30,6%- ға жуық көлемі) - АҚШ долларында.

16.03.2020
БЖЗҚ салымшылары мен қызмет алушыларының назарына!

«БЖЗҚ» АҚ өзінің салымшылары мен алушыларына әлемдегі қалыптасқан пандемиялық жағдайға байланысты және Қазақстан Республикасы Президентінің республикада төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығын басшылыққа ала отырып, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап қоса алғанда 2020 жылдың 30 наурызына дейін Қордың барлық бөлімшелері салымшылардың (алушылардың) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша күндізгі қызмет көрсетуден алыстан (қашықтан) қызмет көрсету режиміне көшетіні туралы ақпарат жеткізеді.

13.03.2020
БЖЗҚ салымшыларының көпшілігі неліктен интернет-ақпарат тәсілін таңдайды?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше тәсілдерін ұсынады. Ақпараттандырудың ең танымал тәсілдері – электрондық тәсілдер, яғни: электрондық пошта арқылы, БЖЗҚ-ға ұсынылған мекенжайға; электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логині мен паролін, оның ішінде ұялы қосымшаны пайдалана отырып, жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.

11.03.2020
Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай!

Соңғы уақытта Қазақстан азаматтары ақшасыз аударымдар жасау барысында әр түрлі банк қосымшаларын жиі пайдалануда. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл үрдістен қалыс қалмай, өз қызметтерін әр түрлі электрондық сервистерге ауыстырып жатыр. Осылайша Қор өз жүйесін мемлекеттік органдармен ғана емес, екінші деңгейдегі банк жүйелерімен де ықпалдастыруды қолға алды.

10.03.2020
Жинақ көлемі жүйеге қатысу өтілі мен жарналарды тұрақты аударуға тікелей байланысты

2020 жылдың 1 ақпанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы 1,09 миллион теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім – 11 пайыз. Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы – 1,2 млн теңге (2019 жылмен салыстырғанда өсім – 10 пайыз), ал әйелдерде – 949 мың теңге (өсім – 12 пайыз). Салымшылардың міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен ашылған шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы – 509 мың теңге (өсім – 17 пайыз), ерікті зейнетақы жарналары бойынша – 48,5 мың теңге.

06.03.2020
БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері 2019 жылы сұраусыз қалған 675 мың зейнетақы шоттарының иелерімен байланыс орнатты. Бұл бір жыл және одан да көп жылдардан бері жарна түспеген «ұйқыдағы» шоттар. Олардың қатарында өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жұмыссыздар, сондай-ақ зейнетақы жарналарын уақытша аудармағандар: үйде бір жылдан астам уақыттан бері декреттік демалыста отырғандар, тәжірибе жұмысындағылар, тағылымдамадан өтушілер, үй шаруасындағы әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, әскери қызметшілер және сотталғандардың шоттары бар.

05.03.2020
2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 миллионнан астам қызмет көрсетілді

2020 жылдың 1 ақпанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету аясында жыл басынан бері 1 551 766 операция орындалды. Оның басым бөлігі, яғни 80,4 пайызы (1,25 млн) электрондық форматта жүзеге асырылды. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім - 2 пайыз. Дегенмен көптеген салымшылар зейнетақы қызметтерін алу үшін Қор мамандарына жүгінгенді жөн санайды.

04.03.2020
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 100 мың теңгеден асты

2020 жылдың алғашқы айында 146 мыңнан астам алушы үшін зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде: - зейнет жасына толуға байланысты – 7,4 млрд теңге; - Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 4,8 млрд теңге; - сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 2,6 млрд теңге; - мұрагерлік бойынша – 2,5 млрд теңге; - жерлеуге байланысты – 311 млн теңге; - мүгедектігі бар жандарға – 200 млн теңге төленді.

27.02.2020
2020 жылдың 1 ақпанына қарасты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштері

2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша барлық негізгі көрсеткіштер былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оң сипатқа ие. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,9 триллион теңгені құрап, бір жыл ішінде 16 пайызға өсті. Зейнетақы жинақтарының басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан. Ал МЗЖ есебінен жиналған жинақ ақша 10,6 трлн теңгені құрады. Бір жыл ішіндегі өсім – 15 пайыз.

