25.06.2024
Зейнетақы активтерінің 2024 жылдың 5 айындағы инвестициялық кірісі өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті
2024 жылдың 5 айында салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына бөлінген таза инвестициялық кіріс 631,3 млрд теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 138 млрд теңгеге (немесе 28%) артық.
24.06.2024
«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері бойынша 2024 жылдың 1 маусымындағы негізгі көрсеткіштері: барлық өлшемдер бойынша оң өзгеріс байқалды
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша отандастарымыздың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 19,2 трлн теңгеден асып, жыл басынан бері 5 ай ішінде 1,4 трлн теңгеге (немесе 7,7%) өсті. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі 3,4 трлн теңгеден асты (немесе 21,5%).
21.06.2024
"БЖЗҚ" АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында Инвестициялық портфельді басқарушылар өз есептерін ұсынып, стратегияларымен таныстырды
"БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті 27-ші отырысы өтті. Оған инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) - "БСС Invest" АҚ, "Halyk Global Markets" АҚ, "Jusan Invest" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "Halyk Finance" АҚ өкілдері қатысты. Бекітілген күн тәртібі аясында олардың әрқайсысы өзінің инвестициялық стратегиясымен таныстырып, есептерін ұсынды. Кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
20.06.2024
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес сарапшылар тобының зейнетақы жүйесін дамыту бойынша ұсыныстарын қолдады
Еліміздегі қаржы нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың бастауында тұрған Григорий Марченко, Ораз Жандосов, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Әнуар Сәйденов, Елена Бахмутова сияқты қазақстандық сарапшылар тобы Қазақстанның қаржы тұрақтылығы мен зейнетақы жүйесінің лайықтылығын арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірлеп, Мемлекет басшысының қарауына жолдады.
18.06.2024
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ): кім, қалай төлеуге міндетті?
2024 жылғы 01 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің шамамен 96,5% мөлшері міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) уақытылы аудару есебінен қалыптасты.
12.06.2024
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
1. Зейнетақы жинағымның сомасын қалай тексерсем болады? Жинақ сомасын БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетіңізден тексеруге болады.
12.06.2024
Қызметтерді цифрландыру – "БЖЗҚ" АҚ қызметіндегі маңызды бағыт
Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2024 жылдың 11 маусымында "БЖЗҚ" АҚ-ның барлық филиалдарында онлайн форматта "Цифрлық БЖЗҚ. Қордың электрондық қызметтеріндегі жаңашылдықтар" тақырыбында "Ашық есік күні" өткізілді. "БЖЗҚ" АҚ өз қызметтерін цифрландыруға көп көңіл бөліп, оны маңызды бағыттардың бірі деп санайды. Қазіргі кезде қызметтердің жалпы көлемінің 90% астамы цифрлық форматта көрсетілуде. Іс-шараға қатысушылар бұл жаңалықтың қалай жүзеге асырылып жатқанынан хабардар болып, цифрлық сервистердің жаңа мүмкіндіктері туралы білді.
11.06.2024
Жас отандастарымыз "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарын белсенді түрде пайдалануда
«БЖЗҚ» АҚ-ға "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды пайдалануға өтініш беру жалғасын табуда.
07.06.2024
"БЖЗҚ" АҚ-да "Ашық есік күні"
Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 11 маусымында "БЖЗҚ" АҚ "Цифрлық БЖЗҚ. Қордың электрондық қызметтеріндегі жаңашылдықтар" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.
03.06.2024
БЖЗҚ-дан жасына, мүгедектігіне және ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін қалай рәсімдеуге болады?
БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен адамдар, сондай-ақ егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ-дан белгіленген зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқылы.
31.05.2024
2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы демографиялық трендтер, ұзақ мерзімді сын-қатерлер және олардың зейнетақы жүйесіне әсері
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2024 жылғы 1 қаңтарға ел халқының саны - 20 млн-нан асты. Бұл ретте жас топтары бойынша мынадай бөліністер байқалды: 25 жасқа дейін - 8,5 млн адам (42,6%), 25 жастан 65 жасқа дейін – 9,7 млн адам (48,5%), 65 жастан асқан – 1,8 млн адам (8,9%).
28.05.2024
Зейнетақы қызметтері – сандық форматта
01.01.2024ж. бастап 30.04.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 21,5 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 7,9 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 13,0 млн жуық қызмет автоматты түрде, ал 0,2 миллионы қашықтықтан жүзеге асырылды. Күндізгі форматта 399 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 381 мыңға жуық қызмет ұсынылды.
27.05.2024
«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы 2024 жылдың 4 айындағы есебі
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
27.05.2024
2024 жылдың 4 айында отандастарымыздың таза инвестициялық кірісі шамамен 517,6 млрд теңгеге жетті
2024 жылдың 4 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі шамамен 517,6 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 48,6 млрд теңгеге немесе 10,4% артық.
24.05.2024
Отандастарымыздың 2024 жылғы 1 мамырдағы зейнетақы жинақтарының көлемі 19 трлн теңгеге жақын
2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да салымшылардың (алушылардың) жеке және шартты шоттарында шамамен 19 трлн теңге жинақталған. Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 3,3 трлн аса теңгеге (немесе 21,1%) өсті. Жыл басынан бері 4 айдың ішінде олардың өсімі шамамен 1,12 трлн теңге (6,2%) болды.
17.05.2024
«БЖЗҚ» АҚ халықаралық аудиттен сәтті өтті
«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық сапа менеджменті стандартының талаптарына сәйкестігіне орай сыртқы қайта сертификаттау аудитінен сәтті өткенін хабарлайды. Сәйкессіздіктер табылған жоқ.
16.05.2024
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
1. Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында тиісті ақшаны мерзімінен бұрын алуға бола ма? Шетелге тұрақты тұруға кеткен баланың оны алуға құқығы бар ма? Бала 18 жасқа дейін немесе одан кейін қайтыс болған жағдайда жинақтардың тағдыры қалай шешіледі?
16.05.2024
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асырудың алғашқы 3 айында жас отандастарымыз нысаналы жинақтарын қалай пайдалануда
2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы 585 641,64 АҚШ долларына 5 845 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 263 664,90 АҚШ долларына 2 634 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 321 976,74 АҚШ доллары көлеміне 3 211 өтініш орындалды.
26.04.2024
БЖЗҚ салымшыларының 2024 жылдың алғашқы 3 айындағы таза инвестициялық кірісі шамамен 569,5 млрд теңге болды
БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс ағымдағы жылдың басынан бастап 1 сәуірдегі жағдай бойынша шамамен 569,5 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 233,1 млрд теңгеге немесе 69,3% артық.
24.04.2024
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2024 жылдың алғашқы үш айы бойынша шолу
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.