28.03.2016
БЖЗҚ-ның ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен міндетті медициналық сақтандыру жобасы бойынша жұмыс барысындағы кездесуі
Алматы қаласында 24-25 наурызда БЖЗҚ-ның орталық кеңсесінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдерімен зейнетақымен қамсыздандыру саласында ақпараттық технологияларды ендіру мен дамыту бойынша тәжірибе алмасу үшін жұмыс барысындағы кездесу өтті.
28.03.2016
2016 1 наурыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері
01.03.2016ж. жағдай бойынша зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша шарттардың жалпы саны 10,1 млн., оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны шамамен 9,7 млн болды.
18.03.2016
БЖЗҚ «Наурыз Аруы» фотоконкурс жеңімпаздарын құттықтады!
БЖЗҚ ырыс пен берекенің арқауы болған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өту барысында Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы Орталық аппарат пен филиалдардың жас мамандары арасында «Наурыз аруы» шығармашылық фотоконкурсын өткізді.
05.03.2016
Алматы қ. филиалының Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы қызмет көрсету орталығы көшірілді.
Құрметті салымшылар!
Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 01.03.2016 жылдан бастап Алматы обл., Шонжы а., Уйғыр ауданы, Ахмет Қадыров к-сі, 37А көшесіндегі Шонжы ауылындағы қызмет көрсету орталығының Алматы обл., Шонжы а., Ұйғыр ауд., Құдайбергенов к-сі, 60-үйдегі Мемлекеттік табыс басқармасының үй-жайына көшірілгені туралы хабарлаймыз.
03.03.2016
CFO саммиті: дәулетті кәрілікке қалай қор жинаймыз?
2016 жылғы 3 наурызда Алматыда қаржы блогының басшылары мен топ-менеджерлеріне арналған жыл сайынғы CFO Idea Exchange & Networking Event саммиті өтті, онда ҚР қаржы саласын дамыту болашағы, соңғы өзгерістер, ұстанымдар мен жаңалықтар, сондай-ақ еліміздің экономикасының өзекті мәселелері талқыланды.
24.02.2016
БЖЗҚ Басқарма Төрағасының Қазақ Радиосындағы эксклюзивті сұқбаты
24.02.2016
2016 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-ның ағымдағы көрсеткіштері
2016 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 9 688 311 бірлікке жетті, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 392 903 бірлік, ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 39 912 бірлік болды.
24.02.2016
Кар-Тел ЖШС жабдықтарына жоспарлы жұмыс жүргізу
Құрметті салымшылар!
Сіздерге Кар-Тел ЖШС жабдықтарына жоспарлы жұмыс жүргізуге байланысты 25.02.2016 жылы сағ. 00:30 бастап 25.02.2016 жылғы 08:00-ге дейін қысқа смс нөмірлеріне қызмет көрсету көрсетілген уақыт аралығында толық тоқтатылатыны туралы хабарлаймыз.
23.02.2016
«БЖЗҚ» АҚ міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару шараларының 2016 жылғы 18 ақпанда басталып, 2016 жылғы 10 тамызда аяқталатыны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен тиісті уәкілетті мелмекеттік органдар келіскен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №974 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілердің
19.02.2016
БЖЗҚ-да журналистермен кездесу өтті
2016 жылғы 19 ақпанда «БЖЗҚ» АҚ Орталық аппаратында ҚОР басшылығымен БАҚ өкілдерінің кездесуі өтті, онда Қор қызметінің негізгі көрсеткіштері ұсынылды.
17.02.2016
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлғалар туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтік негіздерін анықтайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты конституциялық құқығын іске асыруға мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын реттейді.
17.02.2016
Назар Аударыңыз! Жалған ақпарат!
БЖЗҚ WhatsApp арқылы таратылған 2016 жылғы 1 наурызға дейін белгілі бір жастағы азаматтарға Қордан жасалатын біржолғы сақтандыру төлемдері туралы хабарлама шындыққа жанаспайтынын және азаматтарды адастыратынын хабарлайды.
15.02.2016
«БЖЗҚ» АҚ Басқармасының құрамындағы өзгерістер
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (12.02.2016 жылғы №1 хаттама) бұрын Басқарушы директор болған Медетбеков Дабыр Турсынгазинович «БЖЗҚ» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
09.02.2016
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2015 жыл қорытындысын шығарды
Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 5,83 трлн. теңге. 2015 жылдың 12 айында түскен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы – 657,6 млрд. теңге.
08.02.2016
Мемлекеттік қызмет істері министрлігіндегі жұмыс кездесуі
Астана қаласында БЖЗҚ басшылығы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің қызметкерлері кездесті, оған ҚР Ішкі істер министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері қатысты.
05.02.2016
БЖЗҚ салымшыларды міндетті хабарландыру науқанын жүргізуде
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңын орындау аясында БЖЗҚ қазір 2015 жыл қорытындысы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы салымшыларды (алушыларды) жыл сайынғы міндетті хабарландыру науқанын жүргізуде.
04.02.2016
БЖЗҚ салымшылардың барлық санатына сервистік қызмет көрсетудің ұтымды арналарын дамытуда
БЖЗҚ өзінің күнделікті қызметінде әрбір салымшыға қамқор бола отырып, хабарлау мен сервистік қызмет көрсетудің барынша ұтымды әрі ыңғайлы арналарын дамытуға ұмтылуда.
01.02.2016
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы есеп ұсынды
«БЖЗҚ» АҚ ресми сайтына 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтері есебінен құралған инвестициялық қоржын құрылымын орналастырды.
01.02.2016
БЖЗҚ демалыссыз жұмыс істейді.
БЖЗҚ сайлау алдындағы науқан жүргізілетін кезеңде депутаттықтан үміткерлерге жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме кіретін құжаттар жинауға көмектесу мақсатында барлық БЖЗҚ бөлімшелерінің өз жұмысын сағат 19.00-ге дейін ұзартып, демалыссыз таңертеңгі сағат 9.00-ден бастап жұмыс істейтінін хабарлайды. Кеңселер мекенжайын www.enpf.kz сайтынан білуге болады.
25.01.2016
«БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалының 14 маманы 2016 жылғы 14 қаңтарда «Қан тапсыр, өзгеге үміт сыйла!» акциясына қатысты
«БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалының 14 маманы 2016 жылғы 14 қаңтарда Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» өткізген «Қан тапсыр, өзгеге үміт сыйла!» акциясына қатысты.