09.09.2016
30.08.2016
Қолжетімді Мемлекет
2016 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу құрметіне Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында «Қолжетімді Мемлекет» бағдарламасы өтті.
27.08.2016
БЖЗҚ «Қазфосфат» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді
2016 жылғы 27 тамызда «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалының Қаратау қаласындағы қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Талас ауданы Әкімінің Аппарат қызметкерлерімен және «Қазфосфат» ЖШС филиалының «Шолақтау тау-кен өндіру кешені» көмір өнеркәсібі қызметкерлерімен бірлесіп кездесу өткізді.
24.08.2016
БЖЗҚ қызметкерлері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты
Алматы облыстық филиалы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып, сонымен қатар «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партия қызметкерлерімен 2016 жылғы 24 тамызда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты, мақсаты – аз қамтылған отбасылардың оқушыларына оқу жылының басталуына дайындық кезінде қолдау көрсету. Көмекке мұқтаж оқушыларды барлық керекті мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етті.
17.08.2016
Семей қаласында «2016 жылғы бірінші жартыжылдыққа БЖЗҚ қызметінің қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
2016 жылғы 17 тамызда Семей қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Семей қаласындағы өңірлік филиалдың ұйымдастыруымен «2016 жылғы бірінші жартыжылдыққа БЖЗҚ қызметінің қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
16.08.2016
Грант иегерлері анықталды
АӨҚО академиясы БЖЗҚ-ның ақпараттық қолдауымен ұйымдастырған «Қаржы журналистикасының жазғы мектебіне» қатысу үшін БАҚ пен болгөріс өкілдері арасындағы конкурс аяқталды. 2016 жылғы 11 тамызға дейін әлеуметтік желілерде #mypensionkz хэштегімен «Неге мен зейнетақы жүйесі туралы көп білгім келеді?» тақырыбында мақала жариялау конкурстың басты талабы болғанын еске сала кетейік.
15.08.2016
Таукенттегі Қызмет көрсету орталығының жабылуы
12.08.2016
Әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің 50% жарнасын аудару рәсімі аяқталды
2016 жылғы 10 тамызда жоспар-кестелерде көзделген әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған тұлғалардың пайдасына бюджет қаражаты есебінен бұрын аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару шаралары аяқталды.
09.08.2016
Астанада жаңа Қызмет көрсету орталығы ашылды
2016 жылғы 8 тамызда Астана қаласындағы «БЖЗҚ» АҚ филиалының Ақмол ауылындағы Қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылуы өтті, орналасқан мекенжайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, С.Мұқанов көшесі, 32.
08.08.2016
Жеке кабинет жұмысында іркіліс болуы мүмкін
«БЖЗҚ» АҚ сайтында техникалық жұмыс жүргізілуіне байланысты 2016 жылғы 8 тамызда тіркеуге/қайта тіркеуге, жеке кабинетте бір реттік пароль енгізуге қатысты барлық операция уақытша жұмыс істемеуі мүмкін.
02.08.2016
БЖЗҚ ақпараттық қолдауымен АӨҚО академиясының ұйымдастыруымен пресс-конференция өтті
Бүгін БЖЗҚ ақпараттық қолдауымен АӨҚО академиясының ұйымдастыруымен пресс-конференция өтті. Шара Қазақстанның БАҚ өкілдеріне арналған «Қаржы журналистикасы бойынша жазғы мектеп» оқу бағдарламасы үшін ұйымдастырылды.
01.08.2016
2016 жылдың 2-тоқсанында Қорға 35 754 өтініш түсті
2016 жылдың 2-тоқсанында Қорға зейнетақы қызметтерін тұтынушылардан 35 754 өтініш түсті.
29.07.2016
БЖЗҚ қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылғаны туралы
Техникалық жұмыс жүргізілуіне байланысты 2016 жылғы 30 шілдеде (сенбі) «БЖЗҚ» АҚ дербес қызмет көрсету орталықтарының барлығында салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету тоқтатылатынын хабарлаймыз.
28.07.2016
iOS – қа арналған ЕНПФ мобильды қосымшасының 2.0 нұсқасы
Apple өнімінің пайдаланушысына арналған iOS операциялық жүйесінің негізінде мобильды қосымшасының жаңа ЕНПФ 2.0 нұсқасы шықты.
27.07.2016
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы есеп ұсынды
Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтарының қандай бағалы қағаздарға және қандай көлемде, қандай нарықтық бағамен инвестицияланатыны туралы мәліметті қамтиды.
21.07.2016
АӨҚО академиясы оқыту бағдарламасына қатысу үшін журналистер мен блогерлер арасында конкурс жариялайды.
20.07.2016
Әлеуметтік желілердегі алаяқтық әрекеттер
Соңғы кездері әлеуметтік желілерде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атынан жалған қоғамдастықтар арқылы деректерді заңсыз жинау мен алаяқтық жағдайлар жиілеп кетті. Деректер базасындағы өзгерістер немесе кеңсенің басқа жерге көшуі сияқты түрлі себептерді айтып, қаскүнемдер дербес деректерді беруді сұрайды және жауап бермесеңіз, жеке зейнетақы шотыңыз жабылады деп қорқытады.
19.07.2016
Алматы филиалының жұмысқа кіріскені туралы
18.07.2016
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Алматы қаласында лаңкестік қауіптің қызыл деңгейінің белгіленуіне байланысты Алматы қаласының БЖЗҚ қызмет көрсету орталықтарының қызметі уақытша тоқтатылды.
15.07.2016
2016 жылдың бірінші жарты жылындағы таза инвестициялық табыс сомасы – 267, 21 млрд. теңге.
2016 жылдың бірінші жарты жылындағы таза инвестициялық табыс сомасы – 267, 21 млрд. теңге. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда инвестициялық табыс екі есеге дерлік артты. 2016 жылдың алғашқы 6 айындағы бұл көрсеткіштің 141,41 млрд. теңге болғанын еске сала кетейік.