21.01.2022
Әлеуметтік зерттеу: қазақстандықтардың қаржылық сауаттылық деңгейі жоғарылады
Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық деңгейін және олардың «БЖЗҚ» АҚ-ға деген сенім дәрежесін айқындайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шықты.
20.01.2022
БЖЗҚ бүкіл ел бойынша бұрынғы жұмыс кестесіне оралды
Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай тәртібінің тоқтатылуына байланысты Қордың еліміз бойынша кеңселері бұрынғы кесте бойынша 09:00-ден 18:00-ге дейін өз жұмысын қайта бастады.
18.01.2022
БЖЗҚ филиалдары қалай жұмыс істейді?
Қазақстанның бірқатар өңірінде төтенше жағдай тәртібінің тоқтатылуына байланысты Қор кеңселері ішінара бұрынғы жұмыс кестесіне оралды. Мәселен, 2022 жылдың 14 қаңтарынан бері Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында, 17 қаңтардан бері Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласындағы қызмет көрсету кеңселері әдеттегі кесте: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету тәртібін жандандырды.
14.01.2022
БЖЗҚ-дан төленетін төлем мөлшері 2022 жылы 5 пайызға көтерілді
БЖЗҚ-дан төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 2 қазанындағы № 1042 қаулысымен (2021 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілген өзгерістермен) бекітілген Әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады. Осы Әдістемеге сәйкес зейнетке шыққан адамдарға төлемдер былайша есептеледі: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесі – 6,5% -ға көбейтіліп, одан кейін 12-ге бөлінеді.
13.01.2022
2021 жылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсатында 2,6 трлн астам теңгеге салымшылардың 880 мыңға жуық өтініші орындалды
2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 735 110 өтініші жүзеге асырылды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,5 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 3,4 млн теңге.
12.01.2022
Алматы қаласы және Қызылорда облысында қызмет көрсету кеңселері жұмысын қайта жандандырды
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын Алматы қаласындағы Шевченко көшесі, 80-ші үйде орналасқан филиалдың, сонымен қатар Есік, Қапшағай, Қаскелең, Өтеген батыр, Талғар қалаларындағы және Ұзынағаш ауылындағы Алматы қаласына іргелес қызмет көрсету орталықтарының 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап жұмысы қайта жанданғанын хабардар етеді.
10.01.2022
БЖЗҚ төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істейді?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өңірлерде қалыптасқан жағдайға байланысты өз жұмысын жалғастыруда.
30.12.2021
БЖЗҚ байланыс орталығының жұмыс түзімі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – «БЖЗҚ» АҚ) карантин жағдайында халықтың және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 01 қаңтардан 31 қаңтарға дейін «БЖЗҚ» АҚ Байланыс орталығының мынадай жұмыс кестесін хабарлайды:
жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.
29.12.2021
БЖЗҚ салымшылары 1,3 триллион теңгеден астам инвестициялық табысқа қалай қол жеткізді? 2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
2021 жылдың 1 желтоқсанында басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,4 трлн теңге болды. ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 366,46 млрд теңгеге жетті. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,2 млрд теңгені құрады.
29.12.2021
БЖЗҚ тұрғын үй жағдайын жақсарту, емдеу және инвестициялық басқаруға аудару мақсатында 2,5 трлн теңгеден астам сомаға салымшылардың 850 мыңға жуық өтінішін орындады
2021 жылдың 27 желтоқсанындағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 709 894 өтініші орындалды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,4 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 3,4 млн теңге.
27.12.2021
Зейнетақы алу үшін дер кезінде өтініш беріңіз
БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған адамдардың (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2021 жылы 60 жасқа толғанда, әйелдердің зейнеткерлік жасын жыл сайын 2027 жылы 63 жасқа толғанға дейін жарты жылға ұлғайта отырып), сондай-ақ мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың, бекітілген кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
24.12.2021
БЖЗҚ қызметтерінің 90%-дан астамын онлайн-форматта көрсетуде
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың он бір айында (01.01.2021- 01.12.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 36,3 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,5% көп.
23.12.2021
2021 жылғы 25-26 желтоқсан күндері Қордың сайтында техникалық жұмыстар жүргізілетін болады
Демалыс күндері 2021 жылдың 25 желтоқсаны сағат 16:00-ден бастап 26 желтоқсан сағат 23:59-ға дейінгі аралықта www.enpf.kz сайтындағы және БЖЗҚ мобильдік қосымшасындағы Жеке кабинет деректер базасының өнімділігін жақсартуға бағытталған жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты уақытша қолжетімсіз болады.
23.12.2021
БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық табысы 1,3 триллион теңгеден асты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 13,4 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
22.12.2021
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары жыл басынан бері 455 миллиард теңгеге көбейді
2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,4 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.12.2020ж. мен 01.12.2021ж. аралығындағы бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 648,8 миллиард теңгеге немесе 5% өсті, ал 2021 жылдың қаңтар айынан бері 455 млрд теңгеге немесе 4 пайызға өсті.
06.12.2021
Алматы қаласындағы №6 бөлімшесінің жабылуы
Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ (ары қарай – БЖЗҚ, Қор) Төлебаев көшесі 38/61, Қонаев көшесі қиылысында орналасқан №6 Қор Бөлімшесінің жабылғандығын хабарлайды.
03.12.2021
Ең төмен жеткіліктілік шегі неліктен өзгертілді?
2021 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына қол қойылды, онда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ұлғайту көзделген. Ең төменгі жалақы қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейетін болады. Сондай-ақ, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері және басқа да әлеуметтік көрсеткіштер өсті.
03.12.2021
Ең төменгі жеткіліктілік шегі қалай есептеледі?
2021 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енді. Заңға сәйкес азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделудің ақысын төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығы берілді.
02.12.2021
БЖЗҚ алдағы жылдарда қалай жұмыс істейді?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің enpf.kz корпоративтік сайтында директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген 2022-2026 жылдарға арналған жаңартылған Корпоративтік даму Стратегиясын жариялады.
30.11.2021
Қазақстандықтардың зейнетақы активтері қайда салынады? 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ҚҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
Зейнетақы активтерін Қазақстанның Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ инвестициялық қызметке 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған.