04.02.2016
БЖЗҚ салымшылардың барлық санатына сервистік қызмет көрсетудің ұтымды арналарын дамытуда
БЖЗҚ өзінің күнделікті қызметінде әрбір салымшыға қамқор бола отырып, хабарлау мен сервистік қызмет көрсетудің барынша ұтымды әрі ыңғайлы арналарын дамытуға ұмтылуда.
01.02.2016
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы есеп ұсынды
«БЖЗҚ» АҚ ресми сайтына 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтері есебінен құралған инвестициялық қоржын құрылымын орналастырды.
01.02.2016
БЖЗҚ демалыссыз жұмыс істейді.
БЖЗҚ сайлау алдындағы науқан жүргізілетін кезеңде депутаттықтан үміткерлерге жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме кіретін құжаттар жинауға көмектесу мақсатында барлық БЖЗҚ бөлімшелерінің өз жұмысын сағат 19.00-ге дейін ұзартып, демалыссыз таңертеңгі сағат 9.00-ден бастап жұмыс істейтінін хабарлайды. Кеңселер мекенжайын www.enpf.kz сайтынан білуге болады.
25.01.2016
«БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалының 14 маманы 2016 жылғы 14 қаңтарда «Қан тапсыр, өзгеге үміт сыйла!» акциясына қатысты
«БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалының 14 маманы 2016 жылғы 14 қаңтарда Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» өткізген «Қан тапсыр, өзгеге үміт сыйла!» акциясына қатысты.
08.01.2016
2016 жылдан бастап БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін өтініштер бланкілерінің жаңа нысандары күшіне енеді.
Бланкілердің жаңа нысандары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеуге арналған бланкілердің 2015 жылғы үлгілері Бланкілердің жаңа нысандары күшіне енген сәтте жарамсыз болып табылады.
24.12.2015
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуетті құрылымдар қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудағы өзгерістер бойынша БЖЗҚ түсіндірмесі
Әлеуетті құрылымдар қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жаңғырту аясында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап оларды толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстыру көзделді.
21.12.2015
11 айдағы таза инвестициялық табыс сомасы 632 млрд. теңгеден асып түсті
2015 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы –5,64 трлн. теңге. Шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары (бұдан әрі – ЖЗШ) 10 103 576 бірлікке жетті, оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша шарттар – 60,6 млрд.
30.11.2015
2015 жылғы 1 қарашада ENPF ұялы қосымшасынан 82 000 жүктеп алу тіркелген
Хабарлаудың электрондық тәсілдерінің танымалдылығы артып келеді. 2015 жылғы 1 қарашада 1 миллионнан астам адам жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жағдайы туралы ақпарат алу тәсілі ретінде Интернет-хабарлауды таңдаған.
24.11.2015
«БЖЗҚ» АҚ-ның комиссиялық сыйақысы төмендеді
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының көлемін инвестициялық табыстан 30%-ға және зейнетақы активтерінен 10%-ға төмендету туралы шешім қабылданды. Бұрын (2014-2015 жылдары) БЖЗҚ комиссиялық сыйақысының көлемі инвестициялық табыстың 7,5% және зейнетақы активтерінің 0,025% құраған.
03.11.2015
2015 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 10%-дан астыл
2015 жылғы 1 қаңтар – 31 қазан аралығындағы кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 10,2%-ды құрады.
16.10.2015
БЖЗҚ ХЗӘҚҚ-ға кірді
Варна, Болгария, 2015 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Респбуликасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығына (ХЗӘҚҚ) толыққанды мүше ретінде қабылданды.
04.08.2015
Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2030 жылға дейінгі зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (әрі қарай – Заң) қол қойды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды. Заң жобасы мыналарды көздейді: 1. Базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгерту
20.07.2015
2015 жылғы 1 шілдедегі БЖЗҚ қызметінің қорытындысы
2015 жылдың бірінші жарты жылындағы таза инвестициялық табыс сомасы – 141,41 млрд. теңге. Биылғы жылдың 1 шілдесінде шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) – 10 043 572 бірлік. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 4,92 трлн. теңгеден астам.
14.07.2015
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты зейнетақы заңнамасына өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады
2015 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты «Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.
30.06.2015
2015 жылғы 1 маусымға БЖЗҚ қызметінің қорытындысы
2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қызметті қосқан кезден бастап (2015 жылғы ақпан), e-gov электрондық үкімет порталы арқылы салымшылар (алушылар) инвестициялық табыс есебімен инвестициялық жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат қамтылған 26 000 астам үзінді көшірмелер алды.
09.06.2015
«БЖЗҚ» АҚ Басқармасының жаңа құрамы сайланды
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «БЖЗҚ» АҚ Басқармасының жаңа құрамы сайланды (03.06.2015ж. №2 хаттама).
27.05.2015
2015 жылдың сәуір айындағы БЖЗҚ қызметінің қорытындысы
2015 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қызметті іске қосқан сәттен бастап (2015 жылғы ақпан) e-gov электрондық үкімет порталы арқылы салымшылар (алушылар) инвестициялық табысы қоса есептелген өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараты бар 20 000-нан астам үзінді көшірмені алды.
27.04.2015
2015 жылдың наурыз айындағы БЖЗҚ қызметінің қорытындысы
Биылғы жылдың 1 сәуірінде БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны барлық шарт түрі бойынша 9 986 467 бірлікті құрады. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4,7 трлн. теңгеден асып түсті. 2015 жылдың бірінші тоқсанында БЖЗҚ алып, салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-ына бөлінген инвестициялық табыс – 58,25 млрд. теңге.
30.03.2015
БЖЗҚ: алғашқы жылдың жұмыс қорытындылары және даму перспективалары
2015 жылғы 26 наурызда жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктірудің негізгі кезеңінің аяқталғанына тура бір жыл толды. Зейнетақы активтерін өткізу толық көлемде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Кестеге қатаң сәйкестікте өтті. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін жаңғырту және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын сақтау, әрі көбейту, зейнетақы активтерін сенімді және табысы мол қаржы құралдарына, соның ішінде ұлттық экономикаға инвестициялау арқылы басқару тиімділігін арттыруды мақсат етіп қояды.
19.03.2015
2015 жылы зейнетақы төлемдерін алу тәртібі мен мөлшері туралы
Салымшы (алушы) жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде (әйелдер – 58 жас, ерлер – 63 жас) міндетті зейнетақы жарналары есебінен кесте бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш ресімдеу үшін БЖЗҚ-ның жақын орналасқан кеңсесіне өтініш білдіруі тиіс.