17.01.2023
2023 жылы енгізілетін жаңашылдықтар
01.01.2023 жылдан бастап Қазақстанда бірыңғай төлем енгізілді.
Салық кодексіне 2023 жылдан бастап "Бірыңғай төлем" 89-1 жаңа тарауы қосылды.
11.01.2023
БЖЗҚ-дан 2023 жылы берілетін зейнетақының мөлшері қандай болмақ?
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген демалысқа 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер 5% ұлғайды.
11.01.2023
2023 жылы БЖЗҚ-дан төлемдер алуға кім құқылы?
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне:
- 61 жасқа толған әйелдердің (бұл жас нормасы 2028 жылға дейін қолданылады);
- 63 жасқа толған ер адамдардың;
- егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың құқығы бар.
09.01.2023
2022 жылы біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үйге алу азайып, емделу үшін пайдалану көбейе түсті
Тұрғын үйге
БЖЗҚ 2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 1 345 400 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ шамамен 3,2 трлн теңге аударды.
30.12.2022
Зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімді келешекте нақты табыс алыңыз
enpf.kz сайтында 2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша
зейнетақы активтерін ҚР ҰБ және ИПБ басқаруының есебі жарияланды
Зейнетақы жинақтары қалай инвестицияланатыны туралы егжей-тегжейлі есеп enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған. Мұнда ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚР ҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріледі.
29.12.2022
Зейнетақы қызметтері – онлайн тәртібінде
Салымшылар мен алушылардың 12 млн-нан астам шотына 14,4 трлн теңгені есепке алуды жүзеге асыра отырып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры іс жүзінде барлық операцияларды цифрлық форматқа ауыстырды. Қызметтердің шамамен 93% халыққа онлайн немесе автоматты режимде көрсетіледі.
27.12.2022
Тұрақсыз макроэкономикалық ахуал аясында зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы оң сипатқа ие
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылғы 1 желтоқсанға 14,4 трлн теңге болды.
27.12.2022
Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылық деңгейі жыл сайын артып келеді
Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін және «БЖЗҚ» АҚ-ға халықтың сенім дәрежесін айқындаған жыл сайынғы тәуелсіз социологиялық зерттеу қорытындылары тағы да жоғары нәтиже көрсетті.
26.12.2022
БЖЗҚ-ның 2022 жылғы 1 желтоқсанындағы негізгі көрсеткіштері: кесте бойынша түсетін жарналар мен төлемдер көлемі ұлғайды
2022 жылдың 1 желтоқсанына қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының өсімі 1,3 трлн теңгеден (немесе 10,2 %) артық көрсеткішке ие.
20.12.2022
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес біржолғы зейнетақы төлемдеріне байланысты зейнетақы жинақтарының күрт азаюына алаңдайды
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті 21 отырысында күн тәртібіндегі мынадай мәселелер қаралды:
1) «БЖЗҚ» АҚ-ның 2022 жылғы 9 айдағы қызметі туралы есебі.
2) Қоғамдық кеңестің БЖЗҚ мен ҚРҰБ-қа жіберген ұсыныстарына қатысты жүргізілген жұмыс туралы ақпарат.
3) Акциялары зейнетақы активтері портфеліне орналастырылған эмитент акционерлерінің жалпы жиналыстарына БЖЗҚ-ның қатысуы туралы ақпарат.
14.12.2022
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы ХӘҚҚ Еуропалық желісі (IEN) Басқарушы комитетінің мүшесі болып тағайындалды
Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) 1927 жылы Халықаралық еңбек ұйымының қолдауымен құрылды және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік мекемелерді, ұйымдар мен ведомстволарды біріктіретін халықаралық жетекші ұйым болып табылады. Ұйымның штаб-пәтері Женева қаласында (Швейцария) орналасқан, оған әлемнің 150 елінде 320-дан астам мүшелік ұйым тіркелген. БЖЗҚ 2015 жылғы 1 мамырдан бастап ХӘҚҚ-ға мүше.
08.12.2022
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қалай пайдалануда?
2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 340 016 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ шамамен 3,2 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге. Алайда бұл көрсеткіш әр аймақта әртүрлі екенін атап өткен жөн. Мысалы, Маңғыстау облысының тұрғындары орта есеппен 3,8 млн теңгені, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 1,2 млн теңгені пайдаланған.
30.11.2022
Зейнетақы жинақтарының 2023 жылға белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегі
Заңнама талаптарына сәйкес, БЖЗҚ жаңа жыл басталғанға дейін бір ай бұрын 2023 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) бұқаралық ақпарат құралдарында және Қор сайтында жариялады. Атап кету керек, 2023 жылға белгіленген ТЖШ жас мөлшеріне байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды.
30.11.2022
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемін алу үшін өтініш бермеген зейнеткерлерге хабарлама жіберді
БЖЗҚ зейнеткерлік жасқа толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ зейнетақы төлемдерін алу үшін Қорға жүгінбеген қазақстандықтарды мақсатты түрде хабардар етті.
30.11.2022
2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы ай сайынғы егжей-тегжейлі есебі, сондай-ақ, инвестициялық қызметке шолулар орналастырылған.
29.11.2022
Қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа белсенді түрде қызығушылық танытуда
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың 10 айында (01.01.2022 - 01.11.2022 аралығындағы кезеңде) салымшылар мен алушыларға жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы 22,6 млн үзінді көшірме берді. Оның 17,8 млн (78,5%) электрондық форматта берілді. Үзінді көшірме беру - БЖЗҚ-ның ең танымал қызметі.
29.11.2022
«БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы мектебі» атты онлайн-семинар өткізді
БЖЗҚ жыл сайын ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде халықтың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ, зейнетақы жүйесі және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған семинарлар өткізіп келеді.
23.11.2022
Жинақталған кірістілік инфляциядан асып түсті
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылғы 1 қарашада 14,1 трлн теңге болды. Жыл басынан есептелген инвестициялық табыс - 672,6 млрд теңге. Зейнетақы активтері бойынша ҚР Ұлттық Банкі қамтамасыз еткен соңғы 12 айдағы кірістілік (2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы қазанға дейін) - 5,97%.
23.11.2022
Зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша өсім байқалды
БЖЗҚ-ның 2022 жылғы 1 қарашасындағы негізгі көрсеткіштері
2022 жылдың 1 қарашасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 14,15 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының өсімі 1 трлн теңгеден (немесе 8,2 %) асты.
22.11.2022
Шоттың ашылуынан бастап төлемге дейін
БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күндеріне қатысуға шақырады
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні БЖЗҚ кезекті «Ашық есік күндері» шарасын өткізеді. Кездесу тақырыбы – «Цифрлық БЖЗҚ».