"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

05.02.2025

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы туралы өзекті сауалдар

1) "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына кім қатысады? БЖЗҚ ақпаратты қандай көздерден алады?

Бағдарламаға 18 жасқа дейінгі барлық балалар, яғни 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан азаматтары қатысады. Бұл ретте 2006 жылы туған балалар 2024 жылы 18 жасқа толып, оларға Ұлттық қордан қаражат есептелуін тоқтатты.

БЖЗҚ балалар туралы барлық мәліметтерді "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алады. Ұлттық қордың валюталық бөлігінің алдыңғы 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ға ҚР Ұлттық Банкі береді.

БЖЗҚ бір балаға тиесілі нысаналы талаптардың есебін ҚР ҰБ есептеген нысаналы талаптардың жалпы сомасы мен есепті жылдың соңындағы Бағдарламаға қатысушылардың саны негізінде жасады. Бұл ретте:

- Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған, есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан;

- бұрын есепке алынбаған, бірақ нысаналы талаптарға қатысуға құқығы бар;

- бұрын ескерілген, бірақ нысаналы талаптарға қатысуға құқығы жоқ

балалардың нысаналы талаптарының сомасына жасалған түзетулер де ескерілді.

2) Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың айырмашылығы неде?

Нысаналы талаптар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің еліміздің он сегіз жасқа толмаған азаматтары алдындағы Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы есебінен жыл сайынғы міндеттемелері.

Нысаналы жинақтар – алушының – он сегіз жасқа толған және нысаналы жинақтарды алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматының нысаналы жинақ шотында жинақталған ақшасы.

Нысаналы талаптар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақ шотына есепке алынатын, ақшалай эквивалент түріндегі (АҚШ долларымен) нысаналы жинақ мәртебесіне кәмелеттік жасқа толған кезде ие болады. Нысаналы жинақты алушы 18 жасқа толған кезінде бұл қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалануға құқылы.

3) 2025 жылы 18 жасқа толатын балалар "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына енгізілді ме және олар қанша соманы алады?

Иә, 2025 жылы 18 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары болып есептелетін балаларға 2024 жылға, яғни бала әлі 18 жасқа толмаған есепті жылға нысаналы талаптар есептелді. Нысаналы талаптар бірден нысаналы жинақтар мәртебесіне ие болды және алушының БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы барлық балаларға 100,52 АҚШ доллары есептелген. 2025 жылы 129,38 доллар және өткен жылғы мақсатты талаптарға 3,04 доллар инвестициялық кіріс. Осылайша, 2007 жылы туылған азаматтардың мақсатты жинақтау шоттарында 232 доллар және 94 цент бар. Бұл есептеулерді кәмелетке толғандар enpf.kz электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен сайттағы жеке кабинетте көре алады.

Алайда, жас отандастарымыз оны нысаналы мақсаттарына тек 18 жасқа толғаннан кейін ғана қолдана алады. Мысалы, бала 18 жасқа 2025 жылдың қазан айында толады делік. Оған тиесілі АҚШ долларындағы нысаналы жинақтары баланың БЖЗҚ-дағы шотына 2025 жылдың басында есептеліп қойды. Бірақ ол аталмыш қаражатты тек 2025 жылдың қазан айында, яғни кәмелетке толғаннан кейін ғана пайдалана алады.

4. Баланың «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатысатындығын

қалай білуге болады?

БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтындағы "Нысаналы талаптарға қатысушыны іздеу" бөліміне баланың ЖСН енгізіп, "Тексеру" батырмасын басу керек. Бала нысаналы талаптарға қатысушы болған есепті жыл және оның нысаналы талаптарының жалпы сомасы көрсетілген ақпарат беріледі. Сонымен қатар, сайтта балалардың туған жылдары бойынша бөліністе Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың қалыптасу тарихы ұсынылған, онда есептелген сомалар, инвестициялық кіріс, сондай-ақ, нысаналы жинақтардың (НЖ) БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелген жылы көрсетіледі. Баланың бағдарламаға қатысатынын eGov mobile электрондық үкіметі мен екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларынан да тексеруге болады.

5. Егер балаға 2024 жылы нысаналы талаптар есептелмеген болса, 2025 жылғы есептеулер өткен жылды ескере отырып жүргізілді ме?

Егер бала қандай да бір себептермен нысаналы талаптарға қатысушылардың тізіміне енгізілмесе, сәйкесінше олардың жалпы санын есептеу кезінде ескерілмесе, бірақ мұндай қатысушы болуға құқығы бар болса, онда өткізіп алған кезеңі (кезеңдері) үшін нысаналы талаптар жүгінген немесе ЖТ МДҚ-да ақпарат жаңартылған жылдан кейінгі жылы есептеледі.

Осылайша, егер бала 2023 жылға арналған электрондық тізімде болмаған және оған 2024 жылы нысаналы талаптар есептелмеген болса, бірақ бұл ретте оның қатысушы болуға толықтай құқығы болған және ол туралы ақпарат ЖТ МДҚ-дан БЖЗҚ-ға түскен болса, оған 2025 жылы нысаналы талаптар өткізіп алған кезең мен инвестициялық кірісті ескере отырып, толық көлемде есептелді.

6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында нысаналы жинақ қанша уақыт

сақталады?

Нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл бойына АҚШ долларымен сақталады. Осы мерзім өткеннен кейін қатысушы пайдаланбаған нысаналы жинақтау сомалары нысаналы жинақтау шотынан оның ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ашылған жеке зейнетақы шотына автоматты түрде аударылады. Қаражат ЕЗЖ есепке алынатын шотқа аударым күніндегі ресми бағам бойынша теңгемен есептеледі.

Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген.

7) Нысаналы жинақтарға тыйым салу, алып қою немесе оларды жұмсау бойынша шектеу қойылуы мүмкін бе?

Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне қандай да бір шектеулер белгілеуге тыйым салатын нормалар енгізілді.

Ұлттық қордан берілетін нысаналы жинақтар төлеміне:

- банк шоттарындағы ақшаға тыйым салу немесе өндіріп алуды қолдануға;

- банк шоттарындағы ақша қаражаты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға;

- жинақты алушының келісімінсіз алып қоюға;

- банктегі ақшаға билік етуді уақытша шектеуге;

- жеке табыс салығын салуға тыйым салынады.

8) Ата-аналарға нысаналы талаптарды/нысаналы жинақтарды тексеру мүмкіндігі беріледі ме?

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері нысаналы талаптардың есептелуі туралы ақпаратты eGov mobile электрондық үкіметінің ұялы қосымшасынан, kids.enpf.kz сайтынан, сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларынан да тексере алады.

Бала он сегіз жасқа толғанда оған «БЖЗҚ» АҚ-да нысаналы жинақтарды алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алатын нысаналы жинақтау шоты ашылады.

 9) Ұлттық қордан төлем алу үшін банктік шотты қандай банктерде ашуға болады? «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатысу үшін банктерге қойылатын қандай да бір алғышарт немесе талаптар бар ма?

 ҚР «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңында (бұдан әрі - Заң) уәкілетті операторларға кімнің жататыны туралы ұғым мен «БЖЗҚ» АҚ-ға уәкілетті операторлармен өзара іс-қимыл жасау бойынша міндеттер ғана бекітілген.

Осылайша, Заңда екінші деңгейдегі банктерге ешқандай шектеу қойылмаған, БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Қазақстанның кез келген екінші деңгейдегі банкі қатыса алады. Бұл екінші деңгейдегі банктер де, «Қазпошта» ұлттық операторы да болуы мүмкін. Бүгінгі күні уәкілетті операторлар болып "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу бойынша) және "Халық банкі" АҚ (білім алу бойынша) бекітілген.

10) Бала ақшаны бірден 18 жасында емес, кейінірек 20 немесе 25 жасында пайдалана алады ма?

Бала 18 жасқа толғанда оның атына БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты автоматты түрде ашылады және оған Ұлттық қордан тиесілі қаражат есептеледі. Ақша АҚШ долларымен аударылады және нысаналы жинақтау шотында 10 жыл сақталады.

Егер осы мерзім ішінде бала бұл қаражатты пайдаланбаса, онда қаржы оның атына автоматты түрде ашылатын БЖЗҚ-дағы жеке ерікті зейнетақы шотына (ЕЗШ) автоматты түрде аударылады. Ал ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын осы зейнетақы шотынан жинақтарды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.


Просмотров 1

Тізімге оралу