15.10.2019
2019 жылы 130 астам журналист зейнетақы жүйесі туралы білімдерін жетілдіріп, сертификаттар алды
«БЖЗҚ» АҚ стратегиялық міндеттерінің бірі – халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізу. Аталмыш шара қаржылық сауаттылықты, БЖЗҚ-ның көрсететін қызметтері, зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметтің нәтижелері, дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған.
11.10.2019
БЖЗҚ өзінің географиясын кеңейтіп жатыр
Тағы 126 елдімекеннің тұрғындары БЖЗҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы алуға қол жеткізді
02.10.2019
БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді
Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және «БЖЗҚ» АҚ-тың 2018 жылы атқарған қызметіне қатысты сенімсіз, жалған ақпараттар тарап кетті. Азаматтар үшін анық, шынайы ақпараттың қажеттілігін ескере отырып, «БЖЗҚ» АҚ мына мәліметтерді хабарлайды
26.09.2019
Ақпарат
Қазіргі уақытта 26.09.2019ж. 18 сағат 00 минутта Алматы қ. Бостандық аудандық сотында «БЖЗҚ» АҚ қатысуымен сот отырысы өтетіндігі туралы ақпарат тарап жатыр
23.09.2019
Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау!
Биыл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Жастар жылы аясында 7 қазан мен 1 қараша аралығында қазақстандық жоғары оқу орындары бакалавриатының студенттері арасында - «Болашағың өз қолыңда!/Твоё будущее в твоих руках!» атты тақырыпта студенттік жобалар байқауын ұйымдастырады
20.09.2019
«БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»
«Ашық есік күні» Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін дәстүрлі түрде өткізілуде. Бүгін халықпен кезекті кездесу өтті, ал басты күн тәртібіндегі тақырып – «Ерікті зейнетақы жарналары»
19.09.2019
Зейнет жасындағы табысты алмастыру коэффициенті әлемдік стандарттарға сәйкес келеді
Қазақстанда зейнетақы жүйесінің көпдеңгейлі моделі жұмыс істейді
17.09.2019
БЖЗҚ шығындарға қатысты ақпаратқа түсініктеме береді
Аудиттелген қаржы есептілігінің деректеріне сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 2018 жылғы әкімшілік шығындары, оған негізгі құрал-жабдықтардың өтемпұлы, орын-жайларды жалға алу, бағдарламалық жасақтамалар, көлік, қауіпсіздік, еңбекақы төлеу, іс-сапар, ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ телекоммуникациялық, пошталық, коммуналдық және басқа да қызметтерге қатысты шығындарды қосқанда 12,2 млрд теңгені құрады
16.09.2019
Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту
2019 жылдың 1 қаңтарына қарай салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бірлікті құрады
12.09.2019
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады
2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00-де БЖЗҚ-ның барлық филиалында «Ашық есік күнін» өткізеді
09.09.2019
«БЖЗҚ» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 12-ші отырысы болды
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы «БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың алғашқы жартысындағы қызметі туралы есептемені тыңдаумен басталды
03.09.2019
Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшысы (алушысы)!
2019 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауында отандық зейнетақы жүйесіне ерекше көңіл бөлінген еді. Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ мынаны хабарлайды
03.09.2019
Ұялы қосымшаның жаңа мүмкіндіктері
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылар мен алушыларға арналған ұялы қосымшасы қолдануға барынша ыңғайлы бола түсті
02.09.2019
БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебін өткізеді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі аясында осымен алтыншы рет БАҚ өкілдері, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері үшін мемлекеттік тілде қарқынды оқыту курсын өткізеді. Бұл жолғы курс тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар»
28.08.2019
БЖЗҚ: Зиянды жұмыс атқаратындар үшін аударылған жарналар есебінен төлемдер беріліп жатыр
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – бұл жұмыс жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдар үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) аударылатын жарна
27.08.2019
Қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі Ақтөбе қаласында!
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылдың 12 және 13 қыркүйегінде қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі аясында Ақтөбе қаласында «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар» тақырыбы бойынша мемлекеттік тілде қарқынды оқыту курсын өткізеді
22.08.2019
Әрқашан байланыста бол!
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ күн сайын өз салымшылары үшін қызметтерді жақсартуды жалғастыруда
21.08.2019
Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшысы (алушысы)!
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, БЖЗҚ-ның және басқа да қорлардың активтерін сенімгер басқарушы ретінде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ жалпы сомасы 40,0 млрд теңге болатын (KZ2C00005866) 15 жылдық облигацияларын орналастыру бойынша 20 тамызда Қазақстан қор биржасында өткен сауда-саттыққа қатысқан жоқ
20.08.2019
Хабарландыру
«БЖЗҚ» АҚ қазір 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнет жасына толған немесе толатын салымшылардың (алушылардың) электрондық мекенжайларына SMS және e-mail жіберілімдер жолданатынын хабарлайды
15.08.2019
2019 жылдың 1 тамызына қарай БЖЗҚ-ның негізгі көрсеткіштері
2019 жылдың 1 тамызына қарай жарналардың барлық түрі бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,17 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 8 пайызға, ал бір жыл ішінде 1,6 трлн теңгеге немесе 19 пайызға өсті