Филиалды таңдаңыз:
2023 жылғы 28 қыркүйекте Алматы қаласында өткен "міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту перспективалары" жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел аясында өткен панельдік сессияда қазіргі заманның өзекті тақырыптарының бірі – "Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің болашағы: даму келешегі мен негізгі драйверлері" пікірталастың шыңы болды.
2023 жылғы 28 қыркүйекте "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін шетелдік жетекші сарапшылардың басын біріктіреді.
БЖЗҚ-ның 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі негізгі көрсеткіштері.
2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарында 16,76 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Олардың жыл басынан (01.09.2023ж.) бері өсімі 2,1 трлн теңге (14,3%) болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 2,8 трлн теңгеге (20%) өсті.
2023 жылдың 8 айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 1,04 трлн теңгеден асты. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 340,4 млрд теңгеге немесе 49% артық.
БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында отандық зейнетақы жүйесінің 25-жылдығы қарсаңындағы эксклюзивті сұхбат.
Қазақстандық зейнетақы жүйесінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған сұхбаттар топтамасының жалғасы ретінде зейнетақы жүйесін реформалаудың қайнар көзінде тұрған және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеп, іске асыруға қатысқан Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Леонидовна Бахмутовамен әсерлі әңгіме өтті. Ол БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына берген сұхбатында ортақ зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшудің ерекшеліктері мен қиындықтары, азаматтар мен мемлекет арасында жауапкершілікті бөлудің әділ теңгерімін көздейтін үш деңгейлі зейнетақы жүйесінің меншікті қазақстандық моделін құру, жинақтаушы жүйенің неліктен қаржылық тұрғыдан орнықты екендігі, оның табысты жұмыс істеуі үшін қажетті шарттар және т. б. туралы айтып берді.
"БЖЗҚ" АҚ енді өзектілігі төмендеп бара жатқан пошта байланысы және (немесе) электрондық пошта арқылы хабарлау тәсілдерінен бас тарту үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың және хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау) туралы келісімге қол қоюдың қажеті жоқ екенін хабарлайды.
«БЖЗҚ» АҚ 3,65 трлн теңге сомасына тұрғын үй сатып алуға және (немесе) емделуге берілген 1,8 млн. астам өтінішті орындады. Өздеріңіз білетіндей, зейнетақы жинақтарын азаматтар тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.
2023 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша іс-шаралар күнтізбесінің аясында Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен (ХӘҚҚ) бірлескен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қолдауымен «Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі» атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел өтетінін хабарлаймыз.
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына 25 жыл толуына орай сұхбаттар топтамасы.
Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандырудан көп құрамдауышты зейнетақы жүйесіне біртіндеп көшуді көздеген зейнетақы реформасы жүзеге асырылғалы да ширек ғасыр өтті.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) 2022 жылға арналған Жылдық актуарлық есебін жариялады. Онда Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасында көзделген Қазақстанның зейнетақы жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша 2022 жылы жүргізілген БЖЗҚ кешенді актуарлық есептеулерінің негізгі нәтижелері ұсынылған. Тұжырымдама зейнеткерлердің әртараптандырылған көздерден табыс алуын басты назарда ұстайтын зейнетақымен қамсыздандырудың көп деңгейлі моделін сақтауға, оның таратушы құрамдауышының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ міндетті жинақтаушы құрамдауыш бөлігін сақтап, нығайтуға бағытталған.
"БЖЗҚ" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Банк-Клиент " қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесіне көшудің аяқталуына байланысты зейнетақы жарналарын 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап БЖЗҚ-ның жаңа деректемелері бойынша ғана аударуға болатынын хабарлайды.
Жинақтаушы зейнетақыны қалыптастыру мен жоспарлауға дербестендірілген көзқарасы бар жоғары технологиялық қаржы институты бола отырып, БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына өздеріне ыңғайлы форматта қызмет алуға мүмкіндік береді. Электрондық қызметтер басымдыққа ие. Ағымдағы жылдың 7 айында 10 млн астам операция (68,9%) электрондық форматта жүргізілді.
2023 жылғы 1 тамызға арналған зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері.
enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ-ның зейнетақы активтерін басқару туралы есептері ұсынылды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 16 375,9 млрд теңге болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 16 366,61 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,29 млрд теңге.
2023 жылғы қаңтар-шілде аралығында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 760,9 млрд теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 259,8 млрд теңгеге немесе 52% артық.
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 16,4 трлн теңге болды. Бір жыл ішінде ол 2,7 трлн теңгеге немесе 20% өсті.
2023 жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына 25 жыл толады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне енуімен бірге зейнетақы жүйесінде не өзгерді?
3,6 трлн теңгеден астам қаражат тұрғын үй сатып алуға және (немесе) емделуге берілген 1,8 млн өтінішке сәйкес уәкілетті оператор-банктерде ашылған отандастарымыздың арнайы шоттарына аударылды. Өздеріңіз білетіндей, зейнетақы жинақтарын азаматтар тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.
БЖЗҚ – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржы және ақпараттық ағындарының бірыңғай әкімшісі және операторы. Ол заңнама талаптарына сәйкес салымшыларға (алушыларға) зейнетақы қызметтерін көрсетуге міндетті.
Соңғы кезде алаяқтар телефон арқылы алдаудың жаңа схемаларын ойлап тапты. Себебі, телефон қоңыраулары – күтпеген жаңалықты естіп, абдырап қалған адамнан құпия ақпаратты алудың немесе оны алаяқтың шотына ақша аударуға мәжбүрлеудің ең көп таралған тәсілдерінің бірі.