19.02.2021
Тағы бір инвестициялық портфельді басқарушымен келісімшартқа қол қойылды
2021 жылдың 19 ақпанында «БЖЗҚ» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы – «BCC Invest» АҚ арасында зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шарт жасалды. Банк-кастодиан – «Сбербанк» АҚ ЕҰ.
19.02.2021
522 млрд теңгеден аса қаражат тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталды
2021 жылдың 19 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» ТҚЖБ» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, сондай-ақ, «Банк ЦентрКредит» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 150 219 өтініш түсті.
19.02.2021
Салымшының зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру кезіндегі іс-қимыл алгоритмі
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру туралы шешім қабылдаған жағдайда алдымен жұмыс істеп жатқан ИПБ тізбесімен танысып, enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аудару" бөлімінде олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуді ұсынамыз.
19.02.2021
Нарыққа екі басқарушы компания шықты
Ағымдағы сәтте Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі инвестициялық портфельді басқарушыларға қатысты бекіткен талаптарға нарықта жұмыс істейтін және басқарушы компаниялар агенттігінің лицензияларына ие 18 компанияның алтауы сәйкес келеді
19.02.2021
Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру тәртібі туралы
2021 жылғы қаңтардан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельді басқарушы – ИПБ) инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалану құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді.
18.02.2021
БЖЗҚ-дан 2021 жылғы 17 ақпандағы біржолғы зейнетақы төлемдері
2021 жылдың 17 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» ТҚЖБ» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, сондай-ақ, «Банк ЦентрКредит» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 140 941 өтініш түсті.
18.02.2021
БЖЗҚ жалған хабарламалар таратылып жатқаны туралы ескертеді!
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар тарапынан телефон шабуылдарына қатысты жалған ақпарат таратылып жатқаны туралы хабарлайды. Олар өздерін зейнетақы қорының қызметкерлері ретінде таныстырып, банк картасының нөмірін білуге тырысады және зейнетақыны қайта есептеуге керек деген желеумен оның деректемелерін атауды сұрайды. БЖЗҚ мұндай спам-жіберілімнің Ресей Федерациясында бірнеше ай бойы жүзеге асырылғанын және қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады.
17.02.2021
БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін қазақстандықтар қандай мақсаттарға бағыттауда?
2021 жылдың 16 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» ТҚЖБ» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, сондай-ақ, «Банк ЦентрКредит» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 134 709 өтініш келіп түсті.
16.02.2021
Қазақстандықтар 423 миллиард теңгеден астам қаржыны тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана алады
2021 жылдың 15 ақпанындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті операторлардан мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға мақсатты пайдалану үшін 127 357 салымшының өтініші келіп түсті.
15.02.2021
ЕАЭО еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім қалай жұмыс істейді?
2021 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 жылғы Келісім (Бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Естеріңізге сала кетейік, Келісімнің негізгі мақсаты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты жағдай мен тәртіп бойынша қалыптастыру. Бұл ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтарды өз азаматтарына берілетін құқықтар көлемімен бірдей етіп беруге тиіс дегенді білдіреді.
12.02.2021
75 мыңнан аса қазақстандық тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемін алды
2021 жылдың 12 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» ТҚЖБ» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 115 608 өтініш түсті.
12.02.2021
Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін БЖЗҚ-дан 386,4 миллиард теңге аударылды
2021 жылдың 11 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» ТҚЖБ» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 109 900 өтініш түсті.
11.02.2021
Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін шамамен 350 миллиард теңге аударылды
БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» ТҚЖБ» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 104 076 өтініш түсті.
10.02.2021
Әлеуетті сенімгерлік басқарушыны іздеу туралы хабарландыру
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай көшесі, 13 үй, «Іскер» бизнес орталығы мекенжайы бойынша орналасқан жалпы ауданы 0,3085 га, оның ішінде 0,1247 га үлеспен жер телімі бар, жалпы ауданы 12 577,1 шаршы метр құрайтын 16 қабатты әкімшілік ғимаратты әлеуетті сенімгерлік басқарушыны іздеу туралы хабарлайды.
10.02.2021
59 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемін алды
2021 жылдың 9 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» ТҚЖБ» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 97 640 өтініш түсті.
09.02.2021
Қазақстанның қай өңірлерінің тұрғындары зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға белсенді пайдалануда?
2021 жылдың 8 ақпанындағы жағдай бойынша уәкілетті операторлардан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына нысаналы пайдалану үшін мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға шамамен 90 689 салымшының өтініші келіп түсті.
09.02.2021
Инвестициялық табыс - зейнетақы жинақтарының маңызды бөлігі
Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы болып табылады және оларды Инвестициялық декларацияға сәйкес инвестициялайды. Зейнетақы активтерін инвестициялау үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін Үкімет бекітеді. Зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес айқындайды.
09.02.2021
Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында алу кезінде жеке табыс салығын төлеу тәртібі туралы
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, біржолғы зейнетақы төлемі – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшы (алушы) БЖЗҚ-дан алатын міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы.
05.02.2021
БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері 2021 жылғы 5 ақпанда 217 млрд теңгеге жуық соманы құрады
2021 жылғы 5 ақпандағы біржолғы зейнетақы төлеміне қабылданған және өңделген өтінімдер бойынша жиынтық деректер былайша берілген.
05.02.2021
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын алуға берген өтініштерін қабылдамаудың бес негізгі себебі және оларды жою жөніндегі ұсынымдар
Уәкілетті операторлардан келіп түскен біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға арналған өтінімдерді талдау нәтижесінде мынадай негізгі себептерді бөліп көрсетіп, оларды жою мен алдағы уақытта болдырмау жөнінде кеңестер беруге болады.