30.03.2021
Карантин кезіндегі БЖЗҚ байланыс орталығының жұмыс тәртібі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры карантин жағдайында халықтың және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «БЖЗҚ» АҚ 2021 жылғы 01 сәуірден 30 сәуірге дейін «БЖЗҚ» АҚ байланыс орталығының жұмыс кестесі төмендегідей болатындығы туралы хабарлайды
29.03.2021
БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық табысы 217,9 млрд теңгені құрады
2021 жылдың 1 наурызына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.03.2020 жылдан бастап 01.03.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 1,5 триллион теңгеден аса немесе 14% өсті.
26.03.2021
Қазақстандықтар инвестициялық портфельді басқарушыларға беру, тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге 870 миллиард теңге жұмсады
2021 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне еніп, азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емделуге ақы төлеу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалануға құқығы берілді.
26.03.2021
Тек екі айдың ішінде БЖЗҚ салымшылары 7 миллионнан астам қызмет алды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бастап 01.01.2021-01.03.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 7,2 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе көп. Айта кету керек, өсім электрондық қызметтер бойынша да, БЖЗҚ филиалдарында тікелей көрсетілген қызметтер бойынша да болды.
19.03.2021
БЖЗҚ төлем алуға өтініш бермеген зейнеткерлерді іздестіруде
Ағымдағы жылы БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен зейнеткерлік жасқа толған, жасына байланысты зейнетақы төлемдері және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалған, бірақ зейнетақы жинақтарын төлеу үшін БЖЗҚ-ға өтініш бермеген адамдардың уәкілетті органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ақпараттық жүйесінде бар екендігін салыстырып тексеруді жүзеге асыра бастады. Салыстырып тексеру, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу бойынша белсенді қызмет көрсету үшін мемлекеттік деректер базасында тіркелген алушылардың уәкілетті органда ұялы байланыс нөмірлерінің бар болуына жүргізілетін болады.
18.03.2021
5 сұрақ. НАУРЫЗ
Егер аударым жасалынбаса БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы шоттарының жабылатыны жайында оқыдым. Қазіргі уақытта жұмыссызбын, демек, менің шотым жабылады ма? Олай болса жинақтарым қайда кетеді?
18.03.2021
Болашақ салымшыларға арналған «Ашық есік күні»
«Ашық есік күні» - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшін дәстүрлі іс-шараға айналды. Алайда коронавирус (Covid-19) індетіне байланысты салымшылармен қазір Қор филиалдарында бетпе-бет кездесу өткізу мүмкін емес. Сондықтан БЖЗҚ қызметкерлері оны кезекті рет виртуалды кеңістікте өткізді.
16.03.2021
БЖЗҚ инвестициялық портфельді басқарушыларға зейнетақы жинақтарының алғашқы аударымдарын жасады
2021 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ 2021 жылдың 18 ақпанынан бері түскен 190 өтінішті өңдеп, инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) шамамен 521,4 млн теңге аударды. Аударымның орташа сомасы шамамен 2,7 млн теңге.
11.03.2021
Қазақстандықтар қанша зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударып, емделуге және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жіберді?
2021 жылғы 10 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын зейнетақы портфелін басқарушыға (ИПБ) аудару бойынша жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден асатын 554 өтініш келіп түсті.
10.03.2021
Жинақтары жоқ зейнетақы шоттарын жабу туралы
«БЖЗҚ» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларының 2021 жылдың 01 наурызынан бастап күшіне енгені туралы хабарлайды. Бұған сәйкес ЖЗШ зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда 1 (бір) ай өткен соң жабылады.
09.03.2021
2021 жылдың 1 сәуірінен бастап БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемді есептеуді жүзеге асыру Әдістемесі өзгереді
БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысының (Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру Әдістемесіне 2-қосымша) ережелеріне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% кем емес мөлшерде жүзеге асырылады. (Бұрын БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% кем емес мөлшерде жүзеге асырылған болатын).
05.03.2021
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін басқарушылар қатары көбейе түсті
2021 жылдың 5 наурызында «БЖЗҚ» АҚ мен «Сентрас Секьюритиз» АҚ арасында зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасалды. Кастодиан-банк «АТФБанк» АҚ («First Heartland Jýsan Bank» акционерлік қоғамының еншілес банкі) болды.
05.03.2021
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға сенімгерлікпен басқару үшін аударуға арналған өтінішті қалай жоюға болады?
2021 жылғы қаңтардан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельді басқарушы – ИПБ) инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалану құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді.
04.03.2021
БЖЗҚ Қоғамдық кеңес алдында 2020 жылғы қызмет нәтижелері мен зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдаланудың алғашқы қорытындылары туралы есеп берді
Эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус (COVID-19) індетіне байланысты БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің он алтыншы отырысы онлайн форматта өтті.
02.03.2021
Қазақстандықтар жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарын қалай пайдаланады?
2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын зейнетақы портфелін басқарушыға (ИПБ) аударуға 238 өтініш түсті. Аударымның жалпы сомасы 692 млн теңгеден асады. Орташа сомасы 3 млн теңге.
01.03.2021
БЖЗҚ салымшыларының тең жартысы өз жинақтарын интернет арқылы бақылайды
«БЖЗҚ» АҚ салымшыларды (алушыларды) өздерінің жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы хабардар ету бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отырады.
26.02.2021
Карантин кезіндегі БЖЗҚ байланыс орталығының жұмыс тәртібі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры карантин жағдайында халықтың және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «БЖЗҚ» АҚ 2021 жылғы 01 наурыздан 31 наурызға дейін «БЖЗҚ» АҚ байланыс орталығының жұмыс кестесі төмендегідей болатыны туралы хабарлайды
26.02.2021
БЖЗҚ салымшылары бір ай ішінде 4 миллионнан аса қызмет алды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тек қаңтар айында, яғни 01.01.2021-01.02.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 4,2 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе көп. Айта кету керек, өсім электрондық қызметтер бойынша да, БЖЗҚ филиалдарында тікелей көрсетілген қызметтер бойынша да болды.
25.02.2021
Егер біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса, не болады?
2021 жылдың 1 ақпанынан бастап БЖЗҚ уәкілетті оператор болып белгіленген банктерде ашылған салымшылардың арнайы шоттарына біржолғы зейнетақы төлемдерін аудара бастады.
24.02.2021
БЖЗҚ салымшылары басқарушы компанияларды таңдауда
2021 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын зейнетақы портфелін басқарушыға (ИПБ) аударуға 87 өтініш түсті. Аударымның жалпы сомасы 218,6 млн теңгеден асады.