27.02.2020
Қордың 2020 жылдың наурыз айындағы жұмыс кестесі

БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) Қор бөлімшелерінің 2020 жылдың наурыз айындағы келесі жұмыс кестесі туралы хабарлайды:

21.02.2020
Алты миллионнан астам салымшы БЖЗҚ-дан үзінді көшірмені онлайн тәртібінде алады

Зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары арасындағы ең танымал қызмет. 2019 жылы бұл қызмет 14 миллионнан астам рет пайдаланылған. Еске сала кетелік, БЖЗҚ салымшылары жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені шот ашылған күннен бастап сұрау салған кез келген күнге қарай тегін алуға құқылы. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық.

11.02.2020
Зейнеткерлік жасқа толған 174 мың адам БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін өтініш бермеген

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін дер кезінде рәсімдеу керектігі туралы тұрақты хабарлап тұрады. Бірақ соған қарамастан 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай зейнет жасына толған және Қорда зейнетақы жинақтары бар 174 235 адам әлі күнге дейін зейнетақы төлемдерін рәсімдеген. Осылайша талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10 604 764 131 теңгеге жетті. Атап өту керек, БЖЗҚ зейнет жасына толған, бірақ төлемдерін әлі алмаған азаматтар үшін бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Мысалы, қазақ және орыс тілдерінде SMS-хабар, электрондық пошталарға хабарламалар, тіпті мекенжайларына хат-хабарлар таратылып, БЖЗҚ сайты мен әлеуметтік желілерде тұрақты негізде осы тақырып бойынша ақпараттық материалдар жарияланады.

05.02.2020
БЖЗҚ штаттық құрамы 25 пайызға қысқартылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылдың алдын ала қорытындысын шығаруда. Қазіргі уақытта аудит және Қордың қаржылық есептілігін тәуелсіз аудиторлық компания тарапынан растау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайдың қазірдің өзінде Қордың штаттық құрамына қатысты мынадай деректерді келтіруге болады. 2019 жылы қызметкерлер құрамы 1981 адамнан 1740 адамға (12,2 пайызға) дейін қысқартылды. Ал үш жыл ішінде, яғни 2017 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта 25 пайызға немесе 567 адамға азайтылды. Соның нәтижесінде еңбекақы төлеу шығындары 2016 жылмен салыстырғанда 13,2 пайызға төмендеді.

03.02.2020
БЖЗҚ электронды үлгідегі қызметтерінің үлесі 80 пайызға жетті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры электронды үлгіде көрсететін қызметтерді белсенді түрде енгізуде. Өткен жылы бұл бағытта жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Мысалы, салымшылар мен алушыларға көрсетілетін қызметтердің 80 пайыздан астамы, яғни 13,6 миллионнан астам қызмет цифрлық технологиялардың көмегімен орындалды. Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 36 пайызға жоғары. Электрондық қызметтердің бірқатары жаңартылып, жетілдірілді. Солардың бірі – Қордың мобильді қосымшасы.

31.01.2020
БЖЗҚ 2019 жылғы қызметін алдын ала қорытындылады

Қазақстанның маңызды қаржы институттарының бірі – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылды қорытындылады. Былтырғы жылдың 12 айы барысында барлық көрсеткіштер оң сипатта дамыды. Нақты айтсақ, 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қордың зейнетақы жинақтары 10,8 триллион теңгеге жетті. Жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 10 миллионнан асты. Дәлірек – 10 672 567 бірлікті құрап, бір жыл ішінде 3 пайызға өсті. Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған – 9,9 млн бірлік. Бұдан кейінгі орында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша ашылған шоттар – 0,5 млн бірлік. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша да өсім байқалады. 2019 жылдың соңына қарай ЕЗЖ бойынша ашылған шоттардың саны – 54 365 бірлікке жетіп, 2018 жылғы көрсеткіштен салыстырғанда 14 пайызға көбейді.

24.01.2020
2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі – 10 798,31 млрд теңге болды. БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол «Көрсеткіштер»-«Инвестициялық қызмет» бөлімінде мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/3c7/3c70a3b031ce2f6ead2f84c6fa86d3ce.pdf.

16.01.2020
Зейнетақы жинақтарын интернет арқылы қадағалаған тиімді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашудың оңайлатылғанына бір жыл болды. 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен сәтте зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілген.