21.04.2022
Бес жыл ішінде БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинақтарын 13,1 триллион теңгеге дейін қалай көбейтті?
2021 жылдың соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің enpf.kz корпоративтік сайтында Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2022-2026 жылдарға арналған жаңартылған Корпоративтік даму cтратегиясын жариялады. Ілкідегі Корпоративтік стратегия 2017 жылы бекітіліп,ондағы БЖЗҚ-ның 2021 жылға дейінгі кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттері орындалған болатын. Бүгінгі жарияланымда Қордың соңғы бес жылда атқарған жұмысына толығырақ тоқталамыз. Әрине, оның барлығын шағын мақалаға сыйғызу мүмкін емес, бірақ өткен жылдардағы ең есте қаларлық оқиғаларды атап кетелік.
19.04.2022
Кепілдік өтемақының талап етілмеген сомасы ҚДКБҚ-дан БЖЗҚ ашылған ЕЗЖ-ға аударылады
2022 жылдың 1 мамырынан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-да (ҚДКБҚ) бір жыл ішінде кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтем ақшасы БЖЗҚ-да депозит иелерінің атына ашылған ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) аударылатын болады.
18.04.2022
БЖЗҚ өз қызметтерінің 90 пайызын онлайн тәртібіне қалай ауыстырды?
Бес жыл – бұл айтарлықтай ұзақ мерзім емес. Алайда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осындай қысқа уақытта салымшылар мен алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, өз қызметтерінің едәуір бөлігін онлайн-кеңістікке көшірді. БЖЗҚ-ның түрлі қызметтерін дамытудың негізгі бағыттары Қордың 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясында жазылған болатын. Соған орай біз қызметкерлеріміздің қажырлы еңбегінің алдын ала қорытындысын жүргіземіз.
05.04.2022
БЖЗҚ тұрғын үй және емделу мақсатында 1,7 миллиондай өтінішті орындады
2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға 1 317 739 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.
01.04.2022
enpf.kz cайтындағы және БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте ақпаратты өзектендіру
2022 жылдың 31 наурызында 23 сағат 59 минутқа дейін уәкілетті операторлардан келіп түскен тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы өтініштерді өңдеудің аяқталуына байланысты enpf.kz сайты мен БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қолжетімді сома туралы ақпарат 1 сәуір операциялық күні бойы өзектендірілді.
31.03.2022
БЖЗҚ Байланыс орталығының жұмыс түзімі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылғы 01 сәуірден 30 сәуірге дейін «БЖЗҚ» АҚ Байланыс орталығының мынадай жұмыс кестесін хабарлайды:
жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.
31.03.2022
ҚР ҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы бір жыл ішінде 13,65% болды
2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ, инвестициялық қызметке 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланған.
30.03.2022
БЖЗҚ екі ай ішінде салымшыларға 6,6 миллион қызмет көрсетті
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың екі айында (01.01.2022-01.03.2022 аралығында) өз салымшыларына 6,6 миллион қызмет көрсетті.
28.03.2022
Инвестициялық табыс сомасы неліктен өзгеруде?
БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы мен алушысының зейнетақы жинақтары жеке зейнетақы шотына келіп түсетін жарналар мен есептелетін инвестициялық кірістен құралады.
28.03.2022
Екі ай ішінде БЖЗҚ салымшылары таза инвестициялық кіріс есебінен 522 миллиард теңгеден астам табыс тапты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 13,6 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.
25.03.2022
Жыл басынан бері қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 515 миллиард теңгеге көбейді
1 наурыздағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері
2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,6 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.03.2021ж. мен 01.03.2022ж. аралығындағы бір жыл ішінде бұл қаражат 965,5 млрд теңгеге немесе 7,7%, ал 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 515,1 млрд теңгеге немесе 3,9% ұлғайды.
24.03.2022
Төменгі жеткіліктілік шегі бойынша 2021 жылдың зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға тек 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін аударуға болады
БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделудің ақысын төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалануға құқылы.
24.03.2022
БЖЗҚ-дан жаңа опция – заңды тұлғаның кабинеті
БЖЗҚ зейнетақы қызметтерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады. Бұл жолы Қор ыңғайлы және уақтылы шығатын «Заңды тұлғаның кабинеті» деген жобаны іске қосты, бұл жоба жұмыс берушіге қызметкерлердің зейнетақы аударымдарын оңай әрі жеңіл аударуға мүмкіндік береді.
18.03.2022
Біржолғы зейнетақы төлемдерін қалай пайдалануға болады?
2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі өзгеріп, тиісінше тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) емделуге, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушыға аударуға қолжетімді қаражаттың өзгеретініне байланысты, біз жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар дайындадық.
16.03.2022
Құрметті салымшылар!
Тұрғын үй жағдайын жақсартуға зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін өтінім беруге қатысты қиындықтар туындаса, Сізге банктерге-уәкілетті операторларға, атап айтқанда «Отбасы банк», «Қазақстан Халық банкі», «Банк ЦентрКредит», «Altyn Bank», «Банк Фридом Қаржы Қазақстан» АҚ-ға хабарласу керек.
16.03.2022
2022 жылғы 19 наурыздағы және 26 наурыздағы сенбі күндері Байланыс орталығының жұмыс тәртібі туралы қосымша хабарлама
БЖЗҚ Байланыс орталығы 2022 жылғы 19 наурыздағы және 26 наурыздағы сенбі күндері сағат 9-00 мен 18-00 аралығында салымшылар мен алушыларға кеңес беру қызметін көрсету үшін қосымша жұмыс істейтін болады.
15.03.2022
БЖЗҚ жұмыс берушілер үшін жаңа опцияны енгізді
Зейнетақы қызметтерін ұсынуды жақсарту мақсатында БЖЗҚ «Заңды тұлғаның кабинеті» деген жаңа жобаны іске қосты, бұл жоба жұмыс берушіге қызметкерлердің зейнетақы аударымдарын оңай әрі жеңіл аударуға мүмкіндік береді.
11.03.2022
2022 жылдың 1 сәуірінен бастап біржолғы зейнетақы төлемдері қалай жүзеге асырылады?
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі (ТЖШ) күшіне енеді. Бұған дейін Президент Қасымжомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №875 қаулысымен 2021 жылға есептелген ТЖШ қолдану мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды.
09.03.2022
БЖЗҚ-ның қандай қызметтерін жеке куәліксіз алуға болады?
БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) көрсетілетін цифрлық қызметтер желісін кеңейтуде. Бүгінде жеке зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан жеке куәліксіз алуға болады. Ол үшін еGovMobile мобильді қосымшасында жеке куәліктің цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.
03.03.2022
2021 жылдың қаңтар айынан бастап БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалану үшін 1 миллионнан астам өтінішті орындады
2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 867 853 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,7 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 3,1 млн теңге.